Садық деректі фильмнен үлкен киноға дейін астана 2004 ж. Садық М



бет8/13
Дата25.12.2016
өлшемі3,11 Mb.
#5252
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Бұл қарапайым кесте телевизиялық құрал-жабдықтардың сапасына және бағасына байланысты тізілді. Әрине, аппаратура жоғары сапалы болған сайын, онымен жұмыс жасайтын топтың кәсіби шеберлігі де жоғары дәрежеде болғаны міндетті.

Енді осы телевизиялық аппаратуралардың магнитофондарының бірін‑бірі оқуы, бейнетаспа әр түрлері болса да технологияларының бір-біріне сәйкестігіне тоқталайық.




Түрі

Сәйкестігі

1

DV

DVCAM

2

DVCAM

DV, DVCPRO

3

DVCPRO

DV, DVCAM

4

DVCPRO 50

DV, DVCAM

5

Betacam SX

Betacam SP

6

Betacam SP

Жоқ

7

Digital Betacam

Betacam SP

8

MPEG IMX

Betacam SX

Betacam SP

Digital Betacam

Байқағанымыздай, өзіңізге қажетті телевизиялық құрал-жабдықтарды сатып алу туралы шешім қабылдамастан бұрын, оның басқа аппаратураларға сәйкестігін жіті зерттеп алған жөн. Себебі, егер алған аппаратураңыз істен шығып, жөндеуді қажет еткен жағдайда, оған біршама уақыт кетуі әбден мүмкін. Камера не бейнемагнитофонның бірі бұзылса, оны сервистік орталыққа тапсырасыз. Бізде әзірге күрделі жөндеу орындары жоқ. Демек, оны Мәскеуге апарып, әкелуге 2-3 ай мерзім кетеді. Осы кезеңде жұмыс істеп тұрған камера не бейнемагнотофоныңызды пайдалануға, жалға беруге болады.

Бұл жерде өзіңіз сатып алған телеаппаратураның еліміздегі қолданыста жиі кездесетін, телевизиялық құрал-жабдықтардың қайсысына сәйкес келеді деген мәселе туады. Және де телевизиялық аппаратураларды қызғыштай қорғап, жиі пайдаланбасам ұзақ қызмет көрсетеді деген пікір қате. Қазір жыл жылжыған сайын телевизиялық жаңа форматтар көптеп өмірге келуде. Ал осы құрал-жабдықтарды әзірлейтін компаниялар кәсіби камера немесе бейнемагнитофонды 5-6 жыл ғана пайдалану қажеттілігіне кеңес береді. Одан әрі оны қанша жөндесеңіз де, бұрынғыдай сапаға қол жеткізе алмайсыз.


Шағын студия ережелері
Деректі фильмдер, жарнама, әншілердің бейнеролигін түсіруге тапсырыс жыл сайын көбейе түсуде. Егер режиссер, камерагер және монтаждаушыдан тұратын үш адамдық топ таланты мен іскерлігін тиімді пайдала білсе, үлкен жетістікке жетулеріне жол ашық.

Қазіргі техникалық прогресс оған мүмкіндік туғызады. Ертеректе бейнеөнімдерді жасауға: камера, екі-үш бейнемагнитофон, бейнеэффект қондырғысы, титр теретін машина, дыбыс микшері мен дыбыс процессоры қажет еді. Енді камера, бейнемагнитофон және тізбексіз монтаждайтын арнайы компьютеріңіз болса - іске сәт. Және мұндай кешеннің құны сапасына қарай 20 мың доллардан ‑ 70 мың доллар аралығында тұрады. Егер өзіңізді бейнеөнім жасауға дайынмын деп есептесеңіз, Алматыда Сізге қол ұшын созып, көмектесуге дайын фирмалар жетерлік. Республикамызда кино-бейнеаппаратуралар жүйесін әзірлеп, кепілдік бере отырып, телевизиялық құрал-жабдықтар сататын фирмалармен таныстыра кетуді біз өз тарапымыздан қажет деп есептедік.


  1. «OKNO-TV» professional video & audio. www. okno-tv.ru.

1991 жылы Ресейдің Космосты зерттеу институтының мамандары құрған. Қазір ТМД-дағы телевизиялық, аудио, спутниктік құрал-жабдықтардың әлемде бар кез-келген түрін сапалы түрде орнатып бере алады. Ресейдің барлық дерлік ірі телеарналары мен Қазақстандағы «Хабар», «31 канал» «Астана-ТВ» арналарында үлкен жобаларды іске қосқан. Мәскеуден басқа Новосибирск мен Алматыда филиалдары бар. Фирмада 120 адам жұмыс істейді. Оның 50-і телевизия мен радиоқондырғыларына қажетті мамандық түрлерін жетік меңгерген инженерлер.

Sony, Panasonic, Thomson, Ikegami, Telex, Drake, ARRI, Vinten. Egripment, Canon, Fujinon, Snell&Wilcox, Balcar, Transtechnic, JVC, Lowell, Unomat, Kramer, Matrox, Tascam, Shure, Sennheiser, Soundcraft, Mackie, Beyerdynamic, AKG, Maranz, Foster, Anton Bauer, Caranе секілді кино және телевизия өнімдерін шығаратын компаниялардың ресми интеграторы.

DIAS” компаниясы. www. dias.kz

1997 жылы құрылған. 2004 жылдан бастап елімізде кәсіби телевизиялық аппаратураларды жөндейтін сервистік орталық жұмысын жолға қоя бастады. Бұл салада Sony және JVS компанияларының авторлық құқығын алған 35 қызметкері бар.

PBDS” фирмасы. e. mail. pbds @ front. ru



Тәуелсіз мемлекеттер достастағы және Қазақстандағы “PANASONICBroadcast Europe (Ұлыбритания) компаниясының өкілдігі.

PBDS интеграциялық жүйелер мен осы заманғы телевизиялық кешендер жасауға маманданған. 1990 жылдардан бері Ресейдің, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан және де басқа елдердің телеарналарымен әріптестік байланыс орнатқан. Біздің елімізде “Хабар”, “Қазақстан”, “Рахат ТВ”, “КТК”, “НТК” телеарналарында бірқатар жобаларды табысты жүргізген тәжірибелі мамандар.

Бірқатар телеарналар мен студияларға құрал-жабдықтар қойған. Көбінесе мемлекеттік мекемелер, банктер, агенттіктер мен институттарға қызмет көрсетеді.

JVS, Sony, Panosonic, Toshiba, IDX сияқты әйгілі компаниялармен тікелей байланысқа шығып, бейне және дыбыстық құрал-жабдықтарды сатып, орнатып, мамандарды оқытып-үйретеді.



Екінші бөлім.

Шарт жасасу жолдары


Сценарий авторымен жасалатын шарт
¤мірде кездесетін жағдайларды көз алдымызға елестете отырып, сценарий авторымен шарт жасасудың тәжірибесін қарастырып көрейік. Студияға келген, алайда қолында дайын сценарийі жоқ автормен болашақта жасалатын фильмді пайдалануға дейінгі аралықтағы өзара қатынасты реттейтін шарт жасалынды делік. Әлбетте, мұндай шарттың ауқымына шарттың нысанына қатысы мүлдем алшақ нормалар кіруі мүмкін.

Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» (Бұдан әрі ҚР АҚ және СҚ туралы) заңы (1996 жылғы 10 маусым) тапсырыс шартына белгілі бір талаптарды жүктейтіні мәлім. Біріншіден, осы заңның 32- бабының 8-тармағына сәйкес Автордың болашақта жасайтын туындыларын пайдалану құқықтары авторлық шарттың нысаны бола алмайды. Демек, Продюсер Автордың болашақта жасайтын туындысының белгілі тұстарын іске асыра беруге құқылы. Сонда шарт автордың болашақтағы шығармашылық қызметінің дерексіз нәтижесі жөнінде емес, продюсердің мүддесіне сай нақты туынды түрінде жасалады. Екіншіден осы заңның 33-бабының 1-тармағына сәйкес Автор Туынды жасап, оны тапсырысшыға беруге міндеттенеді.

Ендеше осы қатынасқа қатысты нақты тапсырыс шартының жасалуына мән беріп көрелік:


ШАРТ

(тапсырыс шарты)
Продюсер, (Бұдан әрі «Тапсырысшы») Телестудия «Арман» атынан сенімхат № 173 (2004ж. 26.08 берілген) негізінде әрекет ететін, Данабайұлы Сайран (Астана қаласы Әл-Фараби көшесі 33 үйде 29 пәтерде тұратын жеке куәлігінің № 000000021 ҚР ІІМ 1998 ж. 21.03. берген және бұдан әрі қарай «Автор» Олжасқызы Дана Астана қаласы Самал шағын ауданы 9 үй 55 пәтерде тұратын жеке куәлігінің № 000000001 ҚР ІІМ 2001ж. 19.02. берген) төмендегідей шарт жасасты.


  1. Шарт нысаны

Әрқайсысы түпнұсқа туынды болып табылатын «_________________» деген шартты атауы бар жарнама сериалы тұжырымдамасының үш нұсқасын (бұдан әрі «Туынды») жасау жөнінде Тапсырысшы тапсырыс береді, ал Автор өзіне міндеттемелер алады. Тұжырымдама _____________________________ негізінде жасалады және болашақ Туынды туралы толық мағлұмат беріледі.




  1. Мерзімі мен аумағы

Бұл шарт екі тарап қол қойған кезден бастап күшіне енеді және дыбыс-бейнежазу туындысын жасау туралы шарт жасасқанға немесе тараптардың бірі оны бұзу жөнінде ұсыныс түсіргенге дейін әрекет етеді.




  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері




    1. Қазақстан Рспубликасының қолданыстағы заңдарында тікелей көзделген құқықтардан басқа, Автор:

а) тұжырымдама жасау үшін өзіне қажетті тең авторлар мен мамандар тартуға;

ә) өзінің жұмысына қажетті материалдарды, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтардың қорғалатын объектілеріне сұраныс жасауға және оларды алуға құқылы.



    1. Автор:

а) тұжырымдамасының үш нұсқасының ______ данасын Тапсырысшыға қолхат алып немесе осы шартқа қол қойылған кезден бастап ____ күн ішінде тапсырылғандығы туралы хабарландыру қағазы бар құнды пакетпен беруге;

ә) тараптардың қосымша шартта белгіленген мерзім ішінде Тапсырысшы таңдаған тұжырымдамаға, тапсырысшы қайта ұсынған өзгерістер мен түзетулерді енгізуге;



(Ескерту. Тапсырысшы жалпы көркемдік тұжырымдаманы бұзбайтын және Автордың беделіне нұқсан келтірмейтін өзгерістер енгізуді талап етуге, өзгерістер енгізу үшін Автордың келісімімен үшінші тараптарды шақыруға құқылы. Мұндай жағдайда, Тапсырысшы аталған тараптармен шарттық қатынастарды, бұл тараптарға берілетін сыйақыны автордың қаламақысына зиянын тигізбейтіндей және оның құқықтарын бұзбайтындай етіп жасауға міндеттенеді.

Шарттың нысаны болып табылатын туындымен жұмыс жасау мақсатында үшінші тараптарды шақыру мүмкіндігі, авторлық шарттың кез-келген түрі үшін айрықша құқық болып табылады. Автор мұндай тең авторлыққа келісім бермеуге құқылы. Автор келісім берген жағдайда тең авторлық шарттардың, авторлық сыйақыға тиетін әсерін, титрдағы көрсетулерді және басқа нәрселерді алдын-ала ескертуі қажет).

б) Тұжырымдаманың Тапсырысшы бекіткен нұсқасының негізінде Туындының бірінші сериясының сценарийлық кадр бөлінісін жасауға және Тапсырысшыға тұжырымдаманың нұсқасын бекіткен кезден бастап ____ күннен кешіктірмей ұсынуға;

в) Тапсырысшы сценарийлық кадр бөлінісін бекіткеннен кейін ___ күн ішінде жасалған Туындының бірінші режиссерлік кадр бөлінісін ұсынуға;

г) Осы шарттың талаптарын жария етпеуге;

(Мәліметтердің құпиялығы туралы жағдайлар авторлық келісімдер үшін аса маңызды емес, алайда көптеген продюсерлер оны сыйақы мөлшерін жасырып қалдыру үшін қосады. Егер де шартта оның талаптарын жария етпеу жөнінде тармақ көрсетілсе, мұндай міндеттемені бұзғаны үшін, шартты бұзуға болатындай жауапкершілікті жүктеу керек).

ғ) Шарттың қолданыстағы бүкіл мерзімі ішінде Тұжырымдаманың бекітілмеген нұсқаларын пайдалану құқығын Тапсырысшының келісімінсіз ешкімге бермеуге;

д) ‡шінші тараптардың тікелей сценарийге байланысты барлық талаптарын, (бұл талап-тілектер осы баптың «ә» тармағында ескертілген) өзгерістерге қатысты болғаннан басқа реттерде, Продюсерді араластырмай, өз бетінше шешуге міндетті.


    1. Қолданыстағы заңдардың ережелерінен туындайтын құқықтардан басқа, Тапсырысшы:

а) Автор ұсынған Тұжырымдама нұсқаларының бірін бекітуге;

ә) ұсынылған Тұжырымдама мен кадр бөлігіне қайта өзгерістер мен түзетулерді енгізуді талап етуге және жалпы көркемдік Тұжырымдаманы бұзбайтын, Автордың беделіне нұқсан келтірмейтін қайта түзетулерді енгізу үшін Автордың келісімімен өз қалауынша үшінші тараптарды шақыруға құқылы.



    1. Тапсырысшы:

а) осы шартқа сәйкес Автордың жұмысына ақы төлеуге;

ә) Автор ұсынған Тұжырымдама нұсқаларын қарауға және оларды Автор ұсынған кезден бастап _____ күн ішінде қалаған нұсқасын таңдауға, қажетті өзгерістердің маңызы және өзге де негізделген шешім жасауға;

б) Автор сценарийлық және режиссерлік кадр бөліністерін ұсынған кезден бастап ______ күн ішінде ұсынылған жұмысты бекіту және қажетті өзгертулерді қарауға және негізделген шешім жасауға;

(Ескерту. Осы мерзім біткенге дейін Тапсырысшы Авторға өзінің жазбаша ескертпелерін жібермесе, онда жұмыс ұсынылған қалпында қабылданды деп есептеледі).

в) үшінші тараптарды сценариймен жұмыс істеуге тарту және түсіру тобының шығармашылық құрамының мүшелерін шақыру жөнінде Авторды хабардар етуге;

г) үшінші тараптардың Автор ұсынған жұмысқа және кейінірек Автордың өзі енгізген қайта жөндеулерге тікелей қатысы жоқ барлық талаптарын Авторды араластырмай, өз бетінше шешуге;

ғ) қажетті жағдайда тұжырымдаманы жасау үстінде авторлық құқықтың қорғалатын объектілерін пайдалануға, көрсетілген объектілерді немесе олардың үзінділерін пайдалануға тиісті құқық иелерімен өз бетінше және өз есебінен шарттар жасасуға;

д) осы шарттың талаптарын жария етпеуге міндетті.


  1. Ақы төлеу жағдайлары

Осы шартта көрсетілген жұмыстарды орындағаны үшін, Авторға тиесілі жалпы сома ақы төленерден бір күн бұрынғы ММВБ құны бойынша __________ АҚШ долларына тең болатын, теңге мөлшеріндегі соманы құрайды.

Бұл соманың есебінен Тапсырысшы шартқа қол қойған кезден бастап жарты ақшасын ______ күн ішінде Авторға ___________ АҚШ доллары көлемінде аванс төлейді, Тапсырысшы сценарийлық кадр бөлігін бекіткен соң ___________ доллар, қалған соманы режиссерлік кадр бөлінісін бекіткен соң береді.

Сыйақы Автордың банктегі есепшотына аударылған жағдайда мұндай аударымның барлық шығындарын Тапсырысшы көтереді.




  1. Ерекше талаптар

Осы шартты орындауға байланысты Автор өзінің тұрғылықты мекен-жайынан сапарға шықса, Тапсырысшы оған күніне ___________ теңге көлемінде тәулікақы төлейді. Жол шығынына сәйкес Автордың ұсынуымен расталған барлық көлік шығындарын өтейді. Автордың осы шарт бойынша барлық телефон арқылы сөйлесулерінің, факсті, телеграфты, телексті және басқа да хат-хабар алмасуды пайдаланудың қаржысын көтереді.




  1. Шартты өзгерту, толықтыру немесе бұзу




    1. Осы шарттың барлық өзгерістері мен толықтырулары тараптардың екі жақты келісімі нәтижесінде заңды күшіне енеді. Келісімдер жазбаша түрде жасалып, екі тараптың қолы қойылады. Барлық өзгерістер мен толықтырулар осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескерген жаңа редакцияны қабылдау бұрынғы редакциялардың заңды күшін жояды.

    2. Егер де:

а) Автор Продюсердің жазбаша келісімінсіз үшінші тараптарды тұтас сценариймен немесе оның бір бөлігімен жұмыс істеуге тартса;

ә) сот шешімі негізінде Автордың сценарий жазудағы адал еместігі танылса;

б) Автор осы шарттың 3.2.- бабының «г», «ғ» тармақтарын бұзса,

Тапсырысшы шартты бұзуға және Автордан осы шарт бойынша төленген соманы өндіріп алуға құқылы.



    1. Тапсырысшы 3.4.- тармақтың «д» тармақшасын орындамаған немесе Тапсырысшының Автордың құқықтарын сақтамау, Автордың жұмысын үшінші тараптарға пайдалануға беру және сол сияқты адал еместігін сот таныған жағдайда, Автор өзіне төленген барлық соманы сақтай отырып, шартты бұзуға құқылы.

    2. ҚР АҚ және СҚ туралы заңы 15-бабының 2-тармағына (кері шақырып алу құқығы) сәйкес Автор тапсырысшыға барлық шығындарды өтеп, туындыны жариялатпай кері қайтарып алуға құқылы. Бұрын дайындалған даналарын Автор өз есебінен алады.




  1. Даулар

Тараптар осы шартты орындауға байланысты туындайтын дауларды келіссөздер арқылы шешуге міндеттенеді.

Дауларды бейбіт жолмен шешудің мүмкіндігі болмаған жағдайда олар жауапкердің орналасқан жеріндегі соттың қарауына жіберіледі. Даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық кесілулеріне сәйкес шешіледі.

Осы шарт 2 дана етіп жасалды. Бір данасы Авторда, бір данасы Продюсерде болады.

Тараптардың мекен-жайлары, банктегі деректері, қолдары қойылып, мөрлері басылады, шартты жасасудың орны мен уақыты көрсетіледі.
Құрастырылған жағдайға қайта оралсақ: тапсырыс шартында сипатталған Продюсердің талаптарына сәйкес Автор сценарий әзірледі. Алайда Продюсердің түсірулерге жедел кірісуі үшін қаржылай және техникалық мүмкіншіліктері жеткіліксіз, тіпті фильмді түсіруді жүзеге асыруға сенімі жоқ. Мұндай жағдайда тараптар шетелде кеңінен қолданылатын, қазақстандық тәжірибеде орын ала бастаған опцион шартын немесе алдын-ала шарт жасасу мүмкіндігін қолдана алады. Бұл шартқа сәйкес, Автор белгілі бір төлемақы алып, өз сценарийін шартта көрсетілген белгілі бір уақытқа дейін үшінші тараптарға ұсынбай, Продюсер үшін «ұстап тұруға» міндеттенеді. Егер осы уақыт ішінде Продюсер қаржы тапса, онда Автор сценарий мен болашақ фильмді пайдалану құқығын беру туралы онымен шарт жасасуға келіседі. Опцион бойынша сыйақы, жалпы авторлық қаламақыға кіреді. Егер де сыйақы, қаламақы құрамына енбесе, онда Автор туындыға өз қалауынша иелік ететін опцион бойынша алған қаржы Авторда қалады. Опциондық шартқа, яғни алдын-ала жасалатын шартқа қатысты Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (бұдан әрі ҚР АК)390-бабының нормалары сәйкес келеді.

Алдын-ала жасалатын шартта, негізгі шарттың жасалуына жол ашатын талаптар көрсетіліп, негізгі шарттың нысаны мен маңызды талаптарының сипаттамасы берілуі тиіс. Алдын-ала жасалған шарт аяқталған соң, тараптар шарт жасасуға міндеттенетін мерзімді көрсетулері қажет. Егер мұндай мерзім белгіленбесе, онда тараптар алдын-ала жасалатын шарт жасасқан кезден бастап, бір жыл ішінде негізгі шартты жасасуы тиіс. Алдын-ала жасалатын шарттың нысаны негізгі шартқа заңды тұрғыдан қойылатын талаптарға қатысты болады. Мұндай нұсқау болмаса, алдын-ала жасалатын шарт жазбаша түрде жасалуы тиіс. Алдын-ала шарттың жасалатын нысанын сақтамау салдары, шарттың күшін жойған деп саналады.

ҚР АК-тің 390-бабының 6-тармағы алдын-ала жасалатын шарттың күшін жою туралы нормаларды қамтиды. Іс жүзінде екі жағдай бар: алдын-ала жасалатын шарттың орындалуы (негізгі шарттың жасалуына) және мерзімі бітуіне байланысты тоқтатылуы.

Опциондық шарт әдетте қысқа мерзімге жасалады, бұл заңнама нұсқауларына ғана емес, сонымен қатар сценарийдің «жедел бұзылатын өнім» екендігіне де байланысты. Мұндай шарт бойынша сыйақы әрқашан белгіленген сомада көрініс табады. Шарттың әрекет етуі таралатын аумақты болашақ дыбыс-бейнежазу өнімінің болжамды «сатылу» аймағы, дұрысы бүкіл әлем елдері деп көрсеткен абзал.


ШАРТ

(опциондық шарт немесе алдын-ала жасалатын шарт)
Бір тараптан Жарғының негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Продюсер» делінетін _________________________________ атынан __________________________ және екінші тараптан, бұдан әрі Автор делінетін ____________________________ мынадай шарт жасасты.

Автор, түпнұсқа туынды түріндегі әдеби сценарийдің иесі (авторы) болып табылады. Продюсер Автор сценарийінің негізінде фильм түсіреді.

Түсірулердің басталу мерзімі көрсетілмегендіктен, Продюсердің ниетін қамтамасыз ету үшін, Автор өзі жасаған сценарийді, кинематографиялық пайдаланудың айрықша құқығын Продюсерге береді, Продюсер оларды қабылдап алады. Бұл - айрықша құқық, Продюсерге ________ ай мерзімге осы шартқа екі тарап қол қойған кезден бастап немесе тараптар арасында Автордың сценарийі бойынша фильмді түсіру мен пайдалану жөнінде авторлық шарт жасалғанға дейін беріледі.

(Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 390-бабының 4-тармағына сәйкес, егер алдын-ала жасалатын шартта мерзім белгіленбесе шарт алдын-ала жасалған кезден бастап бір жыл ішінде жасалуы тиіс).

Көрсетілген мерзім ішінде Продюсердің жазбаша келісімінсіз Автордың өз сценарийін үшінші тараптардың дәл солай пайдалануы үшін беруге құқығы жоқ.

Автордың жазбаша келісімінсіз осы шарт бойынша алған құқықтарын толығымен немесе ішінара Продюсердің үшінші тараптарға беру құқығы жоқ.

Продюсер осы шартта көрсетілген құқықтарды бергені үшін Авторға ________________ теңге көлемінде сыйақы төлейді. Егер Продюсер аталған сыйақыны Автордың есепшотына аударса, осыған байланысты банк операцияларының барлық шығынын Продюсер көтереді.

Осы шарт жоғарыда айтылған авторлық шарттың жасалуына байланысты бұзылса, бұл сыйақы авторлық қаламақыны есептеуде ескеріледі.

Егер шарттың мерзімі бітсе және Продюсер фильм түсіру жөніндегі өзінің ниетінен бас тартса, онда сыйақы Авторда қалады. Шартқа сәйкес қабылданған міндеттемелер, Продюсердің кінәсінен орындалмай шарт бұзылса, сыйақы Авторда қалады.

Шартта бекітілген міндеттемелер Автордың кінәсымен орындалмай шарт бұзылса, Автор шартқа сәйкес алған сомаларын Продюсерге қайтарып беруге міндетті.

Шартты орындауға байланысты туындаған барлық дауларды тараптар келіссөздер арқылы шешуге міндеттенеді. Егер келісімге қол жеткізілмесе, онда талап-арыз жауапкердің орналасқан жеріндегі сотқа жіберіліп, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаралады.

Шарт __________ данада жасалады, оның біреуі Авторда, біреуі Продюсерде болады.

Тараптардың мекен-жайлары, банк деректемелері, қолдары қойылып, мөрлері басылады, шарттың жасалған орны мен уақыты көрсетіледі.


Жоғарыда үлгісі келтірілген шарттың келесі кезеңі немесе құрамдас бөлігі ретінде жасалған сценарийді пайдалану құқығын беру туралы келісім ғана тараптар үшін заңды болып табылады.

Бір жағынан сценарийді кинематографиялық немесе соған ұқсас құралдар арқылы пайдалану құқығы дыбыс-бейнежазу туындысын жасауға тікелей қатысты болады. Сценарий – оның авторының дыбыс-бейнежазу туындысының жалпы «өніміне» қосқан үлесі. Шартта сценарийдің нәтижесі оның негізінде түсірілген фильмнің нәтижесінен бөлек қаралуы, сценарий мен тұтас фильмге берілетін құқықтардың мерзімі, аумақтары әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ іс жүзінде сценарийді кинематографиялық тұрғыдан пайдалану құқығын беру туралы шарттар тек сценарий негізінде дүниеге келетін дыбыс-бейнежазу туындысын пайдалану құқығын берумен бір мезгілде жасалады. Сондықтан төменде дыбыс-бейнежазу туындысын жасау мен пайдалану жөніндегі шарттардың бірнеше нұсқасы ұсынылып отыр.




ШАРТ


(дыбыс-бейнежазу туындысын жасау мен пайдалану жөніндегі шарт)

Жарғы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Продюсер» деп аталатын ____________________________________________ студиясы атынан _____________________________ және бұдан әрі «Автор» деп аталатын __________________________________ мекен-жайы бойынша тұратын __________________________ берген жеке куәлігінің № __________________, ____________________ осы шартты жасасты.




  1. Шарт нысанасы

Автор түпнұсқаның туынды ретінде танылатын сценарий иесі болып табылады. Бұл сценарийді кинематографиялық тұрғыдан пайдаланудың айрықша құқығын Автор, Продюсерге береді, ал Продюсер бұл құқықты алдын-ала «____________________________» деген атау қойылған фильмді жасау үшін сценарийдің өзін қабылдап алады. Продюсер бұл құқықты үшінші тараптарға Автордың жазбаша келісімі негізінде береді. Осыдан басқа, Автордың сценарийі бойынша Продюсердің қатысуымен жасалатын фильмді пайдалану жөніндегі ҚР АҚ және СҚ туралы заңның 13-бабында көрсетілген құқықтарды Автор Продюсерге береді.




  1. Мерзімі мен аумағы

Осы шарт оған екі тарап қол қойған кезден бастап күшіне енеді.

Сценарийді кинематографиялық тұрғыдан пайдаланудың айрықша құқығы Продюсерге шарттың заңды күшіне енген кезінен бастап, ________ жылға беріледі.

Бұл сценарий бойынша түсірілген фильмді пайдалану жөніндегі ҚР АҚ және СҚ туралы заңның 13-бабында көрсетілген айрықша құқықтарды Автор, Продюсерге осы фильмді пайдалану жөніндегі авторлық құқықтың бүкіл әрекет ету мерзіміне береді және жер бетінің барлық аумағына таралуына рұқсат етеді.

Сценарийді пайдалану құқығын беру мерзімін тараптар тиісті нормативтік-құқықтық кесімдерге сәйкес анықтайды. Студия жабылған немесе Продюсер (жеке тұлға) қайтыс болған жағдайда, шартты тоқтатуға апаратын, заңда көзделген басқа да реттерде, фильмге авторлық құқық оның тең авторларына, яғни сценарийшіге, режиссерге және сазгерге мұрагерлері мен мирасқорларына көшеді. Автор Продюсермен оған фильмге құқықты тұтасымен қайта беру жөнінде шарт жасай алады. Егер шарт жасалмаса, фильмді пайдалану құқықтары Продюсерге тиесілі болады. Тиісті авторлық мерзім біткен соң қоғамдық игілікке айналады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Шартта, сондай-ақ төменде келтірілген барлық авторлық шарттарда тараптардың құқықтары мен міндеттерінің көлемі туралы келісім маңызды болып табылады. Тараптардың құқықтары мен міндеттері шартта көрсетілмей дау туындаса тараптар куәгерлікке арқа сүйей алмайды.

(Әдетте, бір тараптың құқықтары, келесі тараптың міндеттерінде көрініс табады. Сондықтан тараптардың бір-бірінен талап ету мүмкіндігін қалайтын, бір қарағанда ұсақ-түйек айғақтар ретінде көрінетін барлық нәрсе шарттың осы тармағында көрсетілуі тиіс).

3.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген құқықтардан басқа, Автор:

а) сценарийдің барлық талқылауларына қатысуға;

ә) режиссерлік сценарийді жасау ісіне, қоюшы-режиссер мен актерге көріністерді, кейіпкерлердің бейнелерін, оқиғаның өту барысын және т.б. түсіндіруге кеңестер беріп, түсіру тобының жұмысына араласуға;

б) киноматериал мен түсіріліп біткен фильмді талқылауға қатысуға;

в) сценарийді кинематографиялық тұрғыдан пайдалану жөніндегі 2-тармақта көрсетілген айрықша құқықты беру мерзімі біткен соң, сценарийге өз бетінше иелік етуге құқылы.

(Алайда, Продюсердің фильмге иелік ету құқығы, осы фильмге авторлық құқықтың әрекет етуінің бүкіл мерзімі ішінде сақталады.

Сценарийге құқықтың берілу мерзімі оған авторлық құқықтың әркет ету мерзімімен сәйкес келуі мүмкін. Мұндай жағдайда шартқа кейінгі тармақ енгізілмеуі мүмкін).

3.2. Автор:

а) сценарийдің үш данасын Продюсердің қарауына қолхат арқылы немесе осы шартқа қол қойылған кезден бастап ____ күн ішінде тапсырылғандығы туралы хабарландыруы бар құнды пакетке салып беруге;

ә) қосымша келісімде белгіленген мерзім ішінде сценарийге Продюсер ұсынған қайта өзгерістер мен түзетулерді енгізуге міндетті.

б) Шарттың 2-тармағында көрсетілген мерзім біткенге дейін Продюсердің жазбаша түрдегі келісімінсіз сценарийді кинематографиялық тұрғыдан пайдалану үшін басқа біреулерге немесе ұйымдарға бермеуге;

в) үшінші тұлғалардың сценарийге тікелей қатысты талаптарын өз бетінше, Продюсерді қатыстырмай шешуге міндетті.



(Шартта Продюсердің сценарийге қанша рет өзгерістер енгізе алатындығы, олардың сипаты, түзетілген сценарийдің мақұлдану тәртібі, оны жетілдіруге үшінші тұлғаларды тарту мүмкіндігі жөнінде нұсқаулар міндетті түрде болуы тиіс. Басқа жағдайларда Продюсердің талабы бойынша сценарийші кез-келген өзгерісті қосымша енгізе алады. Продюсердің рұқсатынсыз өзге тұлғалар өзгерістер енгізуді талап ете алмайды. Себебі Автордың шарттық қатынастары режиссермен, актермен, инвесторлармен және тағы басқалармен емес, тек қана Продюсермен жасалады. Продюсер түсіру процесіне қатысушы басқа адамдардың сценарийді қайта өңдеу жөніндегі ұсыныстарын тек өз атынан ғана тұжырымдай алады).

3.3. Қолданыстағы заңнаманың ережелерінен туындайтын құқықтардан басқа, Продюсер:

а) сценарийге өзгерістер мен қайта жөндеулерді бір реттен артық енгізбеуді талап етуге (Бұл талаптар Авторға тиісті қайта түзетулердің қажеттілігінің мәні мен негіздемесін дәл көрсету арқылы жазбаша түрде тапсырылуы тиіс);

ә) Шартқа сәйкес сценарийді өз қалауы бойынша тең Продюсерді, техникалық қызметкерді және т.б. қатыстырып пайдалануға (шығармашылық қызметкерлерді тарту Автормен келісілуі қажет);

б) осы сценарий бойынша жасалатын фильмді жарнамалаудың барлық түрлері үшін сценарийдің жекеленген бөліктерін пайдалануға;

в) үшінші тұлғалармен салыстырғанда, ең алдымен Автормен сценарийге осы шарт бойынша (оның ішінде сценарийді баспадан шығару құқығы да бар) берілмеген құқықтарды беру жөнінде шарт жасасуға құқылы.

(Айта кету керек, авторлық келісімдерге жиі енгізілетін бұл тармақтың заңды күші жоқ. Өйткені мұның болашақтағы қатынастарға байланысы бар, ал оларды орнықтыруда Авторда талаптарды іске асыру еркіндігі ғана емес, әріптестің еркіндігіне де қатысты шарт еркіндігі принципіне сүйенеді).

3.4. Продюсер:

а) Автордың сценарийі бойынша фильм түсіруге (фильмнің түсірілуі 20___ жылғы “____” ___________ кеш басталмауы тиіс);

ә) Автор ұсынған сценарийді қарауға және оны алғаннан бастап _____ күн мерзім ішінде барлық өзгертулер мен қайта жөндеулерді енгізудің қажеттігін дәлелдей отырып Авторға ұсынуға;

(Ескерту: Егер бұл мерзім біткенге дейін Продюсер, Авторға өзінің жазбаша түрдегі ескертпелерін жолдамаған болса, онда сценарий ұсынылған қалпында еш өзгеріссіз қабылданған болып есептелінеді).

б) Авторды сценарийді талқылауға қатысуға, режиссерлік сценарийді жасауға, түсіру тобының жұмысына, киноматериал мен түсіріліп болған фильмді талқылауға қатыстыруға;

в) киносценарий мен режиссерлік сценарийді, фильмнің түпкілікті атауын бекітуге, негізгі шығармашылық құрамды тарту мен босату мәселесін тек Автордың жазбаша түрдегі келісімімен шешуге;

г) сценарийге тікелей қатысы жоқ, авторлық құқық пен фильмге меншік құқығына байланысты үшінші тұлғалардың барлық талаптарын өз бетінше, Авторды қатыстырмай шешуге міндетті.


  1. Ақы төлеу жағдайлары


(Ескерту: Авторлық сыйақыны анықтау мен төлеудің тәртібі АҚ және СҚ туралы заңда белгіленген. Әлемдік тәжірибеде әмбебап сыйақы пропорционалдық сыйақы болып саналады. Себебі осы жағдайда Автор қолданушының, яғни бұл арада Продюсердің тәуекел етуіне қосылады. Алайда, Қазақстан жағдайында көптеген Продюсерлер бір-ақ рет есептескенді жөн санайды. Бұл шартта ақы төлеудің үлгілі талаптарын қамтыған).

4.1. Сценарийді кинематографиялық тұрғыдан пайдаланудың айрықша құқығын бергені үшін Продюсер Авторға _________________

____ % 20___ жылдың «____» _______________ дейін;

____ % 20___ жылдың «____» _______________ дейін;

____ % 20___ жылдың «____» _______________ дейін;

4.2. Автордың режисерлік сценарийді жазу жұмысына немесе түсіру тобының жұмысына қатысуы қажет болған жағдайда бұл жұмыс қосымша сыйақыға және тараптар жасасатын жеке мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

4.3. Фильмге ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңында көрсетілген нормаларға сәйкес Продюсер Авторға шарттың әрекет етуінің бүкіл мерзімі ішіндегі табыстан __________ % көлемінде сыйақы аударады, бұл мерзім фильмге авторлық құқықтың әрекет ету мерзімімен сәйкес келеді.

Фильмді пайдаланғандығы үшін сомалар Авторға _____ ай сайын төленеді және Продюсердің фильмді пайдалануының әр түрінен түскен табысы мен авторлық сыйақыны растайтын құжатпен қоса беріледі. Сыйақы Автордың банктегі есепшотына аударылған жағдайда мұндай аударымның барлық шығындарын Продюсер көтереді.

Фильмді жасау мен пайдалану шетелдік қатысушылармен бірлесіп жүзеге асырылса Авторға тиесілі шетелдік валютадағы сыйақының мөлшері мен төлену тәртібі тараптардың қосымша келісімімен белгіленеді.




  1. Ерекше талаптар

5.1. Автордың аты-жөні фильмнің басқы титрінде, фильмді жасау, жарнамалау, көбейту және пайдалануға байланысты барлық жарнамалық-ақпараттық материалдарда қоюшы-режиссердің аты-жөнімен қатар (алдында немесе кейін) дәл сондай өлшемдегі титрмен көрсетіледі.

5.2. Автор өзінің тұрғылықты мекен-жайынан Продюсердің шақыруы бойынша сапарға шықса, оған күніне ________________ теңге көлемінде тәулікақы төленеді. Мұндай жол жүруге байланысты жұмсалған барлық көлік қаражаты Автор растап ұсынған құжаттар бойынша өтеледі. Продюсер шарт бойынша барлық телефон сөйлесулерін, факс, телеграф, телекс және басқа да хат-хабар алмасу шығындарын Автордың растап ұсынуы бойынша өтейді.

5.3. Продюсер Авторды мемлекеттік сақтандыру ережелері бойынша сақтандыруға міндетті.





  1. Шартты бұзу

6.1. Продюсер:

а) Автор түзетулер мен қайта жөндеулерді, олар жөніндегі талаптарды осы шарттың 3.3.-тармағына сәйкес ұсынып, Автор оны енгізуден бас тартса;

ә) Автор сценариймен тұтастай немесе ішінара жұмыстар жүргізу үшін үшінші тұлғаларды Продюсердің жазбаша түрдегі келісімінсіз қатыстырса;

б) сот шешімі Автордың сценарий жасаудағы адал еместігін таныса;

в) Автор осы шарттың 3.2.-тармағының 3)-ші тармақшасын бұзса, мұндай жағдайларда Продюсер шарт бойынша төленген барлық сомаларды өндіріп алуға құқылы.

6.2. Продюсер сценарийді кинематографиялық тұрғыдан пайдаланудан бас тартқан жағдайда Автор осы шарттың 4.1.-тармағында көрсетілген сыйақыны алу құқығын сақтайды. Осы шарттың 3.2-тармағында көрсетілгендей, Продюсер сценарийден ол тапсырылғанға дейін бас тартса, онда шарт бұзылып, бұрын төленген барлық сомалар Автордың өзінде сақталады.

6.3. Продюсер сценариймен жұмыс істеу үшін, үшінші тараптарды тартқан немесе сценарийді кинематографиялық тұрғыдан пайдалану құқықтарын үшінші тараптарға Автордың жазбаша түрдегі келісімінсіз берген, Продюсердің тарапынан түсірулердің басталу мерзімі Авторды жазбаша түрде ескертпестен орындалмаған жағдайларда, Автор өзіне төленген барлық сомаларды сақтай отырып, шартты бұзуға құқылы.

6.4. Төленген сыйақыны қайтару немесе қайтармау арқылы шарт бұзылған жағдайларда сценарийге тиісті барлық құқықтар Авторға қайтарылады.
7. Даулар
Шартты орындауға байланысты туындаған барлық дауларды тараптар келіссөздер арқылы шешуге міндеттенеді.

Дауларды бейбіт жолмен шешудің мүмкіндігі болмаса, тараптар талап арызды жауапкердің орналасқан жері бойынша соттың қарауына жібереді.

Шарт ______ дана етіп жасалған, оның бірі Авторда, бірі Продюсерде болады.

Тараптардың мекен-жайлары, банк деректемелері, қолдары қойылып, мөрлері басылады, шарттың жасау орны мен уақыты көрсетіледі.

ШАРТ

(дыбыс-бейнежазу туындысын жасау мен пайдалану

жөніндегі шарт)
Жарғы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі қарай “Продюсер” деп аталатын _______________________________ студия атынан _____________________ және бұдан әрі қарай «Автор» деп аталатын _______________________________________________ осы шартты жасасты.
1. Шарттың нысанасы
1.1. Әрбір түпнұсқа туынды болып табылатын және мазмұнының әдеби сипаттамасын, драматургиялық тұрғыдан жасалған сюжеттік дамуды, жалғасуларды, туындының көрілімдік қатары жөнінде нақты түсінік беретін кейіпкерлердің, оқиғаның орны мен уақытының, титрлерінің сипаттамаларын қамтитын аяқталған (құрастырылған) материалының (бұдан әрі “Туынды”) жалпы көлемі ________ минут экрандық уақыттан кем емес, “_______________________________________” деген шартты атауы бар синопсис пен _____ ситкомға арналған ______ әдеби сценарийді жасау жөніндегі міндеттемелерді Продюсер тапсырады. Автор қабылдайды.

1.2. Автор Продюсерге сценарийді кез-келген әдіспен пайдаланудың айрықша құқықтарын, сондай-ақ туындыға АҚ және СҚ туралы заңның 13-бабының 2-тармағында көрсетілген барлық құқықтарды береді.


2.Мерзімі мен аумағы
Шарт тараптар қол қойған кезден бастап күшіне енеді және Туындыға авторлық құқықтың барлық әрекет ету мерзімі ішінде әлем елдерінің бүкіл аумағында қолданыста болады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген құқықтардан басқа, Автор:

а) тұжырымдама жасау үшін өзіне қажетті тең авторлар мен мамандарды тартуға;

ә) кейіпкерлер мен жекелеген көріністерді түсіру тобының жұмысына қатысуға;

б) түсірілген материалды және аяқталған туындыны талқылауға қатысуға құқылы.

3.2. Автор:

а) Продюсерге сценарийдің ___ интервал арқылы (сценарий 2 интервал, бір беттегі қатарлардың саны – 28-30, бір қатардағы таңбалардың саны – 60-65, 1 минутке – 1 бет есебімен болуы мүмкін) басылған үш данасын қолхат алып немесе синопсисті қоюшы-режиссермен бірге талқылау кезінен бастап ____ күн ішінде (3.2.-тармағының «ә» тармақшасында көрсетілген өзгерістерді сценарийге кететін уақытты есепке алмай) тапсырылғандығы жөнінде хабарландыруы бар құнды пакетпен беруге міндетті.

ә) әр сценарийді қарастырғаннан кейін Продюсер ұсынған қайта жөндеулер мен түзетулерді енгізуге;

(Ескерту. Продюсердің жалпы көркемдік тұжырымдаманы бұзбайтын және Автордың беделіне нұқсан келтірмейтін өзгерістерді енгізуді талап етуге, Автордың жазбаша түрдегі келісімімен өзгерістер енгізуге үшінші тұлғаларды өз есебінен шақыру құқығына Автор қарсылық білдірмейді. Бұл жағдайда Продюсер аталған тараптармен келісімдік қатынастарды оларға төленетін сыйақыны шарттың 4-тармағында көзделген Автордың қаламақысына нұқсан келтірмейтіндей, оның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтындай және Автордың аты-жөні титрлерде сценарийдің негізгі авторы ретінде көрсетілгендей етіп құруға міндеттенеді).

Сценарийге тікелей байланысты үшінші тұлғалардың барлық талаптарын, бұл талаптар осы шарттың «ә» тармақшасында ескертілген өзгерістерге қатысты болмаған жағдайда өз бетінше, Продюсерді қатыстырмай шешуге құқылы.

3.3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелерінен туындайтын құқықтардан басқа, Продюсер:

а) ұсынылған сценарийге өзгерістер енгізуді талап етуге және жалпы көркемдік тұжырымдаманы бұзбайтын әрі Автордың беделіне нұқсан келтірмейтін мұндай қайта жөндеулерді енгізу үшін Авторды ескерте отырып өз қалауы бойынша үшінші тұлғаларды шақыруға құқылы.

(Ескерту. Көрсетілген өзгерістер мен қайта жөндеулер Продюсердің тарапынан сценарийдің әр бөлімі берілген кезден бастап 3 немесе 5 күндік мерзім ішінде ұсынылуы мүмкін. Егер бұл мерзім ішінде Продюсер Авторға сценарийлерді жөндеу жөніндегі жазбаша ұсыныстарын жолдамаса, олар ұсынылған қалпында қабылданған болып саналады. Автор түзетілген сценарийді ұсынғаннан кейін Продюсер 3 немесе 5 күн мерзім ішінде қарауға және өзгерістер мен қайта жөндеулерді енгізуді, қайта ұсынуға немесе ұсынылған қалпында қабылдауға міндетті. Ал, егер қайта түзетілген нұсқа Продюсерді қанағаттандырмаса, продюсер шарттың 3.2.-тармағының «ә» тармақшасының нормаларына сәйкес, сценарийді жетілдіру үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы және осы шарттың 4-тармағына сәйкес Автормен есеп айырысуға міндетті).

3.4. Продюсер:

а) сценарийдің негізіндегі туындыны түбегейлі берілген кезден бастап, бір жылдан кешіктірмей жасауға;

ә) Автормен осы шартқа сәйкес есеп айырысуға;

б) Автор ұсынған сценарийді қарауға және сценарийдің әрбіреуі ұсынылған кезден бастап ____ күн ішінде, керек болған жағдайда қажетті өзгерістер мен қайта жөндеулердің маңыздылығын жазбаша түрде түсіндіруге;

в) Автордың жазбаша түрдегі келісімінсіз үшінші тұлғаларды сценариймен жұмыс істеуге қатыстырмауға;

г) Автор ұсынған сценарийге тікелей қатысы жоқ үшінші тұлғалардың барлық талаптарын өз бетінше, Авторды қатыстырмай шешуге;

ғ) Автордың жазбаша түрдегі ескертуінсіз осы шарттың 1.2.-тармағына сәйкес берілген құқықтарды үшінші тұғаларға толығымен немесе ішінара бермеуге міндетті.

(Ескерту. Сценарий мен Туындының бөліктерін (оның ішінде кейіпкерлерді, типтерді, мінездерді, жеке эпизодтар мен көріністерді) басқа туындыларды жасау үшін пайдалану немесе авторлық құқықтың басқа да объектілеріне қосу Автордың жазбаша түрдегі келісімімен ғана рұқсат етіледі).


4. Ақы төлеу жағдайлары
4.1. Осы шарт бойынша Авторға тиесілі жалпы сома сценарийді жазғаны үшін ақы төлеуден бір күн бұрынғы ММБВ бағамы бойынша __________ АҚШ долларына тең сомадағы теңге түрінде және Сценарий мен Туындыны пайдаланудан түскен Продюсер табысының ____ %‑ын құрайды.

4.2. Бұл соманың есебінен Продюсер осы шартқа қол қойылған кезден бастап ____ күн ішінде Авторға ________ АҚШ долларына тең сомада теңге көлемінде аванс төлейді.

Соманың қалған бөлігі ____ сценарийге (әр сценарийге __________ АҚШ долларынан) сыйақы беру үшін бөлінеді және келесі тәртіппен:

_______ аванс_______ ____%

_______ Продюсер сценарийді бекіткен жағдайда _________ әр сценарий үшін сыйақының қалған бөлігі _______ әр сценарийдің бекіген кезінен бастап _____ күн ішінде төленеді.

4.3. Егер осы шарттың 3.3.-тармағының «а» тармақшасына ескертуде көзделген тәртіппен қайта енгізілген өзгерістерден кейін Продюсердің сценарийге көңілі толмаса, онда ол сценарийді қайтару жөнінде шешім қабылданғаннан кейін ____ күн мерзім ішінде төленген аванстан бөлек серия құнының ____%-ын тағы төлейді, бұл өз кезегінде шарттың 4.1.-тармағында көрсетілген жалпы белгіленген соманы азайтады.

4.4. Алғашқы теңгеден ____% көлеміндегі пропорционалды сыйақы шарттың әрекет етуінің бүкіл мерзімі ішінде төленеді, бұл мерзім сценарий мен туындыға авторлық құқықтарды әрекет ету мерзімімен сәйкес келеді.

Авторға пропорционалды сыйақы төлеу әр ____ ай сайын жүзеге асырылады және фильмді пайдаланудың әр түрінен түскен Продюсер табысын (Авторға 3.4.-тармағының «ғ» тармақшасына сәйкес ұсынылған ескертулердің негізінде) және авторлық сыйақының есебін растайтын құжатпен қоса беріледі.

4.5. Сценарий мен Туындыны жасау және пайдалану жөніндегі осы шартта көзделмеген жұмыстарға Автор қатысқан жағдайда, Продюсер оған осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімде белгіленгендей қосымша сыйақы төлейді.

4.6. Сыйақы Автордың банктегі есепшотына аударылған жағдайда, мұндай аударымның барлық шығындарын Продюсер көтереді.


5. Тараптардың жауапкершілігі
5.1.Автор 3.2.-тармағының «а» тармақшасын бұзған жағдайда Продюсер оған сценарийді тапсыру үшін ____ күн мерзім береді. Егер бұл мерзім ішінде сценарий ұсынылмаса, онда Автордың сыйақысы әрбір өткізіп алған күн үшін қалған сомадан ____ % кемітіледі.

5.2. Осы шарттың 4-тармағында көзделген сыйақының уақытылы төленбегені үшін Продюсер Авторға әрбір өткізіп алған күн үшін ____% айып ақы төлейді.


6. Шартты өзгерту және бұзу
6.1. Осы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу екі тараптың келісімі негізінде заңды болады және жазбаша түрде рәсімделіп, екі тараптың қолы қойылады. Барлық өзгерістер мен толықтырулар осы шарттың ажырамас бөлігі болып саналады және енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар негізінде жаңа редакцияларды қабылдау, бұрынғы редакциялардың әрекет етуін тоқтатады.

6.2. Продюсер:

а) сот Автордың сценарий жасаудағы адал еместігін таныса;

ә) автор осы шарттың 3.2.-тармағының «в» тармақшасын бұзса,

Шартты бұзуға және осы шарт бойынша Авторға төленген барлық соманы өндіріп алуға құқылы.

6.3. Продюсер 3.4.-тармақтың «а», «б», «г» тармақшаларын сақтамаған жағдайда немесе Продюсер, Автордың құқықтарын (оның ішінде өзіндік мүліктік емес құқықтарын) сақтауда басқа да адал емес әрекет жасаса, Автор өзіне төленген барлық соманы сақтай отырып, шартты бұзуға құқылы.

6.4. Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының 15-бабының 2-тармағына (өз туындысын кері қайтарып алу құқығы) сәйкес Автор кез-келген уақытта өз қалауы бойынша Продюсердің бүкіл шығындарын өтеген жағдайда шартты бұза алады. Бұл шығындарға шартты бұзу жөнінде Автор өтініш түсірген кезден бастап, шартты бұзудың нәтижесінде Продюсердің айырылған пайдасы кіреді.

6.5. Шарт бұзылған жағдайларда сценарийге барлық құқықтар Авторға қайтарылады.


7. Басқа да жағдайлар

7.1. Осы шартта реттелмеген барлық жағдайлар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралады.

7.2. Автордың аты-жөні әрбір ситкомның бастапқы және соңғы титрлерінде қоюшы-режиссердің аты-жөнінің алдында өлшемдері бірдей әріптермен, сценарий мен туындының кез-келген пайдаланыстағы әрбір данасында, барлық жарнамалық және сценарий мен туындыны пайдалануға байланысты басқа да материалдарда көрсетіледі.

7.3. Продюсердің өтініші бойынша Автор өзіне қолайлы уақытта туындының радио және тележарнамасына, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуге қатыса алады.


8. Даулар
Тараптар осы шартты орындауға байланысты өзара туындаған дауларды келіссөздер арқылы шешуге міндеттенеді. Келіссөздер жолымен реттеу мүмкін болмаған жағдайда даулар жауапкердің орналасқан жері бойынша соттың қарауына жіберіледі және Қазақстан Республикасының қолданыстағы материалдық және процессуалдық заңнамасының нормаларына сәйкес шешіледі.

Осы шарт 2-данада жасалды, бірі Авторда, біреуі Продюсерде болады.



Тараптардың мекен-жайлары, банк деректемелері, қолдары қойылып, мөрлері басылады, шарттың жасалған орны мен уақыты көрсетіледі.

ШАРТ

(дыбыс-бейнежазу туындысын жасау және пайдалану

жөніндегі шарт)
Бір тараптан _________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Продюсер» деп аталатын ___________________ атынан __________________________________________ мекен-жайы бойынша тұратын ___________________ берген жеке куәлігінің № ______________, бұдан әрі «Автор» деп аталатын __________________________ осы шартты жасасты.

1. Шарт нысанасы


Автор түпнұсқа туынды ретінде танылатын сценарийдің авторы болып табылады. Автор бұл сценарийді кинематографиялық тұрғыдан пайдаланудың айрықша құқығын Продюсерге береді, ал Продюсер бұл құқықты және сценарийдің өзін соның негізінде алдын-ала «________________________________» деп атауы қойылған фильмді түсіру үшін қабылдап алады. Мұнан басқа Автордың сценарийі бойынша Продюсердің қатысуымен түсірілетін фильмге Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының 13-бабында көрсетілген барлық құқықтарды Автор Продюсерге береді.

Продюсер өз қалауы бойынша осы құқықтарды Автордың осы шартта белгіленген жағдайларын нашарлатпай, тиісті шарттардың негізінде үшінші тұлғаларға табыстай алады.





  1. Мерзімі мен аумағы

Осы шарт оған екі тарап қол қойған кезден бастап күшіне енеді.

Сценарийді кинематографиялық тұрғыдан пайдаланудың айрықша құқығы Продюсерге шарт заңды күшіне енгеннен бастап, оған авторлық құқықтың бүкіл әрекет ету мерзіміне беріледі және әлем елдеріне таралады.

Аталған сценарий бойынша түсірілетін фильмге Қазақстан Республикасының АҚ және СҚ туралы заңының 13-бабында көрсетілген айрықша құқықтарды Автор Продюсерге бұл фильмге авторлық құқықтың бүкіл әрекет ету мерзіміне және әлем елдеріне таралатындай етіп береді.




  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген құқықтардан басқа, Автор:

а) режиссерлік сценарийді жасауға қатысуға және бейнелер мен жеке көріністердің мағынасын түсіндіру үшін түсіру алаңында болуға;

ә) киноматериалды және түсіріліп біткен фильмді талқылауға қатысуға құқылы.

3.2. Автор:

а) сценарийдің ____ данасын Продюсерге қолхат алып немесе осы шартқа қол қойылған кезден бастап ____ күн ішінде тапсырылғандығы жөнінде хабарландыруы бар құнды пакетпен беруге;

ә) тараптардың қосымша келісімінде белгіленген мерзім ішінде сценарийге Продюсер ұсынған жөндеулер мен түзетулерді енгізуге міндетті.

(Ескерту. Автор Продюсердің сценарийге жалпы көркемдік тұжырымдаманы бұзбайтын және Автордың беделіне нұқсан келтірмейтін өзгерістерді енгізуді талап етуге, өзгерістер енгізу үшін Автордың келісімімен үшінші тұлғаларды өз есебінен шақыру құқысына қарсылық білдірмейді).

б) кинематографиялық тұрғыдан пайдалану үшін сценарийді басқа тұлғалар мен ұйымдарға Продюсердің жазбаша түрдегі келісімінсіз бермеуге;

в) үшінші тұлғалардың тікелей сценарийге байланысты барлық талаптарын, бұл талаптар осы шарттың 3.2.-тармағының “ә” тармақшасында ескертілген өзгертулерге қатысты болмаған жағдайларда, өз бетінше Продюсерді қатыстырмай шешуге міндетті.

3.3. Қолданыстағы Заңнаманың ережелерінен туындайтын құқықтардан басқа, Продюсер:

а) сценарийдің жалпы көркемдік тұжырымдамасын бұзбайтын және Автордың беделіне нұқсан келтірмейтін өзгерістер мен қайта жөндеулерді енгізуді талап етуге;

ә) осы шартқа сәйкес сценарийді өз қалауы бойынша тең Продюсерді, түсіру тобының техникалық құрамын және басқаларды тарта отырып пайдалануға (шығармашылық қызметкерлерді тарту жөнінде Авторға хабарлануы тиіс);

б) сценарийдің жекелеген бөліктерін бұл сценарий бойынша түсірілген фильм жарнамасының барлық түрлері үшін пайдалануға;

в) фильмді, оның жекелеген бөліктерін өз қалауы бойынша пайдалануға, пайдалану құқығын үшінші тұлғаларға беруге құқылы.

3.4. Продюсер:

а) Автордың сценарийі бойынша фильм түсіруге (фильмнің түсірілуі 20_____ жылдың “_____” ____________ кеш басталмауы тиіс);

ә) Автор ұсынған сценарийді қарауға және осы шарттың 3.3.-тармағының “а” тармақшасына сәйкес оны Автор ұсынғаннан кейін ____ күн ішінде бекітуге міндетті.

(Ескерту. Егер бұл мерзім біткенге дейін Продюсер Авторға өзінің жазбаша ескертпелерін жолдамаса, онда сценарий ұсынылған қалпында қабылданды деп саналады. Алайда Продюсер осы шарттың 3.3.-тармағының “а” тармақшасында белгіленген құқықты өзінде сақтауы мүмкін).

б) Авторды киноматериал мен түсіріліп біткен фильмді талқылауға қатыстыруға;

в) Авторды түсіру тобының шығармашылық құрамының мүшелерін шақыру жөнінде хабардар етуге;

г) фильмнің түпкілікті атауын тек қана Автордың келісімімен бекітуге міндетті.




  1. Ақы төлеу жағдайлары

4.1. Сценарийді кинематографиялық тұрғыдан пайдаланудың айрықша құқықтарын бергені үшін Продюсер Авторға __________ теңге мөлшеріндегі сыйақыны келесі тәртіппен төлейді:

________ % 20____ “____” ________________ дейін

________ % 20____ “____” ________________ дейін

________ % 20____ “____” ________________ дейін
4.2. Фильмге ҚР АҚ және СҚ туралы Заңының тиісті нормаларына сәйкес Продюсер шарттың бүкіл әрекет ету мерзімі ішінде фильмді кез-келген пайдалану жағдайынан түскен табысының ________% мөлшерінде Авторға сыйақы береді. Бұл мерзім фильмге авторлық құқықтың әрекет ету мерзімімен сәйкес келеді.

Авторға фильмді пайдалану үшін ақша төлеу әрбір ______ай сайын жүзеге асады және фильмді пайдаланудың әрбір түрінен түскен Продюсер табысын және авторлық сыйақының есебінен растайтын құжатпен қоса беріледі. Сыйақы Автордың банктегі есепшотына аударылған жағдайда, мұндай аударымның барлық шығынын Продюсер көтереді.


5. Ерекше талаптар
5.1. Автордың аты-жөні фильмнің бастапқы титрінде, осы фильмді жасау, жарнамалау, көбейту және пайдалануға байланысты барлық жарнамалық-ақпараттық материалдарда қоюшы-режиссердің аты-жөнімен қатар (алдында, не кейін) дәл сондай өлшемдегі титрмен көрсетіледі.

5.2. Продюсердің шақыруы бойынша Автор өзінің тұрғылықты мекен-жайынан сапарға шықса оған күніне _______ теңге мөлшерінде тәулікақы төленеді. Мұндай шығындар құжаттық айғақтаумен өтеледі. Продюсер барлық телефон сөйлесулерін, факс, телеграф, телекс және осы шарт бойынша жұмыстармен байланысқан басқа да хат-хабар шығындарын Автордың растауы бойынша төлейді.




  1. Шартты бұзу

6.1. Продюсер:

а) Автор сценариймен тұтастай немесе ішінара жұмыстар үшін үшінші тұлғаларды Продюсердің келісімінсіз тартса;

ә) Сот Автордың сценарий жасаудағы адал еместігін таныса;

б) Автор осы шарттың 3.2.-тармағының “б” тармақшасын бұзса, шартты бұзуға және Автордан осы шартқа сәйкес төленген барлық соманы өндіріп алуға құқылы.

6.2. Продюсер сценарийді кинематографиялық тұрғыдан пайдаланудан Авторға қатысы жоқ себептермен бас тартқан жағдайда осы шарттың 4.1.-тармағында көрсетілген сыйақыны алу құқығын сақтайды.

6.3. ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес Автор кез-келген уақытта өз қалауы бойынша Продюсердің фильмді жасауға немесе таратуға жұмсаған бүкіл шығындарын өтеген жағдайда шартты бұза алады. Бұл шығындарға Автор өтініш түсірген кезден бастап шартты бұзудың нәтижесінде Продюсердің айырылған пайдасы кіреді.



  1. Даулар

Тараптар осы шартты орындауға байланысты өзара туындаған барлық дауларды келіссөздер арқылы шешуге міндеттенеді.

Бейбіт жолмен реттеу мүмкін болмаған жағдайда даулар жауапкердің орналасқан жері бойынша соттың қарауына жіберіледі және Қазақстан Республикасының қолданыстағы материалдық және процессуалдық Заңнамасының нормаларына сәйкес шешіледі.

Осы шарт 2 дана етіп жасалды, оның біреуі Авторда, біреуі Продюсерде болады.

Тараптардың мекен-жайлары, банк деректемелері, қолдары қойылып, мөрлері басылады, шарттың жасалған орны мен уақыты көрсетіледі.

СЦЕНАРИЙ АВТОРЛАРЫМЕН ШАРТ ЖАСАСУ ТУРАЛЫ
Қазақстандық жаңа авторлық заңнаманың қабылдануының бір мақсаты Қазақстанның әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн Конвенциясында және 1971 жылғы редакциядағы авторлық құқық жөніндегі Женева Конвенциясына кіруі болып табылады. Авторлық құқықтарды халықаралық қорғаудың халықаралық жүйесіне енуі авторлық құқықтың тәжірибеге осы мәселелермен айналысатын шетелдік және халықаралық ұйымдардың тарапынан аса қызығушылық туғызды. Еуропалық қауымдастықтың TACIS (Technical Assistance For Community of Independent States) бағдарламасының ауқымында 1994 жылдан бастап өндіріспен байланысты санаткерлік меншік салаларында консультативтік көмек беру бағыты ашылды. Дыбыс-бейнежазу саласы осындай негізгі сала болып саналады. Еуропа мамандары фильмнің продюсерлері мен негізгі тең авторлары арасында шарт жасасу жөніндегі ұсыныстар әзірледі.
СЦЕНАРИЙ АВТОРЛАРЫМЕН, ЕУРОПА МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ АЗАМАТТАРЫМЕН ШАРТ ЖАСАСУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет