СабырбаеваР.Қ. қазақ әдебиеті кафедрасының доцент м а., ф.ғ. к


Адам Жүсіптен – Мәшһүр Жүсіпке дейін



бет30/62
Дата22.12.2021
өлшемі2,2 Mb.
#980
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
Адам Жүсіптен – Мәшһүр Жүсіпке дейін

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858 – 1931жж.) – қазақ әдебиеті тарихындағы ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ,өлең өнерінде өзіндік өрнегін сала білген өз дәуірінің көрнекті ақыны.

Әкесі Көпейдің 42 жасында, анасы Ұлбаланың 18 жасында қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Найзатас деген жерде 1858 жылда, қазақша жыл аты «қой», арабша ай аты «ережеп» деген айда, жұма күні дүниеге келген.Азан шақырып қойған аты – Адам Жүсіп. Кейіннен 9 жасында қисса – дастандарды айтып, ел аузына түскен кезде, жиын жасап отырған М. Шорманұлы Адам Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: «Өз заманында халқына мәшһүр болатын бала екен» - деп, лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кеткен. Бұл жайында өзі:

Бес жаста бісміллә айтып жаздам хатты

Бұл дүние келді маған жастай қатты.

Сегізден тоғызға аяқ басқан күнде

Мұса еді қосақтаған «Мәшһүр» атты. – деп

«Өмірбаян» атты өлеңінде келтіреді.

1861 жылы 3 жасқа толғанда әкесі Көпейдің малы «ақ сирақ» шығып, «адамға мал жолдас болмасғ ғылым жолдас» деп түйеді де, Адам Жүсіпті оқуға береді. Баянауыл медресесінде Хамар қазіреттен сауат ашып, 1872 – 1874 жылдары Бұхарадағы «Көкілташ» медресесінде ортағасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін меңгерген. Осыдан кейін 16 жасынан бастап ұстаздық жолға түседі. Балаларға діни сабақ берумен бірге оларды халықтың ауыз әдебиетіне, музыка өнеріне, қолөнерін үйренуге бейімдеп, тәбиелейді.

Ғылым мен өнерді өз өнерпаздығының туы етіп көтерген Мәшһүрге ақындық өнер қашан қонғандығын оның өлеңдері арқылы білеміз.

... Кеудеге он бес жаста ғылым толды

Толысымен тасып кетіп өлең қонды.
20 – 25 жас аралығында Сарыарқаны аралап, Жетісуды көреді. Бұхара, Ташкент, Түркістанға барып білімін жетілдірген. Бұл жайында Дихан Әбілев: « «Дала уәлләяты» газетінде басылған 1905 жылғы «Қанды жексенбі», «Сарыарқа кімдікі» толғауына байланысты патша жандармдары Мәшһүрді тұтқындап, соттатып жібермек болғанда Мәшһүр еріксіз 4 – 5 жыл бойы Орта Азияда қашып жүрген.» - деп көрсетеді.

Шығармашылық ғұмырнамасы

Көзі тірісінде шыққан 3 еңбегі бар:


  • «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз»

  • «Хал - ахуал»

  • «Сарыарқаның кімдікі екендігі»

Бұл 3 еңбекте 1907 жылы бірінен соң бірі Қазан қаласындағы Құсайыновтардың баспасында жарық көрді. Алғашқысында замана шындығын суреттеп, қоғамдық өмірді әлеуметтік шындық тұрғысынан көрсетті. «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі», «Ақ қағаз, қалам, сия келет бізге», «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді» деген өлеңдерінде тарихи оқиғалар, өнердің адам өміріндегі орнын баса танытты. «Хал – ахуал» жинағында ел ішіндегі жағдай кеңінен айтыла отырып, қайшылықтар ащы сыналды. Өлеңдерінде ел – жұртты аямай сорып отырған билер мен әкімдер, озбыр байлардың келісімсіз кейпін естен кетпестей шебер суреттеді. Соңғы жинағында Ұлт мүддесін көтерді.Халықты оянуға, оқып жетілуге, мәдениетті болуға шақырды. Түркі тектес халықтардың бірлігін жақтады. Ақиқаттың астарын ақтарам деп, елдің пысықтарына жақпағанын да айтты:

«Кейде мен көп сөйледім аузым бақпай,



Бетімді жіберген соң ешкім қақпай.

Туысқа тура жолды айтамын деп

Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай.»

Өлеңдеріне өзек болған тақырыптар: дін жайы, халықтардың тұрмыс жағдайы, ұлт, жер мәселесі, білім, ғылым, еркіндік, азатшылдық, патшалық, саясаттың қилы қитұрқы әрекеттерін сынау, жалпы адамзаттық ой – толғамдар.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев негізінен діни ағартушы ақын. Шығармаларындағы басты желі діни тақырыптан өрбіп жатады. Дін – Мәшһүр поэзиясының тұғыры, сол арқылы азатшылдық ойын білдіре отырып, бірліке, білімге, ғылымға үндеп, адамгершілікті насихаттау арқылы қоғамдық маңызы бар ой айтқан. Бірде:

«Асқынды боп жара – жауырларым



Тіпті жоқ жазулы істі ауырларым.

Бірлік қыл, басыңды қос, пайдаңды ойда,

Қазағым қайран халқым, бауырым.»

десе, енді бірде:

Дін үшін жан кесетін ерлер болсын,

Қызбайтын көрінсе де жерік асы.

Алдында алтын жапса алмайтұғын

Жан – жағын қу болмасын жалмайтұғын.

... Алланың ақ жолымен жүретұғын,

Ерік Аллада екенін білетұғын

Қызылшыл, жемтікшілді жібермеңдер,

Ит сықылды жетекке еретұғын. –

деп, «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесінде» атты өлеңінде еркіндікке көшбасшы ұғымдарын алға тартып, еркіндік пен әділдік үстемдік еткен жолбасшы іздеп, бейнесін сомдайды. Бұл өлеңнің лирикасының негізгі желісісі – рухани оянуға шақыру. Отаршылдық езгіні бедерлі суреттеп, рухани оянудың серпіліске, оның сілкініске жеткізерін баса айтады. 17 қазандағы манифес, соңғы Дума сайлауы және сайлаудан кейінгі қудалау мәселесін айқын ашып айтады:

Қараңыз бұлбұлдардың сайрасына,

Бұлақтай тастан аққан қайнасына.

Баста зат, орында азат, торымда азат,

Еркімен жүрсе әрдайым пайдасына...

Халық қылып атандырды бізді қазақ

Еркелі көп жұрт емес бізде қазақ.

Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз –

Барасың көрінгенге болып мазақ.

Мшһүр Жүсіптің үлкен бір тақырыптық саласы – өнер, білім, ғылым мәселесі. Ел өміріндегі білім – ғылымның алар орнын, тигізер пайдасын ақынның «Қалмады ойлай – ойлай басымда ми» өлеңінен көре аламыз:

Ғылым біл, жұмыс істе оған серік,

Жарлыға мал бұл білім – болар көрік.

Ғылым, білім, өнерсіз, қадірсізді,

Өлік біл, оны жан деп білме тірік.

Оның көптеген өлеңдері философиялық толғанысқа толы. Онда тршіліетің реттеуші иесі бар екендігіне ой жіберу сарыны басым. Сондай бір өлеңінде:

Аузымнан қайтармаймын келген сөзді,

Сөйлесін деп қойыпты тәңірім бізді.

дейді.

Мәшһүрдің мысалдары мен дастандары

Мәшһүрдің шығармаларындағы келесі бір топ шоқтығы биік – мысалдары. Мысалдарында жоғарыда аталған идеялар жалғасып, сабақтастық табады. «Жарты нан хикаясы» атты өлеңінде жолаушының жылтырап жатқан сандықты ашып, ішіндегі көздің жауын алған затқа қол салғанда, ол әуелі жыланға, сосын айдаһарға айналады. Әрі қарай оған отыс кісі, соңыра бес кісі жолығып, көмек көрсетуге дәрменсіздік танытады.

«Кеттім ғой су түбіне» - деп тұрған кезде,

Селтеңдеп, бір жартыадам шыға келді.

деп 30 адамның қолынан келмеген істі ақылмен шешкенін шебер суреттейді.

Жамандық алтындай боп түсер көзге,

Қызықты нәрсе жоқ боп онан өзге.

...Жамандық қайлан туар, тілден туар,

Әркімде ақыл болса тілін буар.

Шығарсаң бір жаман сөз сен аузыңнан

Артыңнан айдаһар боп сені қуар.

Сондай – ақ ғибратқа толы мысал өлеңлерінің қатарынан «Мәшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы», «Мәшһүр Жүсіптің ала қарғамен айтысы», «Аңқау адам туралы», «Сәйгелді, сона, бөгелек туралы», «Шайтанның саудасы» т.б.

«Гүлшат - Шеризат» - ақынның шығыстық сюжетке жазылған іргелі туындыларының бірі. Шығыстық сюжетке құрылғанымен, мұнда ауыз әдебиетінің үлгілері көптеп кездеседі. Парахзат түсі Алпамыс батыр жырындағы Тайшық түсімен, Гүлшат бейнесін беруде қазақ қыздарының бейнесі ұштасады.Соғыс суретіндегі батырлық жырлардың елесі, қыз бен жігіттің бірін – бірі көріп ұнатуы қазақ жырларына біршама жақындатады.

Ақынның артында қалдырған мұрасы тек өлең – жырдан ғана тұрмайды.Өз қолымен жазып қалдырған мұрасы зерттеушілердің айтуына қарағанда 30 томдай.Онда қазақ халқының салт – дәстүрі мен тарихы, өнері мен әдет – ғұрпына байланысты материалдар ұшан – теңіз.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет