Компьютер технологиясы дамуының арқасында суретті салуға арналған Corel Draw және Photo Shop т.б. программалар пайда болды (6.2-сурет). Қолмен салынған текшені басқа жағынан көру үшін суретті қайта салуымыз керек. Ал графикалық редактор арқылы суретті қайта салмай-аққалаған жағдайда көре аламыз: бұрамыз, жөндейміз, өлшеміз, үлкейтеміз, кішірейтеміз т.б. Суретті қағазға салуда 2 өлшемді жұмыс алаңымен (Demension – мөлшер мен өлшеу) жұмыс істейміз.2D атауы «Demension» сөзініңқысқарған түрі. Бұл жерде өлшемдер ретінде биіктік пен ен алынады (6.1-сурет). 2D графикасы түсінуге және сызуға оңай, дәл қолмен сурет сызғандай болады. Бұл оның негізгі артықшылығы болып табылады.
3D графикада 2D-ға қарағанда биіктігі, еніне қоса тереңдігі де есепке алынады. 3D графикасында бейне салынбайды құрастырылады.
https://www.opiq.kz/kit/66/chapter/2667 осы сілтеме арқылы толық 2D және 3D графикалары туралы ақпарат алуға болады. Модельдерді жасау үшін 3D программалар қолданылады. SketchUp программасын қарастырамыз.
Программаны іске қосу үшін «Пуск – Программы – SketchUp» команда қатарын орындаймыз.
Тапсырма
Үйге тапсырма
1. 5.1 тақырыпты оқу
2.Интернет желісін пайдалан отырып, 3D графикаға арналған программалар туралы ақпарат іздеңдер. Қандай программалар бар, олардың артықшылығы неде? Алынған ақпараттардың ішіндегі маңыздыларын талдап, оны дәптерге жазыңдар