Тәрбие сағатының тақырыбы: «Біз таза қала үшін»
Мақсаты: Оқушыларға қоршаған орта жайлы білім беру, табиғат адамзаттың еңбек етіп, өмір сүретін ортасы екендігін түсіндіру. Оқушылардың қоршаған орта, табиғат жайлы білімдерін кеңейту, табиғатқа деген жанашырлықтарын арттыру. Шығармашылық ізденіс арқылы жергілікті жердің табиғатын оқып, үйренуге дағдыландыру. Табиғаттың байлығын бағалай білуге табиғатты сүюге, туған жер табиғатын қорғауға аялай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қанатты сөздер.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: ой-қозғау, шығармашылық ізденіс, мақал-мәтел, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Табиғатты адамзат аялаған
Егін егіп мал бағып саялаған
Қарасындай көзінің қорғай жүріп
Қамқорлықты ешқашан аямаған
Табиғат – күллі тіршілік атаулысының құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа су жер ортақ сондықтан жердің қадірін байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау баршамыздың міндетіміз. Бүгінгі табиғатты қорғауға арналған таза болса табиғат, аман болар адамзат тақырыбындағы тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Ой-қозғау. Табиғат дегеніміз не?
Табиғат байлықтарына не жатады?
Біз қай ғаламшарда өмір сүреміз?
Жиырма екінші сәуір қандай күн?
Табиғаттың тазалығын сақтау үшін табиғат байлықтарын қорғау үшін не істеуіміз керек?
Сендер қандай үлес қосып жатырсыңдар?
Экология дегеніміз не?
Табиғат тазалығын сақтау үшін қандай үлес қосып жатырсыңдар?
Шығармашылық ізденіс. Табиғатты тарылтпайық.
Балалар өздері білесіңдер сенбі күні сенбілік жасаймыз. Осыған орай бәріміз жаппай атсалысайық.
Табиғат жайында мақалдар айту.
Тазалық – саулық негізі
Саулық – байлық негізі.
Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.
Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.
Бір тал кессең, он тал ек.
Жұмысы жемістінің – өмірі келісті.
Маңдайы терлемегеннің
Қазаны қайнамайды.
Көрініс аясындағы сот.
Сұрақ-жауап
1962 жылы 16 маусымда қазақ КСРО жоғарғы кеңесі Президиумының Қазақстан табиғатын қорғау туралы жарлығы шықты.
Қазақстанда он қорық бар. Жануарларға арналған қызыл кітап 1978 жылы өсімдіктерге арналған Қызыл кітап 1981 жылы жарық көрді.
Қазақстан Республикасы Президентінің ҚР 2004 – 2015 жылдарына арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы жарлығы 2003 жылы 3 желтоқсан Астанада қабылданды.
1918 жылы өзінде ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырылды.
Қорытынды.
ҚР Конституциясының 38 бабында ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарынан ұқыпты қарауға міндетті делінген.
Көз алдымда жатты қайран сұлулар
Қайта оларды тірілтетін кімің бар
Ей, адамдар тағыларға жем етпей
Сұлулықтың күзетінді тұрыңдар, - дей келе тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.