3.2 Пәнді оқыту мақсаты:
ХІХ-ХХғ басындағы қазақ әдебиеті-ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән. Студенттерге кезең әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік оқиғалары жайында,ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы,көркемдік,стильдік жалғастығы,әлемдік озық үлгілерімен үндестігінен түсінік беру.Жаңашылдықпен түлеген реалистік әдебиетіміздің алыптары шығармаларындағы көркемдік шеберлік сырлары да тереңдетіле оқытылады.Бұл мақсаттың аясында қазақ сөз өнерінің философиялық,гуманистік-ағартушылық,эстетикалық мазмұнын жан-жақты қамту басты бағдар болмақ.
3.3 Пәнді оқыту міндеттері:
«ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы» пәнін жоғары мектепте оқытудың негізгі мақсаты- студенттерге халқымыздың бай да мазмұнды, әдеби мұрасын таныту.
Маман әдебиетші дайындау,оның жалпы қазақ әдебиеті туралы ғылымды жүйелі түрде меңгеру,игеру міндетімен сабақтас.Кәсіби білікті маман, шығармашыл тұлға дайындау, студент бойына қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыру. Студенттерге осы кезең әдебиетінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту.
1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:
- XIX-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің басты әдеби сарыны-отарлык
езгіге қарсы туған азаттық сарыны екенін саралап, таныту;
- осы ғасыр әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдык, жазба әдебиеттің
дүниеге келуін оқыту;
- XIX-ХХ ғ басындағы әдебиеттегі әдеби бағыттар мен ағымдар, сөз өрнектерін
игеру;
Абай шығармашылығының маңызы мен тағылымын таныту;
- пәнді оқыту барысында студенттерге жекелеген шығармалардың
жанрлық сипаты, тақырыбы мен идеясы, көркемдік дәрежесі мен
мазмұны жайлы білімдерін қалыптастыру;
- Дәуір әдебиетін тарихи сабақтастық тұрғысынан оқыта отырып,
жалпы ұлт әдебиеті тарихынан алар орны мен кейінгі әдебиетке тигізген
әсері және ықпалын межелеп беру.
- ХХ ғасыр басындағы тарихи жағдайға шолу, оқу-ағарту жайы мен баспасөз ісінің дамуын, жанрлардың дамуын түсіндіру;
- ХХ ғасыр басындағы саяси, әлеуметтік өзгерістер, мәдени жаңарулардың ұлттық әдебиетке тікелей қозғау салуы. Қазақ әдебиетінің тақырыптық, жанрлық, көркемдік жағынан өркендеуін таныту;
- 1916 жылғы оқиғалардың тарихи мәні мен ол турасындағы жыр-дастандардың сипатын анықтау.
3.4 Оқыту нәтижелері:
XIX-ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы курсын оқу барысында студент әдеби мұраны игерудегі зерттеу нәтижелерін меңгере отырып,әдебиет тарихы мәселелерін ары қарай қарастырады
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер білуге тиіс:
•XIX-ХХ ғ басындағы қазақ әдебиетінің өзіндік табиғатын меңгереді;
•XIX- ХХ ғ басындағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы
мағлұмат алады.
•XIX- ХХ ғ басындағы қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері, жанрлары
туралы терең білім алады.
•XIX -ХХ ғ басындағы қазақ әдебиетінің жекелеген нұсқалары, олардың поэтикасы туралы жан-жақты білім алады.
•XIX - ХХ ғ басындағы қазақ әдебиеті мұраларының мәтінімен танысып,
олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір
қалыптастырады.
• теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді.
• зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.
• кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.
«ХІХ-ХХғ басындағы қазақ әдебиеті тарихы» курсын меңгеру үшін студенттер келесі пәндерді қосымша оқу қажет:
- Ежелгі дәуір әдебиеті
- Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
1.7 Курстың постреквизиті:
1. Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті (20 және21 ғ. Бас кезі)
2. Әдебиет теориясы.
3. Абайтану.
4. Шығыс әдебиетінің тарихы.
5. Әдебиет теориясы.
6. Қазақ әдеби сынының тарихы.
Достарыңызбен бөлісу: |