Өкше шығару әдісі: тоқыманы екіге тең бөліп, тек екі біздің 3-және 4-біздің шалуларын ғана тоқу керек (1- және 2- біздегі шалулар өкше шығаруға қатыспайды. Тоқу ыңғайлы болу үшін екі (3-және 4-) біздегі шалуларды бір бізге өткізіп, шұлықша тоқумен өкшенің биіктігіндей етіп тоқып шығу ұсынылады. Тоқыма шетіндегі шалу саны 10-ға жеткенде (20 қатар) оң шалумен аяқтап өкше шығаруға кірісеміз. Ол үшін сымдағы екі жағына 6 шалудан ортасына 8 шалу қалдырып тоқимыз. Тоқу барысында екі шеткі 6 шалудан бір-бірте ортадағы 8 шалудың соңғы шалуына қосып тоқып, қысқартамызда, жұмыс соңында тек орындағы 8 шалу ғана қалады.
Тоқу үлгісі:
1-қатар (тоқыманың теріс жағы):
бірінші жағының 6 шалуы тоқылады. Сосын ортадағы 8 шалудың ең соңғысынан басқасы тоқылып, соңғы шалу екінші жақтың көршілес, шалуымен қосылып теріс тоқылады. Қалған 5 шалуды тоқымай, тоқыманы кері айналдырады.
2-қатар(тоқыманың оң жағы):
шеткі шалуды сымға тартып іледі де, ортаңғы сымдағы шалулардың ең соңғысынан басқасын тоқып шығып, соңғы шалуды бірініш жағының көршілес шалумен қосып тоқиды. Тоқыман кері айналдырады. Осылайша 1-2 қатардағы қайталап тоқи береді. Соңында сымда тек ортадағы 8 шалу қалады. Өкше шығару аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |