Сабақтың түрі: Зерттеу сабағы Уақыты: 180 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты



бет2/4
Дата05.06.2017
өлшемі1,11 Mb.
#18054
түріСабақ
1   2   3   4




Қалыпты жағдайда синус түйіні минутына 60-90 электр импулсін қорытып шығарып, оларды жүректің өткізгіштік жүйесіне бірқалыпты таратып тұрады.

Схема



Электродтан алынған биоэлектрлік сигнал (биопотенциал) тармақтарды ауыстырып қосқыш (ПО) арқылы кернеу күшейткішінің (УН) кіру тетігіне беріледі. Сонымен қатар, бұл кіріске 1мВ тең калибрлік кернеу беріледі. Одан шыққан (УН) сигналдың қуатын күшейту үшін келесі бөлік қуат күшейткішіне (УМ) беріледі. Одан күшейтіліп шыққан сигнал электромагниттік түрлендірушіге беріліп (ПЭМ), ол электрлік түрдегі сигналды қаламұштың тербелісіне (қозғалысына ) айналдырады, ол өз кезегінде қағаз бетінде ЭКГ сызады. Биопотенциалдық күшейткішті(УН және УМ), таспа тартқыш бөліктің электродвигателін (ЛПМ), жылу қаламұшты (ПЭМ) қоректендіру үшін тұрақты ток көзі (БП) қажет.


Шу
Әріптер

Ән


Дыбыс


Сөздер Жаңғырық


Денелердің соқтығысуы
Серпімді ортада орналасқан тербелмелі қозғалыстағы дене, сол ортаның бөлшектерін тербеліске келтіріп толқын туғызады ол ортаның физикалык қасиетіне сәйкес, толкын белгілі бір жылдамдықпен таралады. Серпімді ортада тербелістің таралуын толқыңдық процесс немесе толқын дейді. Механикалық толқындар жиілігіне қарай инфрадыбыс, дыбыс және ультрадыбыс болып бөлінеді.

Инфрадыбыс деп жиілігі 0—20 Герц арасында таралып және адамның есту мүшесімен кабылданбайтын механикалықтолқындарды атайды.

Ультрадыбыс деп жиілігі 20000 Герцтен жоғары және адам құла-ғына естілмейтін толкындарды айтады.

Дыбыс деп жиілігі 20—20000 Герц арасында серпімді ортада таралған және есту сезімін туғызатын механикалық толкынды айтады. Дыбыстар тон және шу болып екіге бөлінеді.

Тон деп уакыт арасында жиілігі және амплитудасы тұрақты немесе белгілі бір зандылықпен өзгеретін дыбыстарды айтады. Тондар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым немесе гармониялық тонға камертонның немесе дыбыс генераторынын көмегімен алынған дыбыстар, музыкалық аспаптардың дыбыстары жатады.

Шу деп бір уакытта әртүрлі жиілікпен және амплитудамен таралатын дыбыс толкындарын айтады.

Дыбыстың физикалық (объективті) және физиологиялық (субъективті) сипаттары бар:

  • физикалық сипаттарын объективті сипаттар деп те атайды. Оған жиілігі, гармониялық спектрі және интенсивтілігі жатады;

  • физиологиялық сипаттарын субъективті сипаттар деп, кейде есту сезімі деп те атайды. Оған дыбыстың жоғарылығы, тембрі және қаттылығы жатады.

Дыбыстың физикалық және физиологиялық сипаттарының арасындағы байланысты қарастырайық. Дыбыстың биіктігі оның жиілігіне байланысты: тербеліс жиілігі неғүрлым көп болса, дыбыс соғұрлым биік болады. Дыбыс қаттылығын анықтайтын прибор (шкала) –децибелметр.

Дыбыс қаттылығының деңгейін өлшеу үшін децибел (дБ) қолданылады.

Децибелл (дБ) – 1847- 1922 жылдары өмір сүрген, телефонды ойлап тапқан американдық өнертапқыш Генри Бельдің құрметіне бел (Б) деп аталған. 1 бел 10 децибелге тең.
Дыбыс тембрі тербелістің гармониялық спектріне байланысты болады. Кез келген күрделі тербеліс бірнеше карапайым тербелістердің жиынтығынан тұрады. Осындай тербелістерді құраушыларына жіктеуді гармониялық анализ деп, ал спектрін гармониялық спектр дейді. Сонымен катар жиіліктері бірдей бірнеше тербелістердің амплитудаларының пішіндері әртүрлі болуы мүмкін. Сондыктан олардың гармониялық спектрі де әр түрлі болады, яғни күрделі тондар катарына жатады. Тербелістердің осындай ерекшеліктері дыбыс тембрі ретінде қабылданады.

Дыбыс барлық ортада тарай алады. 1-кестеде әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығы туралы мәліметтер берілген.



Әртүрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы 1-кесте


Орта

Дыбыс жылдамдығы, м/с,

Ауа

330

Су

1480

Болат

4380

Мыс

3800

Темір

5850

Шыны

5600

Сутек

1280

Каучук

50

Қатты ортада дыбыс өте жылдам таралады, одан кейін сұйықта. Ал ауада дыбыс баяуырақ таралады. Сондықтан да күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде біз алғаш найзағайдың жарғырауын көреміз де, біраздан кейін ғана күннің күркіреген дыбысын естиміз. Дыбыстың таралу жылдамдығын 1 кестеден көруге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет