1) Темірден жасалған өткізгішті қосамыз:
Бұл кезде тізбектегі ток күші 3 А ге теӊ болды.
2) Мыстан жасалған өткізгішті қосамыз:
Бұл кезде тізбектегі ток күші 1 А ге теӊ болды.
3) Никельден жасалған өткізгішті қосамыз:
Бұл кезде тізбектегі ток күші 0,5 А болды.
Бұл тәжірибе бойынша, тізбектегі кернеу тұрақты болған кезінде ток күші тізбекке қосылған өткізгіштіӊ қандай материалдан жасалғанына тәуелді екендігіне көз жеткіздік.
Оқушыларға сұрақ қойылады: Қайсы өткізгіштіӊ токқа көп кедергі жасады?
Жеке жұмыс (I) «Кім жылдам» әдісі
Жеке жұмыс (I) Есептер шығару
Ұзындығы 50 м, кедергісі 0,5 Ом болатын мыс өткізгіштің көлденең қимасының ауданы неге тең?
Көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 болатын никелин никелин өткізгішінен жасалған реостаттың кедергісі 21 Ом болатын болса, оның ұзындығы неге тең?
Ұзындығы 5 км, көлденең қимасының ауданы 0,85 мм2 мыс өткізгішінің кедергісі неге тең?
Суретте үш түрлі өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелді графиктері берілген. Әр өткізгіштің кедергісін тап.
Ұзындығы 2 м, көлденең қимасының ауданы 0,3 мм2 болатын қорғасын өткізгіштегі ток күші 2 А-ге тең болу үшін оған қандай мөлшердегі кернеу түсіру керек?
Ұзындығы 400 м, ұштарындағы кернеуі 5 В, ток күші 0,05 А болатын мыс өткізгіштің көлденең қимасының ауданы қандай шамаға ие болуы керек?
III. Сабақты бекіту. Оқушылар қолдану дағдысын дамыту үшін кедергі мен меншікті кедергі формуласын қолданып есептер шығарады
1.Ұзындығы 8 м никелин сымының көлденең қимасының ауданы 0,08 мм2. Егер сымның ұштарындағы кернеу 120 В болса, сым арқылы қандай ток күші өтер еді? .
Жауабы: 3 А
2.Көлденең қимасының ауданы 1 мм2 никелин сымы арқылы 2,25 А ток өтеді және өткізгіштің ұштарындағы кернеу 45 В, сымның ұзындығы неге тең? . Жауабы: 50 м
Достарыңызбен бөлісу: |