Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының биі Мұғалімі: Алимбаева Мирамгуль



Дата28.01.2018
өлшемі35,08 Kb.
#35409
түріСабақ
3 сынып.

Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының биі



Мұғалімі: Алимбаева Мирамгуль
Сабақтың мақсаты: Ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай мұрасымен бірдей дамыған би өнері туралы, қазақтың белгілі бишілері жайлы тиянақты түсінік беру.
Білім беру міндеттері: Оқушылардың би әуендерін сезіну, түсіну қабілеттерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік міндеттері: адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге би өнері арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеттері: оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша өз бетінше ізденуге, материалдар арқылы интеллектуалдық деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, ойын, тілін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты хабарлау.
Сабақтың әдісі: Сатылап оқыту. Музыкалық сауат: Мимика.
Көрнекілігі: бейнетаспаға жазылған «Шашу» биі, Шара Жиенқұлова жайлы көркем суреттер, басқа ұлт өкілдерінің би түрлері.
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет.
Қолданылатын әдебиеттер: «Музыка әлемінде» журналы.

Үйге тапсырма: Қазақтың ұлттық би өнері.

Сабақтың барысы:
Қазақтың би өнері жайында сөз қозғағанда, оның ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән - күйлерімен, дәстүрлі тұрмысы - салтымен біте қайнасып келеді. Би өнерінің де ата - бабадан қалған мәдени мұраның аса маңызды бөлігі ретінде қазақ қоғамымен бірге жасасып, оның рухани өміріне азық болғанын аңғарамыз. Ел арасында сақталған билердің өзінен – ақ халықтың өткендегі өмір салты, істеген кәсібі, оның айналадағы ортаға көзқарасы көрініп тұрғандай. Бүгінгі сабағымыз «Қазақтың ұлттық би өнері» деп аталады.
Сабағымыз 3 деңгейден тұрады.
І. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы би өнері
ІІ. Биші Шара Жиенқұлованың өмір жолы
ІІІ. Қазақтың биі және алғашқы бишілері.

І саты. Би - музыка өнерімен сабақтас сабақтас халық өнерінің бір түрі. Қазақтың би өнері ерте заманнан бастау алып, күні бұгінге дейін жалғасып келеді. Би өнері халқымыздың салт - дәстүрі, тұрмыс - тіршілігіне байланысты туындаған. Қазақтың ежелгі би өнері жайлы ертегі, аңыз, дастандарда айтылады. Ертедегі қазақ билері киіз үйлердің ішінде биленетін болғандықтан, алуан түрлі қимылдармен қатар бет - әлпет құбылулары арқылы да бейнеленген. Музыка сауаты. Бет - әлпеттің құбылуы «мимика» деп аталады. Би белгілі бір әуендермен, күйлермен сүйемелденеді. Мысалы, «Қаражорға», «Бүркіт биі», «Қамажай», «Киіз басу», «Ортеке», «Аққу» билері. ХІХ ғасырда Рахымберді биші шөктірілген түйенің үстінде секіріп жүріп билеген. Ол билегенде халық әуенінің ырғағымен бірге теңселіп, әндетіп отырған. Ал, ХХ ғасырдың басында диуана атанған Зәрубай биші «Қоянды» жәрмеңкесінде қоян болып киініп, «Қоян» биін үстел үстіне қойылған кеселер арасымен ептілікпен секіріп, қол - аяғын тигізбей шебер орындаған. Қазақтың тағы бір биі «Ұтыс»
Белгілі биші Рахым Асылбекұлы «Қаражорға», «Ортеке» билерін шебер орындаған. Оқушылардың І сатыдан түсінгендерін тексеру сұрақтары:
а) Қазақ билері неге байланысты туындаған?
б) Қазақ билері жайлы не білесің? в) «Мимика» дегеніміз не?

ІІ саты. Қазақтың ұлттық би өнері 30 - жылдары бір сатыға көтерілді. 1912 жылы Алматы қаласында бір қазақтың дарынды биші қызы Шара дүниеге келді. 7 жасынан молдадан дәріс алып, би дегенді ауылдан бала кезінде көреді. Оны Шара былай деп суреттеген. «Орта бойлы, қапсағай денелі, қарасіңір, көздері жарқылдаған ер адам шықты. Шапанының етегін қайырып, қайыс белбеуіне қыстырған. Ортада аңтарылып тұрған әншіге қарап еді, ол домбырасын ойнай жөнелді. Сол сәтте биші қос қанатын жайып мойнын қылтыңдатып, тізесі бұралаңдап, бір отырып, бір тұрып, қимылдар жасай жөнелді. Көздерінің қарашығын ойнатып, біресе бүркітше, біресе жыланша ұзақ биледі».

Міне, осы күннен бастап Шараның бишілік өнерге деген ынтасы оянып, 16 жасында Қазақ драма театрына алынады. 1936 жылы Қазақстан мәдениетінің онкүндігінде Москвада өнер көрсетеді. Шара алғаш рет Қазақстанда бишілік мектеп ашып, шәкірттер даярлаған. Би өнеріне топтасып билеу өнерін енгізген ұстаз, биші әрі әртіс. «Ер Тарғын», «Қыз Жібек» операларындағы би көріністерін бейнелеген.


Оқушылардың түсінігін тексеру үшін сұрақтар:
1. Шара кім?
2. Қай жыл, қай жерде дүниеге келген?
3. Қандай операларда би көріністерін бейнелеген?
4. Қазақстан мәдениетінің онкүндігі тұңғыш рет қашан, қай жерде өтті?

ІІІ саты. Шара салған жолмен қазақ халқының бишілік өнері жыл сайын дами берді.
Шараның ізбасарлары ретінде Б. Аюханов, Г. Талпақова, К. Қарабалиналар би өнерін дамыта түсті. Сонымен қатар дүниеге «Салтанат», «Гүлдер», «Алтынай» бишілер ансамбльдері келді.
Енді назарларыңды интерактивті тақтаға аударыңдар. Билерді көре отырып, мынадай сұрақтарға жауап беруге ойланып отырыңдар?
1. Қандай ұлттың биін тыңдадың?
2. Бишілердің биі жеке би түріне жата ма, топпен би түріне жатады?

Сабақты бекіту. Қазақтың ұлттық дәстүрлі өнерлері: ән - би - күй.
Ән орындау. Дауысқа жаттығу жасау. «Биші болам өскенде» әнін үйрету, хормен орындату.
Сабақты қорыту. Үйге тапсырма беру. Оқушылардың білімін бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет