2018-2019 оқу жылы Тақырыбы: «Төл теңгеміз тірегіміз»
Мақсаты: Оқушыларға ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау.
Көрнекілігі: «Ұлттық теңге мәртебесі» тақырыбындағы арнайы шағын көрме, баяндамалар, ребус, буклеттер, сауалнама, деңгей тапсырмалары.
Сабақтың түрі: Танымдық шара.
Сабақтың барысы: Оқушыларды түгендеу, оқушыларадың назарын сабаққа аудару.
Оқушыларда үш топқа бөлу. «Теңге», «доллар», «евро».
Оқушылардың баяндамалары.
Деңгей тапсырмалары.
Сауалнама.
Үздік шығарма жазған оқушыларды марапаттау.
Белсене қатысқан топтарды марапаттау
Қорытынды сөз.
Жетекші сөзі: Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. «Банкнот фабрикасының құрметті қонақтар» кітабында ол ашылған күн – 1995 жылы 19 мамырда ҚР президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: «Біздің еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің жарқын туындысы – біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін»,-деген болатын. Оқушылар 15 қараша қандай күн? Білесіздер ме? 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық теңге күні болып есептелінеді. Олай болса бүгінгі біздің танымдық тәрбие сағатына «Жас қалам», «Жалын», «Би студиясы» клубтарының оқушылары 3 топқа бөлініп, бірнеше тапсырмаларды орындайтын боламыз.
1-топ «Теңге» - «Жас қалам»;
2-топ «Доллар» - «Би студиясы»;
3-топ «Евро» - «Жалын».