* Тиреотоксикоз кезінде ТТГ концентрациясы төмен болуы қажет ((< 0.1 мЕ/л), қан сарысуындағы свТ4 және свТ3 құрамы жоғары (деңгей А).
Кейбір науқастарда қандағы тиреоидті гормондардың концентрациясының бір уақытта көтерілуінсіз ТТГ деңгейінің төмендеуі байқалады (деңгей А). Мұндай жағдай субклиникалық тиреотоксикоз деп бағаланады, егер ол басқа себептерге байланысты болмаса (дәрілік заттарды қабылдау, ауыр тиреоидті емес аурулар). свТ4 жоғары көрсеткіштері кезінде ТТГ қалыпты немесе жоғары деңгейі гипофиздің ТТГ-продуциялаушы аденомасына, немесе гипофиздің тиреоидті гормондарға таңдамалы төзімділігіне нұсқауы мүмкін. рТТГ-ге антиденелер аутоиммунды тиреотоксикозды науқастардың 99-100% анықталады (деңгей В). Ауруды емдеу немесе күтілмеген ремиссиясы барысында антиденелер төмендеуі, мүлдем жоғалуы (деңгей А) немесе бұғаттаушы қасиеттерге ие болып, өздерінің функционалдық белсенділігін өзгертуі мүмкін (деңгей Д).
ТГ және ТПО антиденелері аутоиммунды уытты зобпен ауыратындардың 40-60% анықталады (деңгей В). Аутоиммунды текті емес ҚБ-гі қабынушы және деструктивті процесстерде антиденелер болуы мүмкін, бірақ кішкентай көлемде (деңгей С).
ДТЗ диагностикалау үшін ТПО және ТГ –ге антиденелердің деңгейін күнделікті анықтау ұсынылмайды (деңгей В). ПТО және ТГ-ге антиденелерді анықтау тек аутоиммунды және аутоиммунды емес тиреотоксикозды дифференциялды диагностикалау үшін ғана жүргізіледі [5].