Сабақтын тақырыбы : Тоқыма әліппесі. Білімділік



бет1/4
Дата27.08.2017
өлшемі0,69 Mb.
#29876
түріСабақ
  1   2   3   4
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША

Сабақтын тақырыбы: Тоқыма әліппесі.

Білімділік: Тақырып бойынша білімдерін жетілдіру, жаңа сабақ материалдарын өздерінің ізденісі бойынша шығармашылық жұмыстар арқылы меңгерту, тоқыма түрлері бойынша түсінік беру.

Тәрбиелік: Оқушылардың көркемдік іс-әрекет дағдыларын қалыптастыра отырып , шығармашылық көз-қарастарын қалыптастыру

Дамытушылық: Мектептегі еңбекке баулу және технология пәндеріндегі тоқыма әліппесі және тоқыма түрлері жайлы түсініктеме беру және оқытуда электрондық ақпараттық технологияларды пайдалау әдістерімен таныстыру

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту, сұрақ-жауап.

Сабақтың әдісі: әр оқушы өз бетінше жеке жұмыс.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, сызу, матемтатика.

Сабақтың көрнекілігі: тірек- сызбалар, компьютерлік слайдтар.
Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Ой толғау ойыны»

Мақта –неше жылдық өсімдік?

Мата –қандай талшықтан тұрады?

Мақта, мата және жүн айырмашылығы неде?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау, жаңа сабаққа оқушылардың зейінін аудару.

ІV. Жаңа сабақ

Жоспары:

1.Тірек-сызбалармен жұмыс

2.Танымдық жұмыс

3.Өзара тоқыма жұмысы.

V. Сабақты бекіту.

VІ. Үйге тапсырма беру.


Тоқыма әліппесі

Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер.

Тоқу барысында адамның түрлі түсті сән таңдау, бояулар әлемнің үйлесімділігімен түрлі тоқу әдістері, талғамы,, шеберлігі, ой-өрісі жетілдіріліп, іскерлігі қалыптасады.

Тоқыма тоқуға таза жүннен, матадан, вескоздан, синтетикадае аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Жіңішке, биязы жіптерден көбінесе балалар киімдерін – өрнекті жеңіл жейделер, орамалдар, т.б. жеңіл бұйымдар тоқиды.

Тоқуға жақсылап тегістелген жеңіл сым темірлер қажет. Олардың ұшы үшкір де, доғал да болмауы тиіс. Сондай-ақ пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасалған сымдар да қолданылады. Сымның ең тәуірі никельді болат сым. Әр сымның нөмірі диаметрінің миллиметріне сәйкес келеді. Мысалы, № 3 нөмірлі сымның диаметрі 3 мм, № 5 нөмірлінікі – 5 мм болады. Тоқымашыда 1-ден 10-ға дейін нөмірлі сымдардың бәрі болғаны жөн. Себебі, тоқылатын заттың өрнегіне, жіптің сипатына қарай әр түрлі нөмерлі сымдар қолданылады.

Жұмыс үшін ең қолайлысы 1,5-2,5 мм, ұзындығы 30-40 см сымдар. Сымдар тоқылатын жіптен екі есе жуан болуы керек.

Тоқыманың оң және теріс жағы болады. Өрнекті түсіндірілдеме тақ қатарлар тоқыманың оң жағы, жұп қатарлар теріс жағы болып есептеледі. Бастапқы қатарға қажет шалулар санын есептеп шығу үшін, оны 10 см тоқып көру керек. Ол үшін тоқылатын өрнекпен 30-40 шалудан 8-10 см тоқу үшін қажет шалу санын есептеп шығарып алады. Бірінші қатарды бастау үшін тоқылатын заттың енінен үш есе артық жіп өлшеп алады.



Тоқымашы әуелі шалу түрлерін жете, терең меңгеру қажет. Негізгі шалу түрлері мыналар:

  • Жиекті шалу (сымға тізіп ілінген жіптер);

  • Оңға шалу;

  • Теріс шалу;

  • Қосымша шалу;

  • Тоқылмай алынатын шалу;

  • Ұзартылған шалу.

Шұлықша тоқу әдісі: 5 бізбен айналдыра тоқиды. Әдетте өрнек салынған манжетадан немесе резинкадан бастап, шұлықша әдіспен тоқылады(1-суретте көрсетілгендей).

Тоқудың тығыздығына қарай бәр пар әйелдер шұлығына - 100-120 гр., ерлер шұлығына - 120-150 гр.,балалар шұлығына – 70-80 гр.жіп қажет, егер өрнек көп салынатын болса жіп көбірек жұмсалады.



Есебін шығару: Тобықтың тұсынан аяқты айналдыра өлшеп алу керек. Бұл әдісте бірінші қатар оңға, шалу әдісімен тоқылады да екінші қатар теріс, яғни оң жағында теріс шалу әдісімен тоқылады. Тақ қатарлар тоқыма бұйымының оң жағына (1,3,5,7,9,11) сәйкес келеді де, жұп қатарлар бұйымының теріс жағына (2,4,6,8,10) сәйкес келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет