Дәрістің мақсаты: Мәшһүр Жүсіптің өмір жолы мен шығармашылымен танысып, зерделеу. Оның қазақ әдебиеті тарихындағы орны
Тірек сөздер: Хал – ахуал, Баянауыл, фольклор, дін, помагайтшы, Жантемір, айтыс, низам Шығыс әдебиеті,мақала, жинақ,сатира,халық ауыз әдебиеті,ағартущылық сарын,жаңару идеялары,қолжазба
Дәрістің жоспары:
Адам Жүсіптен – Мәшһүр Жүсіпке дейін
Шығармашылық ғұмырнамасы: Ақын өлең – толғауларындағы қоғамдық – әлеуметтік өмір тудырған заманның зәру шындығы
Мәшһүрдің мысалдары мен дастандары
Мәшһүр шығармашылығының зерттелуі
Шығармашылық өмірбаяны. Білімдар, парасатты адам болғандығы. Мәшһүр атануының себебі. Шығыс әдебиетіне жетіктігі. Қазақ тұрмысының жайына қанықтығы. Қазақ даласын, сырт жерлерді көп аралағаны. Заман мәселелері тақырыбына түрлі мақалалар жазып, «Дала уәлаятының газетінде», «Қазақ» газетінде жариялауы. Қазақтың тұрмыс тіршілігі, шаруашылығы, ел ішіндегі оқу-ағарту ісі жайындағы ой-пікірінің мәнділігі. Қоғамдағы өзгерістерге сергек қарауы. Патшаның 1905 жылғы манифесіне қатысты ойлары. «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз», «Сараыарқаның кімдікі екендігі» жинақтарының жарық көруі. Оларда заман шындығының бейнелеуі. «Сарыарқаның кімдікі екендікі» жинағының ұлт болашағы және отаршылдық саясатқа қарсы пікірлердің батылдығы. Патша өкіметінің тиым салуы. Сатиралық үлгідегі «Шайтанның саудасы» өлеңі. Қоғам тазалығы, адамдар санасының жаңаруы идеяларының көтерілуі. Өлеңдеріндегі ағартушылық сарын. Әлуметтік теңсіздік, байлық пен кедейлік жөніндегі ойларының оқшаулығы. Сыншылдық сипатының күштілігі.
Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаудағы еңбегі. Ол жинаған. Мұралардың молдығы әрі сан-салалығы. «Қара мес» атты қолжазба мұрасының сақталуы және оның мәні.
Достарыңызбен бөлісу: |