Сабақтың тақырыбы:Жолың болсын балақай! Сабақтың мақсаты:
Жолда жүру ережелерін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жолың болсын балақай» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер!
Арманға алда күткен асығамыз
Біз қалай толқын атпай басылармыз
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз- дей келе тәрбие сағатымызды бастаймыз.3 топқа бөлінеміз.
№1 «Қызылдар» тобы №2 «Сарылар» тобы №3 «Жасылдар» тобы
Алдымен сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Таныстыру (топ басшысы тобын таныстырады)
Викториналық сұрақтар!
Сен білесің бе? (әр топ өздеріне белгіленген жол белгілері бойынша сөйлейді)