3 Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау (20 мин)
а) Студенттердің білім деңгейін есеппен бақылау /10 мин./
б ) Студенттердің білім деңгейін тестпен бақылау /10 мин./
4 Баға қою және түсінік беру (2-3 мин) – Үй тапсырмасы бойынша және тақырыпқа сай берілген тест жинағы бойынша алған білімдерін бағалау.
Бағалау критерийлері
№
|
Студенттің аты-жөні
|
Үй жұмысын орында
|
Дұрыс орында
|
Қоры
тынды баға
|
Есеп
|
Тест
|
Сәйкес
тігін белгіле
|
Сиқыр
лы пернелер
|
Электрон
ды оқулықпен жұмыс
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (25-30мин);
Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:
«Компьютер» сөзі «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Мәліметтерді өңдеуді, соның ішінде есептеулерді автоматтандыру қажеттігі бұрында-ақ туындаған. Мыңдаған жылдар бұрын есеп таяқшалары, майда тастар пайдаланатын. 1500 жылдан астам уақыт бұрын есептеулерді оңайлату үшін есеп шоттары қолданыла бастады.
Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-I» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды. Компьютерлердің алдыңғы буындары шамдық есептеуіш машиналар болатын, олардың орнын транзисторлы электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ), содан кейін – интегралды сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ және ең ақырында, қазіргі аңда аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ басты.
Қазіргі кезде компьютерлермен есептеулер жүргізіп қана қоймайды, баспаға кітаптар әзірленеді, музыка, суреттер, кинофильмдер жасалады, заводтар мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге асырылады және т.б.
Қазіргі заманғы компьютер – бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.
Бүгінде компьютерлердің бесінші буыны ЭЕМ-нің суперкомпьютерлер, мейнфреймдер, серверлер және дербес компьютерлер сияқты негізгі түрлерін ұсынады.
Алғаш дербес компьютер, яғни жеке пайдалануға арналған компьютерді 1981 жылы IBM фирмасы ұсынды.
Сабақтың тезистері:
Дербес компьютер жайлы мағлұмат;
ДК-нің негізгі құрылғылары.
Достарыңызбен бөлісу: |