Сабақтың тақырыбы: Электрокардиографияның физикалық негіздері. Дыбыстың
қасиеті және есту мүшесінің сезімталдылығы.
Сабақтың түрі: Зерттеу сабағы
Уақыты: 180 мин
Сабақтың педагогикалық мақсаты:
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;
Интерактивті технология әдісін қолданудың маңыздылығын көрсету;
Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;
Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;
Ақпараттық ізденіс қабілетін арттыру;
Пәнге деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Электрокардиографияның физикалық негіздерінің маңыздылығын түсіндіру, басты қасиетін айту, тіндердің айырмашылығын көрсету. Дыбыстың қасиеті және есту мүшесінің сезімталдылығының маңыздылығын түсіндіру, басты қасиетін айту, тіндердің айырмашылығын көрсету Білімді қалыптастыру, студенттерге деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.
Дамытушылық: Ой-өрісін дамыту, жалпы кәсіптік бағдар беру. Студенттердің шығармашылық іс-әрекеттерін, ізденімпаздығын дамыту. Пәнге қызығушылыған арттыру
Тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру, еңбекке баулу, қоршаған ортадағы табиғи
құбылыстарды бағалау, мамандыққа бағдарлау.
Студент білуі керек: Электрокардиографиясын ( ЭКГ ), электроэнцефалографиясын ( ЭЭФГ ), электромиографияны ( ЭМГ ), Эйнтховен теориясын, Электрокардиограмманы үйренуді. Дыбыстың толқындары және дыбыс көздерін, дыбыстың физикалық және физиялогиялық сипаттарын, дыбыс түрлерін.
Студент істей алуы керек: Эйнтховен теориясын, электрокардиограмманы іске қосуды және нәтижесін алуды, электромиографияны ( ЭМГ ). Дыбыс көздерін, физикалық және физиологиялық сипатарын, есту мүшесінің сезімталдығын
Дамыта оқыту,
бақылау- бағалау
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
деңгейлеп оқыту,
ақпараттық оқыту
интерактивті.
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
Сабақтың әдістері: іздену, сұрыптау, сараптау, білім деңгейін бақылау, өзін-өзі бақылау, ынталандыру, даралап оқыту, кесте және сызбаларды құру, тапсырмалар, білім мен тәжірибені байланыстыру.
Сабақтың әдістері:
Пәнішілік байланыс
Құзыреттілік аймағы А Биологиялық мембраналардың қасиеттері.
Оқыту модулі А7 Тіндер мен ағзалар электрографияcының биофизикалық негіздері
Оқыту модулі Б1 Дыбыстың қасиеті және есту мүшесінің сезімталдылы-ғы.
Оқыту модулі Б2 Дыбыстың клиникада пайдалану әдістерінің физикалық негізі.
Оқыту модулі Б3 Ультрадыбыс және оның медицинада пайдаланылуы
Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер)
Қамтитын пәндер:
физика
молекулалық биология
(тіндер мен ағзалар электрографияcы)
Биология
(Эйнтховен теориясы)
Қамтытын пәндер:
Физика
( ЭКГ –нің жұмыс істеу құрылысы)
Биология
(Құлақтың құрлысы)
анатомия
Са
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар:
Электродтар
Спирт
Слайдтар
ЭКГ
Музыкалық аспаптар
домбыра
Үлестірме материалдар:
Үлестірме карточкалары
Тест
Cөзжұмбақ
Техникалық оқу құралдары:
Компьютер
Интерактивті тақта
LCD TV (сұйық кристалды теледидар)
CD, DVD дискілері
Қолданылған негізгі әдебиеттер
1. Бират Көшенов / Медициналық биофизика/ .-Алматы: Қарасай, 2010
2. Бират Көшенов / Медициналық биофизикадан тестілер жинағы/. – Алматы,2010 ж
3. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. /Физика / Орта мектептің 10-11 сыныбына арналған оқулық /
Алматы: Мектеп 2001
4. Байзақ Ү.А. Құдабаев Қ.Ж. /Медициналық биофизика мен медтехникалар бойынша лаборториялық практикум/ Алматы: « Эверо» 2011 ж, 139-155 б.
Қосымша әдебиеттер
1. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. /Физика / Орта мектептің 10-11 сыныбына арналған
оқулық / Алматы: Мектеп 2001
2. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1992
3. Көшеров Ә.Ж. /Жаттығу есептері 10-сынып /. Шымкент, 2001
WEB сайттары тізімі
1. www.physic.kz . Физиктерді қолдау сайты
2. www.infust.kz. Информатик ұстаздар сайты
3.www.zhangozy.narod.ru
4. www.google.kz
5. www.fizica.ru
6. www.e-gov.kz
Сабақ жоспары мен хронокартасы (180 мин)
№
|
Мазмұны
|
Уақыты
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі (аудитория тазалығын, сабақтың жабдықталуын, топ түгелділігін тексеріп, журнал толтыру)
|
2 мин
|
2
|
Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлап, тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру
|
3 мин
|
3
|
Студенттердің теориялық білім деңгейін бақылау. Қызығушылығын ояту, ауызша сұрау арқылы студенттердің білімін бақылау.
|
40 мин
|
4
|
Тәжірбиелік, лабороториялық жұмысты ұйымдастыру, студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру
|
20 мин
|
5
|
Сергіт сәті «Бетховеннің шығармасы» «Құран Кәрім»
|
5 мин
|
6
|
Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы
|
90 мин
|
7
|
СӨЖ-ді бағалап, сабақты қорытындылау
|
10 мин
|
8
|
Үйге тапсырма
|
5 мин
|
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) - Студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығына, студенттердің сырт келбетіне көңіл бөлу. Сабаққа қажетті құрал – саймандары мен бор және тақта сүрткіштің бар болуын қадағалау. Журнал толтыру.
2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (3 мин) – Тақырыпқа мотивациялық, сипаттама беру, маңыздылығын түсіндіру. Студенттерді сабақтың жоспарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.
Мотивациялық сипаттама
Электрокардиография – жүрек бұлшықеттерінің қозы кезінде пайда болатын электрлк үдерістерді тексеруге арналған, ағзаға зиянды әсері жоқ, қолдануға оңай, медицинада кең түрде пайдаланылатын зерттеу әдістерінің бірі
Биопотенциалдар ағзалар мен ұлпалар функционалдық күйін өте жақсы көрсететін болғандықтан, оларды тіркеудің және талдау жүргізудің физиологиялық зерттеуде және диагностикада маңызы өте зор. Қазіргі уақытта биопотенциалдарды тіркеудің көптеген әдістері қолданылады: жүрек потенциалдарын тіркеу -электрокардиография (ЭКГ) , мидың –электроэнцефалография (ЭЭФГ), бұлшықеттердің – электромиография (ЭМГ), және т,б. Солардың ішінде аса кең тарағаны – электрокардиография. Электрокардиографияда тіркелетін потенциалдар айырымы жүректің жүйке - бұлшықет аппаратының қозу нәтижесінде пайда болады.
ЭКГ әдісі Эйнтховен теориясына негізделген.
Серпімді ортада орналасқан тербелмелі қозғалыстағы дене, сол ор-таның бөлшектерін тербеліске келтіріп толқын туғызады ол ортаның физикалык қасиетіне сәйкес, толкын белгілі бір жылдамдықпен таралады. Серпімді ортада тербелістің таралуын толкыңдық процесс немесе толқын дейді. Механикалык. толқындар жиілігіне карай инфрадыбыс, дыбыс және ультрадыбыс болып бөлінеді.
Бағалау критерийлері
№
|
Аты жөні
|
Студенттердің теориялық білімін бағалау (ауызшы сұрақтар бойынша)
|
Студенттердің жаңа тақырып бойынша алған білімдерін. бағалау
|
Тәжірибелік тапсырма
ларды орындауда
ғы студенттің өзіндік жұмыс
|
Жалпы бағасы
|
1
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
3 Студенттердің теориялық білім деңгейін бақылау (40 мин) – Студенттің білімін бақылайтын сұрақтар.
а) Студенттерден тақырып бойынша дайындап келген презентацияларын қорғауын сұрау.
Зерттелетін тақырыптары:
1. Музыкалық дыбыстар «Жас қыран»
2. Медициналық дыбыстар «Денсаулық сақшылары»
3. Физикалық дыбыстар «Зерттеушілер»
4. Есту мүшесінің сезімталдығы « Абзал жандар»
4. Тәжірбиелік, лабороториялық жұмысты ұйымдастыру (20 мин)
Қазір өмірімізді жаңа технологияларсыз, аппаратраларсыз, радио-телехабарларсыз, телефон байланысынсыз елестету мүмкін емес. Механикалық толқындар әлемінде біз көрмейтін, бірақ, сол арқылы бір-бірімізбен қарым-қатынас жасап, музыка, радио тыңдайтын толқын түрі бар.
Ол қалай аталады? (Дыбыс)
Ендеше , біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз
ЭКГ-нің физикалық негіз. Дыбыстың қасиеті және есту мүшесінің сезімталдығы.
Электрокардиография – жүрек бұлшықеттерінің қозуы кезінде пайда болатын электрлк үдерістерді тексеруге арналған, ағзаға зиянды әсері жоқ, қолдануға оңай, медицинада кең түрде пайдаланылатын зерттеу әдістерінің бірі.
Электрокардиографияда тіркелетін потенциалдар айырымы жүректің жүйке - бұлшықет аппаратының қозу нәтижесінде пайда болады.
Биопотенциалдар ағзалар мен ұлпалар функционалдық күйін өте жақсы көрсететін болғандықтан, оларды тіркеудің және талдау жүргізудің физиологиялық зерттеуде және диагностикада маңызы өте зор.
Жүректің жүйке-бұлшықет жүйесінің түрліше элементтерінде пайда болған потенциалдар өзара қосыла келіп осы жүйенің қозған және қозбаған бөлшектеріндегі жалпы потенциалдар айырымы пайда болады. Жүректің жүйке-бұлшықет жүйесінің түрліше бөлімдерінде қозу процесі, өзіне тән ерекшелікпен, біртіндеп тарайды. Сондықтан пайда болған потенциалдар айырымы жүрек жұмысының циклында шамасы жағынан да, нүктелердің орналасуы бойынша өзгереді. Электрокардиографияның негізгі мақсаты – осы өзгерістерді тіркеу. Электрокардиография әдісі Эйнтховен теориясына негізделген. Бұл теорияда жүректі біртекті өткізгіштік ортада орналасқан электрлік диполь деп қарастырамыз.
ЭКГ-ні тіркеу үшін потенциалдары әр түрлі екі нүктенің арасындағы потенциалдардың айырымының уақытқа тәуелді өзгерісі тіркелетн екі нүктені тармақ деп атайды. Мысалы, шеткі тармақ немесе кеуде тармағы. Бұл тармақтарды қалыпты тармақтар деп атайды. Оларды алу үшн аяқ және қолға бекітеді. Сонымен қатар, қосымша кеудеге бекітетін электрод та қолданылады. Кеуде электродтарын 1946 жылы Вильсон ойлап тапқан. Бір полюсті кеде электродтарын V әрпімен белгілейді. Электродты адам денесіне жапсырғнада тері мен электродтың арасында өтпелі кедергі пайда болып, биопотенциалдардың амплитудасын азайтып, пішінін бұзады.. Экг-ні жазып алатын қондырғыны электрокардиограф деп аталады.
Өтпелі кедергіні азайту үшін электрод пен терінің арасында физиологиялық ерітіндіге шыланған дәке орналастырылады.
Электродтар мына ретпен қосылады:
Қызыл (R)- оң қолға байланады;
Сары (L)- сол қолға байланады;
Қара (N)- оң аяққа байланады;
Жасыл (F)- сол аяққа байланады;
Ақ -қызыл (V1)- төртнші қабырғаға кеденң оң жағына;
Ақ -сары (V2) -төртінш қабырға аралығына кеденің сол жағына;
Ақ-жасыл (V3) беснші қабырғаның V2 мен V4 ортасына;
Ақ-қоңыр (V4)- бесінші қабырға ортасына сол жаққа қарай;
Ақ-қара (V5) - V4 пен V6 электродтар аралығының сол жағына;
Ақ-күлгін (V6)-қолдың астына V4 деңгейне;
Достарыңызбен бөлісу: |