Диагностикалық өлшемшарттар Шағымдар және анамнез: Шағымдар:
· күйгелектік;
· тершеңдік;
· жүрек соғысы;
· жоғары шаршаңқылық;
· көтеріңкі тәбет және соған қарамастан арықтау;
· жалпы әлсіздік;
· эмоционалды құбылмалылық;
· демікпе;
· ұйқының бұзылуы, кейде ұйқысыздық;
· қоршаған ортаның жоғары температурасын төзе алмаушылық;
· диарея;
· көз тарапынан дискомфорт – көз алмасы, қабақ тұсындағы жағымсыз әсерлер;
· еттеккір циклінің бұзылуы.
Анамнезде: · қалқанша безінің ауруларымен ауыратын туысқандардың болуы;
· жиі ауыр респираторлық аурулар;
· жергілікті инфекциялық процесстер (созылмалы тонзиллит).
Физикалды зерттеп-қарау [5]: · ҚБ көлемінің үлкеуі;
· жүрек қызметінің бұзылуы (тахикардия, қатты жүрек үні, кейде жоғары жағында систолалық шуыл, систолалық артериялық қысымның көтерілуі және диасистолалықтың төмендеуі, жыбырлақ ырғақсыздық ұстамалары);
· орталық және симпатикалық жүйке жүйесінің бұзылуы (қол саусақтарының, тілдің, тұтас дененің треморы, тершеңдік, күйгелектік, уайым және қорқыныш сезімі, гиперрефлексия);
· зат алмасуының бұзылуы (ыстыққа төзбеушілік, салмақты жоғалту, көтеріңкі тәбет, шөлдеу, өсудің жеделдеуі);
· асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылушылық (сұйық нәжіс, іш аурулары, күшейтілген толқи жиырылу);
· көз симптомдары (көз саңылауларының кеңінен ашылуы, экзофтальм, қорқынышты немесе күмәнді қарау, көрудің бұлдырлығы, екі еселену, төментөменге қарау кезінде жоғарғы қабақтың қалып қоюы және жоғарғы қарағанжа төменгінің қалып қоюы).
ГА бар пациенттердің шамамен 40-50% -да орбитаның жұмсақ тіндерінің зақымдануымен сипатталатын ЭОП дамиды: ретробульбарлы өзек, көз қозғалтқыш бұлшықеттер; көру жүйкесі мен көздің қосымша аппаратының тартылуымен (қабақ, көздің мүйізгек қабағы, конъюктив, көзжас безі). Науқастарда күтілмеген ретробульбарлы ауруы, көзді қозғалту кезінде аурулар, қабақ эритемасы, қабақтың ісінуі немесе домбыққандығы, конъюктива гиперемиясы, хемоз, проптоз, көз қозғалтқыш бұлшықеттерінің шектеулі қозғалғыштығы дамиды. ЭОП-ның ең ауыр асқынулары болып табылатындар: көру жүйкесінің нейропатиясы, көз сүйелінің пайда болуымен кератопатия, көздің мүйізгек қабағының перфорациясы, офтальмоплегия, бұлшықет жүйесі тарапынан диплопия (бұлшықет әлсіздігі, атрофия, миастения, кезеңдік паралич)) [5].