Сабақтың түрі: сайыс сабақ. Сабақ әдісі: Топ бойынша жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: слайд



бет1/2
Дата30.05.2017
өлшемі148,13 Kb.
түріСабақ
  1   2
Мақсаты: Оқушылардың математика пәні бойынша танымын,ұғымын арттыру,байыту.

Математикалық терминдердің мағынасын аша отырып,оқушылардың есеп шығару дағдыларын шыңдау.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақ әдісі: Топ бойынша жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайд

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды екі топқа бөліп,алдарына бүгінгі сабақтың жоспары беріледі.

Математикалық сайыстың бағдарламасында:

1.Топтардың таныстыруы.

2.Сұрақ-жауап.

3. «Математикалық терминдер» сайысы.

4.Капитандар сайысы. «Шахмат» ойыны.

5. «Ғажайып төрттік» саяхат.

6.Есепке кім жүйрік?

7.Үй тапсырмасы. (Өз өнерлері.)

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Үлкен кеме,үлкен саяхат» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат.Сол азамат бойында тапқырлықты,алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. «Білімді азамат-ел ертеңі», «Білікті бірді,білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар.Бүгінгі білім сайысына 9-сынып оқушылары қатысқалы тұр.

Жүргізуші:

Шақырамыз келіңдер жарысуға,

Күш-өнер,білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық,ортамызға

Ал қанеки,кім шығады сайысуға?

Жүргізуші:

Ал,қанеки сайыста біз бастайық,

Өзімізді таныстырып тастайық,-деп сөз кезегін әр топқа береміз.

1.Топтардың таныстыруы. (Онда әр топ өздерін таныстырады.)

2.Сұрақ-жауап. (Онда әр топқа 10 сұрақтан беріледі,әрбір дұрыс жауап 1 балдан)

1.Екі вектор тең болады,егер............ (олар бағыттас және ұзындықтары тең болса)

2.Дәлелдеусіз қабылданатын тұжырым? (аксиома)

3.

4.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы? (1800)

5.Екі жағы шектелген түзу? (кесінді)

6.Бұрышты қақ бөлетін сәуле. (биссектриса)

7.Барлық қабырғалары тең параллелограмм. (ромб)

8.Қарсы катеттің іргелес катетке қатынасы? (tg)

9. ах2+вх+с=0 түріндегі теңдеу. (квадрат теңдеу)

10.Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер. (перпендикуляр)

1.Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы қатынасты өрнектейтін теореманы ашқан кім? (Пифагор)

2.Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (теорема)

3.у=ах2+вх+с функциясы қалай аталады? (квадраттық функция)

4.Барлық қабырғалары тең ұшбұрыш. (тең қабырғалы)

5.Бағытталған кесінді? (вектор)

6.Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда? (диаметр)

7.Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш. (квадрат)

8.Іргелес катеттің гипотенузаға қатынасы? (cos)

9.Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? (хорда)

10. π-дің жуық сан мәні? (3,14)

3. «Математикалық терминдер» сайысы. (Онда әр топқа 1 термин сөз беріледі,әрбір дұрыс жауап 1 балдан)

Экранда математикалық термин көрсетілген.Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әріпінен басталуы және математикаға қатысты болуы керек.Қай топ көп жазады,әрбір термин 1 балмен бағаланады.

1-топ: Гипотенуза,...........,...............,

2-топ: Катет,................,...............,

4.Капитандар сайысы. «Шахмат» ойыны. (Онда әр топқа кестеде сөздер беріледі оны құрап шығу керек.)

Мына суретте шахмат тақтасының бір бөлігі кескінделген.Шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқығанда қазақ математиктерінің қанатты сөздері шығады.

да

математика

қамқоршысы

бастаушысы

жанашыры

де

сан

жаңалықтары

ғылымның

іргетасы

химия

физика

«Сан-математика ғылымының іргетасы».Бұл қанатты сөзді айтқан Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков-физика-математика ғылымының қазақ арасынан шыққан тұңғыш докторы.220-дай еңбегі жарияланған.

жоқ

із

ия

де

теориясы

да

кесуде

идеясы

сызықтар

жатыр

бар

графтар

«Із кесуде-графтар теориясы жатыр».Бұл қанатты сөзді айтқан Жаңбырбаев Бегалы Сәдуақасұлы.Қазақтың үздік математиктерінің бірі.30-дан астам еңбектері бар.

5. «Ғажайып төрттікке» саяхат.

Сандар сырына саяхат.

20

30

40

50

Теориялық кіріспеге саяхат.

20

30

40

50

Логикалық есептерге саяхат.

20

30

40

50

Қазақтың байырғы есептеріне саяхат.

20

30

40

50

1.Сандар сырына саяхат.

20 балл. Үш би.

Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би.

30 балл. Жеті жарғы.

Тәуке хан тұсындағы жазылған әдет-құқықтық заң.Онда жер дауы,мал дауы,жан дауы,жесір дауы,құн дауы,мүлік дауы,билік дауы.

40 балл. Жеті ата.

Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.

50 балл. Жеті ырыс.

Адамның ақыл-ойы мен сана-сезім,денсаулық,ақ жаулық,бала,көңіл,жер,ит.

2.Теориялық кіріспеге саяхат.

20 балл.Вектор қай тілден шыққан?

Латын bector- «көшіруші,тасымалдаушы»

30 балл. Қарама-қарсы векторлар дегеніміз не?

Егер екі вектор коллинеар,бірақ бағыттас болмаса,онда мұндай векторлар бағыттары қарама-қарсы векторлар деп аталады.

40 балл. Жазықтықты түрлендіру дегеніміз не?

Жазықтықты өзін-өзіне бейнелейтін өзара бірмәнді сәйкестік жазықтықты түрлендіру деп аталады.

50 балл .

Осы векторлардың ұзындықтарын олардың арасындағы бұрыштың косинусына көбейткендегі көбейтіндіні айтады.

3.Логикалық есептерге саяхат.

20 балл. 7 санымен аяқталатын сан берілген.Ол 300-ден артық та,310-нан кем.Берілген санды тап. 307

30 балл. Ешқандай арифметикалық амал қолданбай 666 санын бір жарым есе арттыр. 999

40 балл. Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады.Ол қанша жаста? Үште

50 балл. Екінші ыдыстағысүттің мөлшері біріншіге қарағанда 2 есе артық.Екі ыдыстан 10 литрден сүт құйып алғанда,екінші ыдыстағы бірінші ыдыстағыға қарағанда 3 есе артық болды.Екі ыдыстағы сүт неше литрден. 20л,40л

4.Қазақтың байырғы есептеріне саяхат.

20 балл. Бөлтірік шешен үшеуі.Ауылдас біреу мынадай әңгімесін айтады:-Түн ортасында бір атты адам үй тұсына келіп, «Кім бар-ау,құдайы қонақпыз» деді.Нешеусің деп едім, «үшеуміз» деді.Үшеу болсаң басқа үйге барып қон дедім.Кетіп қалды.Ертеңіне білдім,ит ерткен бір-ақ адам екен.Үшеуміз дегені несі?

Бөлтірікке құдайы қонақтың үшеуміз дегені,-өзіме бір аяқ ас,атыма бір бау шөп,итіме сүйемдей бір сүйек керек дегені екен,-деп түсіндіріпті пайымшыл ауылдасы аңғал көршісіне.

30 балл. Өрістегі жылқы.Барлық жылқының үштен бірін және екеуі бөлініп алынды.Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті.Сонда өрісте 9 жылқы қалды.Баста неше жылқы болды? 18 жылқы

40 балл. Қыңырдың жасы.Есепке құмар бір кісі қыңырдан жасың нешеде?-деп сұрапты.Сонда ол:-Менің 3 жылдан кейінгі жасымды үш еселеңіз.Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз.Сонда менің жасымды табасыз.Ол кісі нешеде? 18-де.Шешуі.Қыңырдың қазіргі жасын х десек,есеп шарты бойынша:

3(х+3)-3(х-3)=3х+9-3х+9=18

50 балл. Еншілес жігіттер ешкілері.Ағайынды үш жігіттің он-оннан 30 ешкісі бар.Кенжесінің 10 ешкісі 10 лақ,ортаншысының 10 ешкісі екі еннен 20 лақ,ал үлкенінің 10 ешкісі үш еннен 30 лақ туады.Үш жігіт ешкілер мен лақтарды тең етіп бөліп алуды ұйғарды.Лақтарды енесінен айыруға болмайтын болса,қалай бөлеміз?

Кішісі-жалқы лақты 2 ешкі,егіз лақты 6 ешкі,үш енді 2 ешкі,ортаншысы мен үлкені-жалқы лақты 4 ешкі,қос лақты қос ешкі,үш лақты 4 ешкіден алды.

6.Есепке кім жүйрік? (Онда әр топқа 3-есептен беріледі,әрбір дұрыс жауап 5 балл.Есепті шығару жолмен көрсету керек.)

1.Теңдеулер жүйесін шешіңдер:

2.Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:

3.



1.Теңдеулер жүйесін шешіңдер:

2.Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:

3.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет