Сабақтыңтүрі д әріс сабағы Сабақ өткізу уақыты: 90 мин. Мақсаты


ИЛИ Берілген аргументтердің кемінде біреуі АҚИҚАТ



бет5/5
Дата23.04.2020
өлшемі209,91 Kb.
#64531
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Құқықтық ақпаратты автоматтандырып өңдеу

ИЛИ Берілген аргументтердің кемінде біреуі АҚИҚАТ мән қабылдаса АҚИҚАТболады; аргументтердің барлығы ЖАЛҒАН мән қабылдаған жағдайда ғана ЖАЛҒАНболады.

ИЛИ (1 логикалық_өрнек; 2 логикалық_өрнек; ...)

НЕ Аргументтің логикалық мәнін кері мәнге ауыстырады. НЕ функциясы көп жағдайда мәннің қандайда бір нақты шамаға тең емес екенін анықтау мақсатында қолданылады.

НЕ (логикалық _ өрнек)

Логикалық өрнек ЖАЛҒАН мән қабылдаса, НЕ функциясы нәтижеде АҚИҚАТ мән береді,

керісінше АҚИҚАТ мән қабылдаса, онда НЕ функциясы нәтижеде ЖАЛҒАН мән береді.


  1. Статистикалық функциялар

Статистикалық функциялар берілген мәліметтер аймағында статистикалық талдаулар жасауға

мүмкіндік береді.



СРЗНАЧӨз аргументтерінің арифметикалық орташа мәнін есептейді.СРЗНАЧ(1сан; 2сан ...)

  1. Математикалық функциялар

СУММ Көрсетілген ұяшықтардағы сандық мәндердің немесе берілген сандардың қосындысын табады.СУММ(1сан; 2 сан;...)

Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында белгісінің батырмасы қарастырылған. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма) батырмасын шертіңіз.

Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.



Формулаларды көшіру. Көшіру кестеге бір типтес формулаларды енгізуді жеңілдетеді. Формулаларды көшіру батырмасында ұяшықтарға салыстырмалы жіберу автоматты түрде өзгереді.

4. Жаңа тақырыпты бекіту (бақылау сұрақтары, т.б.)____15мин_________________

1. Microsoft Office Excel мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?


А) Пуск – Программалар – Стандартный-MS Excel командаларын орындау арқылы
В) Файл – Программалар – Microsoft Office-MS Excel командаларын орындау арқылы
С) Пуск – Программалар – Microsoft Office-MS Excel командаларын орындау арқылы
2. Пішімдеу дегеніміз не?
А) Мәтіндерге қандайда бір жүргізілетін әр түрлі әрекеттер
В) құжаттардың кез келген түріне өзгеріс енгізу жолдары
С) суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты тақта
3. Баған дегеніміз не:
А) Латын әріптерімен белгіленген қатарлар
В) бағандар мен қатарлардың реттеліп берілуі
С) суреттері бар батырма
4. Құжатты баспаға шығару командасы:
А) Правка-Печать
В) Файл-Печать
С) Файл-Сохранить-печать
5. Microsoft Excel бағдарламасы қанша қатардан тұрады:
А) 16777
В) 65536
С) 256
6. Сақталған құжаттарды ашу командасы:
А) Файл-Открыть
В) Файл-сохранит
С) Файл-Создать-Открыть
7. Microsoft Excel бағдарламасы қанша бағаннан тұрады:
А) 16777
В) 65536
С) 256

8.Формула не үшін қолданылады?

А) есептеу үшін

В) сақтау үшін



С) өңдеу үшін


5. Жаңа сабақты қорытындылау (Студенттердің пікірін тыңдау, білімін бағалау,түсіндіру) ____10мин____________________________________________

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

6.Үйге тапсырма және бағалау (тапсырманы саралап, талдау, негізгі және қосымша әдебиеттер)_____2мин______________________________________________


Оқытушының қолы:_____________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет