Білім алушы меңгеруі қажет: - науқасты жалпы қарау;
- лимфа түйіндерінің пальпациясын.
-Глюкозометр қолдану тәсілдері;
- ИМТ-ні тексеру.
2. Тәрбиелік - білім алушылардың пәнге деген ынтасын арттыру,өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру;
- білім алушыларға кәсіби мінез құлықтарды: адалдық,шыншыл, ісіндегі ұқыптылық, дәрігер тағайындауын орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу;
- науқастарға мейірімді, зейінді, елгезек болуға қалыптастыру;
-медицина қызметкерлерінің бір-бірімен қарым-қатынас орнатуды қалыптастыру;
3.Дамытушылық: - білім алушылар танымдық жұмыстарын белсендендіріп, тыңдай және есінде сақтай алуға ұмтылу, кәсіби,логикалық ойлау қабілетін дамытуға, яғни өз жауаптарын талдап, нақтылап, жоспарлап айту, шешім қабылдауға қалыптастыру;
- өз күшіне сенімді болып, жеке тұлға ретінде дамыту.