Сабыр ыбыраев



Дата07.05.2017
өлшемі45,39 Kb.
#15762
Сабыр ЫБЫРАЕВ, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті тарих және құқық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты
ОРТАҚ ҮЙІМІЗ - БЕЙБІТШІЛІК БЕСІГІ
Бүгіндері еліміздегі конституциялық орган болып табылатын Ассамблеяны құру идеясын республика Президенті 1992 жылы өткен Қазақстан халқының бірінші құрылтайында жариялаған еді. Ассамблеяның жоғарғы органы болып есептелетін сессия отырыстарында еліміздегі маңызды мәселелер қаралады. Биылғы XXI сессияда сөйлеген сөзінде Елбасы тәуелсіздігіміздің беріктігінің негізінде қоғамдағы бірлік пен татулық жатқанын айта келіп, әлемнің кейбір елдеріндегі тұрақсыздық тудырып отырған алауыздыққа жол бермеу қажеттігің ондай оқиғалардың біздің әрбірімізге сабақ болу керектігін, экономикалық даму, тұрақты өмір тек бейбітшілік пен келісімнің арқасында ғана болатын құндылықтар екендігін тілге тиек етті. "Біздің бірлігіміз - жаңа "Қазақстан - 2050" Стратегиясын іске асырудың өзекті факторы" деп атап көрсетті.

Алдағы жылы мемлекетіміздің Конституциясына және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толады. Соған байланысты Елбасы 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады және Үкіметке Ассамблеямен бірлесіп осы мерекені және Конституцияның 20 жылдығы мерейтойын өткізу бойынша ұлттық іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Астана қаласында Қазақстан халқы форумын өткізуді тапсырды. Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға Ассамблеяның қызметін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеме құру, аймақтық құрылымдарды күшейту турасында тапсырмалар жүктеді. Яғни алдағы жыл "Астана - бейбітшілік пен келісім қаласы" атты девизбен өткізілетін болады.

Биылғы Ассамблеяда маңызды мәселелер көтерілді. Елбасы Украинада болып жатқан жайтты мысал ете отырып, "әлемнің жаһандық және аймақтық деңгейдегі жаңа қатерлеріне бетпе-бет шығуға тиіс екендігімізді" баса айтты. Қазақ халқын Украинадағы жағдайға қарап, ой қорытуға шақырды. "Ол жерде болып жатқан оқиғалар әрбірі-мізге сабақ болуы тиіс, экономикалық даму, тұрақты өмір тек бейбітшілік пен келісімнің арқасында ғана болатын құндылықтар", -деді Елбасы. 2050 жылға арналған басты стратегиялық бағдарламаның негізгі мақсаты әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына кіру ғана емес, сонымен қатар, ел ішіндегі бейбітшілік пен келісімді нығайту.

Елбасының баяндамасында айтылғандай, еліміздегі экономикалық және әлеуметтік-саяси реформалар этносаралық келісім мен үйлесімнің арқасында табысты жүргізіледі. Алда да талай белестер бар, бірлесіп жеңуге тиісті қиындықтар да жоқ емес. Дүние жүзінің кейбір елдерінде әлемнің үрейін ұшырып отырған оқиғалар орын алып жатыр. Елбасы осындай жағдайларды мысал ете отырып, қиындықтарды жеңуде жұмылып жұдырық болу керектігін алға тартты. Және жаңа жағдайларда Ассамблеяның нағыз жалпыхалықтық институт болуы тиіс екендігіне баса мән берді.

Бір елде өмір сүріп отырған барлық халықтың тағдыры елдің тағдырымен біте қайнасып жатыр, осы уақыт аралығында Елбасы ұлтаралық алауыздыққа жол бермей, көптеген қиындықты жұмыла көтеруге шақырды. Елде қанша қиындық болса да, біз - бір ел болып жұмыла көтердік. Біз барлығымыз бір елміз, бір-бірімізден ешқайда кете алмаймыз, кетпейміз де. Қазір біздің елімізді де, Елбасымызды да әлем елдері мықты мемлекет, мықты саясаткер ретінде мойындап отыр. Мемлекет басшысы барлық сөзінде ынтымақты, бірлікті әрқашан сақтау керектігің біздің жеткен жетістіктеріміздің негізінде еліміздегі халықтардың татулығы жатқанын айтып отырады . Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы қызмет атқарған жылдары ішінде ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара байланысының тиімділігін дәлелдеді.

Сонымен қатар қоғамдағы ұлтаралық келісім мен толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасалды. Бұл қоғамдық құрылымды көпшілік Қазақстанда өмір сүретін халықтың ұлттық мәдениетің тілі мен дәстүрін насихаттайтын ұйым деп санайды, ал шын мәнінде оның әлеуеті зор.

Өз мәдениетін білуге, туған тілін ардақ тұтуға, ұлттық, тұрмыстық дәстүрлерді үйренуге ұмтылу кез келген халыққа тән қасиет. Бұл адамды рухани байытатыны сөзсіз. Осыдан он тоғыз жыл бұрын Петропавл қаласында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы құрылғанда, оның құрамында жеті ұлттық-мәдени орталық болған еді. Осы жылдар ішінде оның қатары жиырма екіге жетті. Өздерінің тарихы отандарынан алыста жүрсе де олар ұлттық құндылықтарын қастерлеу мүмкіндігіне ие бола алады, оған мемлекетіміздің ұлтаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған сындарлы сая-саты мүмкіндік беруде.

Ұлтаралық қатынастар саласындағы барлық қалыптасқан процестер республикалық және өңірлік деңгейлерде ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанында 2009 жылдан ғылыми-сараптамалық топ жұмыс істейді, ол этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани салалардағы бета-лыстарды зерттеумен және болжаумен айналысады. Ғылыми-сараптамалық топтың бастамасымен облыстық халық ассамблеясы ұйымдастырған семинарларда, ғылыми-практикалық конференцияларды айтылған ұсыныстар мен тың пікірлер әдістемелік ма-териалдар ретінде жарияланады. Мәселең "Жастар және ұлтаралық келісім: проблемалар мен перспективалар", "Адольф Янушевичтің өмірі мен шығармашылығы", "Солтүстік Қазақстан облысындағы ұлтаралық қатынастар" ғылыми-практикалық конфе-ренциялардың қорытындысы бойынша жергілікті ғалымдар әдістемелер әзірледі. Соңғы жылдары облысымызда мәдени - гуманитарлық салаларда халықаралық ынтымақтастық көкжиегі кеңейіп келеді. Оған Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы мен Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы, Қорған облысы Зауралье халықтары ассамблеясы арасында келісімдер жасалып, өзара жақсы байланыс орнатылғаны айқын айғақ. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табуы сезсіз.



Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма бірінші сессиясында "Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қарашаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол шаңыраққа шашылған уықтар" деп атап керсеткен еді. Бүгіндері елімізді мекен еткен ұлттар мен ұлыстар бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүріп, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық гүлденуіне үлестерін қосуда.

// Қызылжар нұры. - 2014. - 1 мамыр

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет