Сабақтыңтақырыбы Б. Майлин «Шұғаныңбелгісі»



бет2/2
Дата29.06.2020
өлшемі219 Kb.
#74679
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Ұзақмерзімді жоспардың тарауы

Құндылықтарға баулу

Елжандылық, ұлтжандылық тәрбие беру. Махаббатқа адалдық , сезім тұрақтылығына баулу

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ тілі, география

Алдыңғы оқу

Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығын біледі

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

7 минут

2 минут


2 минут

3 минут




Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал.

«Жүректен жүрекке». Оқушылар шеңберге тұрып, қолдарына жүрекше кесіндісін алып,бір-біріне жылы лебіздерін білдереді.

Топқа бөлу. Әр түрлі қиындылар беремін.Қиындыларда махаббат, үміт, арман, сезім сөздері жазылған. Оқушылар алған сөздері бойынша топтасады.

1-топ- Махаббат

2-топ –Үміт

3-топ- Арман

4-топ-Сезім
Миға шабуыл

Сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбына әкелемін.

1.Махаббат деген не ?

2.Махаббаттың қандай түрлері бар?

3. Қос ғашықтарды ата.

- Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаяты.


Сабақтың мақсаты мен критерийлермен таныстырамын.

Кеспе қағаздар



Сабақтың ортасы

25 минут

12 минут


13 минут



1-тапсырма Ж. ТЖ

«Джиксо» әдісі

Әр топ өзіне берілген тарауды оқиды:

1-топ- I-III

2-топ –IV-VI

3-топ- VII-X

4-топ-XI-XIII

Топтар бір-біріне өздері оқыған бөлімін айтып шығады.

Талқылаған соң, «Концептуалды кестені» толтырады. Кесте шығармадағы кейіпкерлер жүйесін анықтауға бағытталған. Шығармадағы


кейіпкердің атын, қасиетін анықтап, өз тарапынан кейіпкерге баға беріп,кестені толтырады.


Кейіпкерлер

Қасиеті

Өз тарапыңнан кейіпкерге берілетін баға










Оқылған тараудан көркемдегіш құралдарды теріп жазыңдар /көпшілігі/



Дескриптор:

-берілген тарауды оқы

-топта талқыла

-кейіпкерлерге сипаттама бер

-көркемдегіш құралдарды тап
ҚБ. «Бағалау парағы» «+», «-»

Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бағалау кестесін критерийлерге сәйкес толтырады. «+», «-»таңбаларын неге қойғандығын кестеде «себебі» бөліміне ашып жазады.


Оқушының аты-жөні




«+», «-»


Себебі

Кейіпкері







Қасиеті







Кейіпкерге берген бағасы







Көркемдегіш құралдарды табуы









2- тапсырма Ж

«Егер мен автор болсам...» әдісі

Оқушылар өздерін автор орнына қойып, құнды ойларын білдіріп, көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, ойтолғау жазады.


Ұнатқан кейіпкеріне өлең құрастырады./кейбірі/
Дескриптор:

-өзіңді автор орнына қойып, көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып ойтолғау жаз

-ұнаған кейіпкерге өлең құрастыр
ҚБ. «Авигатор» тәсілі

Оқушылар бірін-бірі бағалайды.



  1. Мәтіннен негізгі 3 сөйлемді алады

  2. Негізгі 2 идеяны табады

  3. 1 ұсыныс білдіреді.

Бағалауда ой құндылығына, сөйлемдердің көркемдігіне жете мән беріледі.


Қазақ әдебиеті кітабы. «АрманПВ»




Сабақтың соңы

8минут
4 минут

4 минут


3 тапсырма ЖЖ

«Иә - жоқ» әдісі.

Сабақты қорыту барысында

Оқушыларға ауызша 10 сұрақ қойылады.

Оқушылар «иә,жоқ» деген жауаптар айтады.

1.Шұға мен Әбдірахман бір-біріне лайық па?

2.Шұға уәдеге берік пе?

3.Шұға арманына жетті ме?

4.Екеуінің қосылмауына әкесі кінәлі ме?

5.Әбдірахман заманға қарсы тұра алды ма?

6.Шұғаның өміріне заман кінәлі ме?

7. Осы заманда Шұғадай махаббатқа тұрақты қыздар кездесе ме?

8.Қазіргі заманда әлеуметтік теңсіздіктер бар ма?

9.Шынайы махаббатқа сенесіңдер ме?

10.Адал махаббат ұғымы мәңгілік пе?



Рефлексия
«Шығу парағы»
1.Сіз бүгін не үйрендіңіз?

2.Тағы не білгіңіз келеді?






Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Сабақ мақсатына жету үшін тапсырмаларды саралап беремін. Оқушыларға мейлінше қолдау көрсетемін.

Барлық оқушылар орындай алады:

«Шұғаның белгісі» хикаятының идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды. Кейіпкерлер жүйесін анықтату мақсатында оқушыларға концептуалды кестені ұсындым. Сол кесте арқылы оқушылардың кейіпкерлердің қасиетін анықтауына, кейіпкерлерге өзіндік баға беруіне ықпал еттім.

Автор стиліне сүйене отырып, «Егер мен автор болсам...» тақырыбында ойтолғау жазады. Әдебиет теориясынан көркемдегіш құралдарды естеріне түсіріп, ойтолғауды оқушылардың көркем тілмен жазуына әкелдім.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Хикаяттағы көркемдегіш құралдарды тауып айтады.



Кейбір оқушылар орындай алады:

Ұнатқан кейіпкеріне өлең құрайды. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыттым.



Әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау жүргізілді.

1-тапсырмадан соң

«Бағалау парағы» «+», «-»

Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бағалау кестесін критерийлерге сәйкес толтырады. «+», «-»таңбаларын неге қойғандығын кестеде «себебі» бөліміне ашып жазады.


2-тапсырмадан соң

«Авигатор» тәсілі

Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

1.Мәтіннен негізгі 3 сөйлемді алады

2 Негізгі 2 идеяны табады

3. 1 ұсыныс білдіреді.

Бағалауда ой құндылығына, сөйлемдердің көркемдігіне жете мән беріледі.



Сабақта Қазақстан тарихымен, география пәндерімен байланыс болды. Топқа бөлуде қауіпсіздік ережесі сақталды. Интербелсенді тәсілдер арқылы сабақ тақырыбына әкелуде АКТ-мен байланыс жасалды. Сезімге тұрақтылық, махаббатқа адалдық, шынайы сезім,уәдеге берік болуға тәрбиелеймін.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?







Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет