Ассизи қаласы кіші монахтарының бас министрі
Бейбітшілік – Құдай сыйы. Біздің делегация осы съезге қатысуды өзіне зор құрмет санайды.
Кадрде тыңдап, жазып отырған съезге қатысушы дін өкілдері.
…Ассизилік Фрацискінің куәлігі шынайы. Ол – діндераралық қақтығыстарды шешу жолында және бүкіл планетадағы бейбітшілікті баянды ету үшін жетілген үлгілі үрдісті ізеттілікпен ұсынады.
Келесі сөз сөйлеуші ірі планмен.
Титр: Шри Шри Сугендра Тиртха Свами Мадхабачариа
БҰҰ жанындағы дін жетекшілерінің бүкіл әлемдік кеңесі Президенті
Біз бүкіл әлем бойынша бейбітшілік шырайын қалыптастыруға тиістіміз. Әйтпесе, терроризм әлемге қауіп төндіретін үлкен күшке айналады. Біз өз дінімізде әрдайым сүйіспеншілік пен төзімділік үшін құлшылық етуге тиістіміз және бұл құлшылықтың өзі басқа бір дінге шабуыл жасалу деп түсіндірілмеуге тиіс. Индуистік сенім барлық адамдар Жер Ананың аяғының астына жиналып, бәрі бірге құлшылық ететін кезең туады деп санайды. Ұжымдық күш – жігер үстемдігінің мәні де осында.
Сөз сөйлеуші ірі планмен.
Съезд жұмысы кезінде түсірілген бейнеқатарлар пайдаланылады.
Титр: Ахмад Ғази
Пәкістан халықаралық Ислам университетінің вице-президенті
Мұсылман жұрты діндер мен өркениеттердің арасындағы ынтымақтастық пен үнқатысуды әрдайым құптап келеді. Ислам өркениетті ежелгі гректерден, Месопатия жұртынан, үнділер мен басқа да халықтардан үйренуден бас тартқан емес. Демек, бүгінгі күнгі біздің қолымыздағы дүние түрлі құрандылардың қосындысы. Оның өзі ислам идеясын білдіреді.
Бүгін дүниеде исламды ұстанушылар жоқ бірде-бір елді атай алмайсыз. Әл-Фараби, Ибн-Сина сынды және басқа да ғұлама ғалымдардың туындылары ағылшын, итальян және әлемнің басқа да көптеген тілдеріне аударылды. Көптеген ғасырлардың ішінде олардың трактаттары Шығыстағы және Батыстағы түрлі ғылыми орталықтарда оқытылды.
Қол шапалақтау.
Қара фон арқылы кадр журналистердің Съезд Төрағасы
Н. Назарбаевтан сұхбат алып тұрған сәтіне ауысады.
20-ға тарта БАҚ өкілдері микрофон, диктофон, енді бірі қағазға жазып тұр. Қаз-қатар тізілген камералар.
Ондаған микрофондар.
Титр: Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президенті
СНХ: Біздің елімізде бүгін тағы да бір үлкен тарихи оқиға болды деп саналады. Себебі солай санап жатыр. Жалпы дүниежүзі мемлекеттерінің басшылары айтып жатыр.
Съезд эмблемасы.
Президент пен дін өкілдері суретке түсу сәті.
Жалпы, әлемнің тарихында Азия жерінде, мұсылман елінде дүнижүзінің бүкіл діндері, бүкіл жер бетінің халқы табынатын діндер: христианство, ислам, буддизм, иудаизм, оның тармақтары, бәрінің басшылары жиналып, барлығы Алла Тағала, Құдайдың бір екенін айтып, ол, Құдайдың адамға жақсылық жасау мәселесін уағыздайтынына, ешқандай дінде экстремизм жоқ екенін, бір-бірімен тіл табысудың жолы – ол бір-бірімен сөйлесу, пікірталастыру, бір-бірін тыңдау екенін айтып, міне съездің аяқталу қарсаңында үлкен маңызды құжат қабылданып, Декларацияны және бұндай съезд тұрақты бола берсін деп келесі съезд үш жылдан кейін Қазақстанда өтсін деген, шешім қабылдауға және Қазақстанда бүкіл дүниежүзінің дін орталығы Нью-Йорктағы Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимараты сияқты ғимарат салу жөніндегі пікірлер айтқаны, біздің Қазақстан үшін, еліміздің, халқымыздың дәрежесі үшін, бүкіл дүниежүзіне тағы да қазақты белгілі жасау үшін үлкен жағдай, оқиға болды деп санаймын.
Кадрда “Егемен Қазақстан” газетіндегі съезге қатысушылардың фотосуреті мен соңғы күні шыққан декларация ірі планмен көрсетіледі.
Кадрде Н. Назарбаевтың журналистерге сұхбат беріп тұрған сәті жалғасады.
Жалпы план.
Камерагерлер, фотографтар және журналистер.
Көрініс далада түсірілген. Салтанат Сарайынан дін өкілдері бір-бірімен әңгімелесіп шығып келеді.
Мұсылмандар, католиктер, православтар, буддистер, съезд қонақтары жарқын жүзді адамдар легі. Әртүрлі түстегі киімдер үлгісі кадр бояуын қанықтыра түседі.
…Қазіргі жұмыс істеген секретариат жұмысын тоқтатпай істей беретін болса, 3 жылдан кейін ендігі съезді дайындайтын болсақ, жаңағыдай дүниежүзілік Біріккен Ұлттар Ұйымындағы сияқты діндердің де Форумы қазақ жерінде тұрақты болады деп сенуге болады.
Елбасының сұхбаты.
Суретпен салынған клип
Бейнеқатарлар компьютерлік графика арқылы кескінделген. Ұлттық ою-өрнек, тұрпат, аңыздың стилін сақтауға ұмтылу, аңыз желісі бойынша оқиғаны графикамен қызықты бейнелеу табиғаты бар.
Мәтін. Ерте, ерте ертеде, дүние нулы, дариялар сулы заманда, асқар таудың баурайында, Ерназар деген бай өмір сүрген екен. Оның бірінен- бірі күшті, шетінен батыр сегіз ұлы бар екен.
Алайда, жер бетін қара түнек басты. Адамдар қырыла бастады. Орманда құстың үні өшті. Өзен-көлдер суалды. Күн бетін қараңғылық торлады.
Ерназар батыр ұлдарын жиды.
- «Жауыз Аждаһа келген екен. Қараңғы қапас әкелген екен. Аспанға Күнді қайтарыңдар! Адамдарды құтқарыңдар!», - деп балаларына бұйырды.
Ұлдары сол кеткеннен қайтып оралмады. Ерназар бай мен бәйбішесі қайғыға батты.
Осы кезде таңғажайып уақиға болды. Байдың бәйбішесі тоғыз күн, тоғыз түн толғатып дүниеге бір ұл әкелді. Баланың атын – Ертөстік қойды. Ертөстік күн санап емес, сағат санап өсті.
Алып батыр болып өскен Ертөстік ағаларын іздеуге аттанды.
Ұзақ жүрді, темір етігі теңгедей болып, темір таяғы тебендей тозған кезде, алып Бәйтерекке ұшырасты. Өмір нәрі – осы Бәйтерек еді.
Үнсіздік.
Көк төріне қайтадан Күн шықты. Дүние нұрға бөленді. Өзен-көлдер тасыды. Орманда құстар сайрады. Жер бетіне тіршілік оралды.
Самұрық құс күнге қарай ұшып барады.
Кадр монтажы микс арқылы Қазақстан Туына ауысады.
Желбіреген көк байрақтың үстемдігін сездіру.
Диктор мәтіні:
( І-ші диктор)
Жасампаздық жамандықты жаратпайды. Аждаһаны ауыздықтаған ғажайып ертегі талай халықтың асыл армандарымен сабақтас.
Микс арқылы Тудағы Күн Бәйтерек басындағы шарға монтаж тәсілінің ерекшелігі пайдаланылып,
Тудың өзі Бәйтерекке айналады.
… Биіктен шырқалған бүкіл жан-жүйеңді тебірентер үміт – үкі.
Бәйтеректің құс ұшар басынан төменге қарай панорама беріледі.
Бұл кадр монументтің алып сұлбасын танытуды көздеген.
… Бұл үндесуге аспан кеңдігі, жер биігі, қуана білер жүрек керек.
Камера Бәйтерек ішіндегі лифтімен төмен қарай түсірілім жүргізеді.
Бірінші планда «Бәйтерек» монументінің конструкциясы.
Жанындағы салынып жатқан ғимараттар екінші планда көрінеді.
Дикторлық мәтінде пауза.
Музыка. Бәйтерек басынан төмен қарай понорама.
Бәйтеректі тамашалауға келген қонақтар, дін өкілдері және оқиғаға орайластырылып тігілген ақшаңқан қазақ үйлерінің ақ ниетті паш ететін көрінісі.
Диктор мәтіні:
Сол жүректер ақ жолдарға бастау ашқан ақшаңқан қазақ үйлерінде адамзат баласының өркендеуі мен бейбіт өмірін мінәжәт етті.
17 конфессиядан съезд жұмысына қатысуға келген мәртебелі меймандар 17 ақшаңқан киіз үйіне аяндап бет бұруда.
Көрініс киіз үй ішіндегі дін өкілдерінің жылы шырайда сөйлескен кадрға ауысады.
Елбасы мұсылман дін өкілдері отырған киіз үй ішіне кіріп, сөйлесіп тұрған сәті.
Киіз үй ішінде Шри Шри Сугендера Тиртха Свами Мадхабачари сыйынып тұр.
Пұтқа табынған дәстүрлі діннен көрермен аздап хабардар бола алады.
Президенттің қолына дін өкілі шырақ ұстатып, ілтипат жасауда.
Съезге қатысқан әртүрлі дін өкілдері 20 минут бойы жер бетінде бейбітшілік пен келісімнің үстемдік құруын тіледі.
Дикторлық мәтінде үзіліс.
Президент дін өкілдерімен сөйлесіп тұр.
Дикторлық мәтін:
Ашық аспан, шырайлы ғұмыр, бақыт және өзара түсіністікке бағышталған дұғалар «Бәйтерек» монументімен көкке көтерілгендей әсерлі естіледі.
Президент қазақстандық мұсылман дін өкілдерінің ортасында
Әбсаттар Дербісәлі құран бағыштап отыр.
Кадр тағы да «Бәйтерек» монументіне сыпатталады.
Жалпы план.
Көрініс Бәйтерек ішіндегі лифтпен жоғары көтеріліп барады.
Кадрда «Бәйтерек» маңайының көріністері.
Мәңгілік өмір, ұрпақтар жалғастығын дәріптеген қасиетті Бәйтерек төбесіндегі тебіреністі толғаныс – адал жан, таза жүректен шыққан аса қымбат сенім сыйлығы, «Бейбітшілік пен татулық өлкесі» Қазақстанға арналған әлемдік діндер басшыларының батасы.
Елбасы «Бәйтерек» биігінен мәртебелі қонақтарға жаңа қалада салынып жатқан құрылыс объектілерімен таныстырып, нысандардың маңыздылығын түсіндіруде.
Жаңа мешіт құрылысына мұсылман дінінің өкілдері қызығушылық білдіріп, сұрақтарын қоюда.
«Бәйтеректің» басынан түсірілген Астана көрінісі. Съезд өткен шаһардың кеңдігін, биіктігін, сұлулығын байқату қыры.
Дін өкілдері «Бәйтерек» ішіндегі бейбітшілік монументіне қолдарын қойып жатыр.
“Бейбітшілік монументіне” панорама.
Онда “Бейбітшілік пен татулық өлкесі – Қазақстан, ақ батаға бөлене берсін!” деп қазақ және ағылшын тілдерінде алтын әріптермен жазылған.
…Өмір – өзен. Өзекті өртеген өкпе мен реніш уақыт ағысымен тазарып отырған. Талай елдер мен мемлекеттер өз болмысында небір қақтығыс, сұрапыл соғыстарды бастан өткермеді. Бірақ, түбінде олар табысты, бітімге келді.
«Бәйтерек» ішін 17 конфессияның өкілдері тамашалап жүр.
… Ал, қанша ғасыр өтсе де дін өкілдері жақындаса алмаған, бір – бірімен кездеспеген. Астана адамзат баласының осынау ғұмырнамалық тілегін табыстырды. Жалпақ дүние үшін үлкен тарихи сенімділік серпілісіне жол ашты.
Елбасы алтынмен апталған «Аялы алақанға» қолын басады.
Музыка.
Жүзінен съездің сәтті өткендігі ізгі шараға ниет тілегін қосқан меймандарға ризашылығы сезіледі.
Қонақтар болса съезд төрағасына үмітті көздерінен мейірім төгіле жылы қарайды.
Ірі планда «Аялы алақанның» көрінісі.
Кадр халықтардың, мәдениеттер мен діндердің бірлігі «Бәйтерек» монументінің сыртына ауысады.
Аспандағы будақ-будақ бұлттарға қарай әуелеген «Бәйтерек» көрінісінде аспанға тұрақтылық пен тыныштық белгісін білдіретін түрлі-түсті мыңдаған шарлар көкке бет алады.
Осы қызылды-жасылды шарлардың фонында титрлар беріледі.
Фильмнің соңы
“Ел ағасы” сериалының алғашқы туындысы - “Ел ағасы Қаратай Тұрысов” телефильмі. Фильм-портрет өз идеясына толық берілген, өзгелерге ұқсамайтын қоғамымыздың танымал тұлғасының көзқарасына, замана тынысына өз тұрғысынан, өзіндік биігінен баға бере алатын кейіпкердің көңіл-күйіне үңіледі.
Көзқарас - ақиқаттың шыңы дегеннен аулақпыз. Бірақ, көпті көрген, көпшілікті мойындатқан Тұлға пікірін тыңдау арқылы, көрерменнің өзі түйін жасайды. Үйреніп жатса, фильм жемісті шыққаны. Келіспесе, әркімнің өз көзқарасы бар. Дегенмен, деректік фильмнің Тұлға болуға талпынған жастарға тәрбиелік маңызы зор деп білем. Ғұмыр қысқа, жол ұзақ. Түбінде тоқтайтын қазығың қандай? “Ел ағасы” сериалының мақсаты осы.
Алдымен “Елбасы” және “Ел ағасы” ұғымдарына өз тарапымыздан түсінік беріп өтейік.
ЕЛБАСЫ – Президент деген терминнің ең дұрысы, ең ұтымды баламасы. Елбасы елде біреу ғана болады. Ол – демократиялық жолмен бүкіл халық сайлаған Қазақстандағы ең жоғарғы лауазым иесі. Елбасы біреу, басқалары оған тіреу.
ЕЛ АҒАСЫ – елдің, аймақтың алдында беделі биік, білгені көп, абыройы жоғары адам. Ол – қай жағынан болса да басқалар тыңдайтын, ақылын қабылдайтын адам.
Ел ағасы біреу емес, бір аймақта бірнешеу болуы мүмкін, әр тарапта, әр аймақта жұрт сыйлайтын, бедел санайтын адамдарды Ел ағалары деп атайды.
Студияның логотипі
Көк фонда титр:
Титр: Қазақстан Републикасы Президентінің Телерадиокешені
Деректі фильм
ұсынады
Қара фонда титр:
Титр:
Махат Садықтың
«Ел ағасы»
сериалынан
Мәтіні Бейнеқатар
Президент Резиденциясындағы үлкен мәжіліс залының фонында автордың монологы:
Автор: Мен - қазақпын! Кейінгі 10 жылда осы сөздің мағынасына терең үңіле бастадық. Ғасыр бұрын Ұлы Абай: «Қалың елім қазағым, қайран жұртым, ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың» – деген жүрек жырын бодан еліне арнаса, үміті үкілеген «Бір жерде бірге жүрсең басың қосып, біріңді-бірің сөйле сөзін тосып» нақылы бүгінгі билік басындағы азаматтарға арналғандай, мәңгілік мемлекеттік ереже ескерткішіндей. Қазір қазақ елі қалап алған өз Елбасы бар. Сол Елбасына еріп жүрген ел ағалары кімдер?
Автор кіріспе сөзінде фильмнің жанры ретінде көсемсөзді ұсынып, көрерменге фильмнің тақырыбын жария етеді.
Титр:
Ел ағасы
Қаратай Тұрысов
Парламент фойесінде фильмнің авторы мен кейіпкері. Екеуі әлденені әңгіме етуде. Кадр сыртынан музыка естіледі. Көз алдымызда – бүгінгі Астана, елдің басты алаңы, Үкімет Үйі.
Осы көріністерден-ақ, кейіпкердің өткен өмір жолының алғашқы белестерінен бейнекадрлар ұсынылады. Кейіпкердің Казсовпроф төрағасы қызметін атқарған кездегі мінберде сөйлеп тұрған сәті, одан кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Хатшысы қызметіндегі кезі, 70-ші жылдардағы фотосуреттер... осының баршасы фильм кейіпкерінің тұлғасымен танысудың басы.
Диктор: Ой түбіне кім жетпек? Болашақты қалай болжайсың? Анық ақиқат – жалғыз. Ол еліңе еңбегің адал болсын. Бұл жалғанда халқын сүйсіндірер ұлдың сүйінер сүйеніші осы. Оның осы жолды таңдағанына 70 жыл толыпты. Біраз билікте бағын сынады. Жұмыр жер тағдыры – жұмыр басты пенденің иелігінде. Сол пақырдың пендешілігі тойымсыз болса – жұртының жалмауызы. Осындай кесапатпен күресті, сертке сенімді серік етті. Талай ұлыстың ұл-қыздарымен қызметте айбары асқақтады. Абыройы парасатпен бекінді. 1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мінберінен сөйлегенде, жер тағдырын, экология кесапатын, ядролық полигон мәселесін көтерді.
Дикторға арналған мәтін немесе фильмнің тағы бір құрамдас бөлігі.
Кешкі қала көрінісі. Жарқыраған шамдар.
Кадр Нью-Йорк БҰҰ ғимаратына ауысады. Манхэтеннің биік құлпытастары.
Кейіпкердің БҰҰ-штаб пәтерінде сөйлеген сөзі:
Современный мир поставлен перед выбором который будет иметь решающее значение для будущего человечества. Пойдем ли мы по пути конфронтации силового противоборства, ведущему к пропасти небытия? Или осознав качество новых реалии, решительно выступим в пользу практической реализации идеи построения без ядерного мира, созданию равных для всех государств и надежной безопасностью.
Қ. Тұрысовтың Нью-Йорктегі БҰҰ-ның мінберінен сөз сөйлеп тұрған сәті. Ол жылдары мұндай құрметке санаулы адамдар ғана ие болатын. Осыдан-ақ, кейіпкерді көрнекті саяси тұлға ретінде тануға болады.
Диктор: Айдарынан жел ескен АҚШ-тың конгресмендерімен сол тікелей бетпе-бет жүздесу эфирінде арқасынан сығалаған коммунистік министрлер ауыз ашпай жасырынғанда, ол өз ойынан тайсақтамаған.
АҚШ-КСРО /1987/ арасында өткізілген алғашқы телекөпірдің мұрағат кадрлары. Қ. Тұрысов кәсіподақтардың атынан сайлаған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты ретінде американдық Когрессмендерге сауалдар қоюда. Әлбетте, сауалдар жұмысшы қозғалысы төңірегіне, жұмысшылардың мүдделерін қорғауға арналуда. Тақырыптың жалғасы Қ. Тұрысов - саясаткер.
АҚШ-Мәскеу телекөпірі
Кадрде Қ. Тұрысов АҚШ Конгресмендеріне сұрақ береді:
Знаете ли Вы, господин конгрессмен то, что в течении десятилетии в Америке действует дискриминационная визовая практика против туристических групп Советских трудящихся и против профсоюзных активистов.
Нью-Йорктен жауап:
Когрессмен ашулы кейіпте жауап қайтаруға тырысуда.
В ответ на Ваш вопрос скажу, у нас есть определенные ограничения и (үзіліс) мы можем преодолеть этот вопрос, Комитет Соединенных Штатов пытается решать эту проблему.
Бас кейіпкердің жан-дүниесін ашып көрсету қадамы.
Қ. Тұрысов кіші Отанында, Таулы өлке құшағында. Көне Тараздың жан серпілтер сұлу табиғаты. Көк балауса, бел-белестердегі алқызыл гүлдер. Өмір өткелдерінен өткен ақ шашты егде адам ой үстінде, өз өмірінің кейбір сәттері жайлы ойланулы.
Бұл кадр көрінісі фильм кейіпкерінің келесі толғаныстарын жалғастыруға мүмкіндік береді.
СНХ: Қ. Тұрысов:
Мен дүниежүзін көп аралаған адаммын. Шамамен 50-60 мемлекетте болған шығармын. Бірталай халықты көрдім. Бірақ, біздің қазақтай кең халықты көрген емеспін. Ел таң қалады “осынша жерді қалай ұстап отырсыңдар” – деп. Шындығында Каспийден Алтайға дейін созылған қанша жер! Баяғыда Алматыдан Москваға дейін 4 сағат ұшатын. Оның 3 сағаты Қазақстанның үстінде өтеді, ары қарай 1-ақ сағат. Осыған қарап, найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, қасиетті даланы кейінгілерге несібеге қалдырған қайран батыр бабалардың рухына бас иесің. Осыншама кең жерді ұстап тұрудың өзі ерлік қой. Жер болғанда да жай жер емес, асты мен үсті толған байлық. Біз мына кавказдықтарды батыр халық дейміз, тау ішінде орналасқан алақандай ғана жері бар, соның өзін қалай қорғарын білмей қиналады кейде...
Монолог. Әңгіме арқауы – туған жер үшін, бүгінгідей әлемнің ең ірі елдерінің қатарындағы Қазақстанның, оның ұлан-байтақ жерінің тұтастығын сақтап қалған өз халқы үшін мақтаныш сезімі төңірегінде өрбиді. Жер бетінде 200-дей мемлекет бары және Қазақстан Республикасы солардың алғашқы ондығына кіретіні де біздің көңілдерімізге мақтаныш сезімін ұялатады.
Көрініс Алатау шыңдарына көшеді. Алқызыл гүлдер. Осы гүлдер Кремль гүлдеріне ұласады.
Мәскеу. ВЦСПС-тың бұрынғы ғимараты, қазірде Кәсіподақтардың Бүкілодақтық Конференциясы орналасқан үй. Осы арада ВЦСПС-тың хатшысы ретінде фильм кейіпкері бірнеше жыл жұмыс істеген болатын. Сол жылдар туралы және фильм кейіпкері хақында оның әріптестері айтқан пікірлердің қызықты екені рас. КСРО жылдарында Мәскеудегі қызметке санаулы ғана адамдар шақырылатын. КБК офисіндегі негізгі мәжіліс өтетін үлкен зал. Төраға орынтағында автор Бас кейіпкер туралы монологын бастайды.
Автор: Қ. Тұрысов Бүкілодақтық кәсіподақтар Советінің басшылығында жүрген кезде, кәсіподақтың 140 миллион мүшесі бар болатын. Осы 140 миллион азамат әр ай сайын жалақысынан 1% жарнаны мүшелікке төлеп отырды. Совет Одағында өте бай ұйым – кәсіподақтар. Компартия елінде қонақ үйлер мен емдеу-сауықтыру орындарының 65% өз меншігінде иеленіп отырды. Мәскеудегі жоғары лауазымды қызметін пайдалана отырып, Қ. Тұрысов “Мерке”, “Сарыарқа” және “Түрксіб” емдеу-сауықтыру орындарын қайтадан салдырды. Сонымен қатар Алматыдағы қонақ үйлерінің қайтадан салынуына көп қаржы бөлінді. Сонымен қатар Қайрекең Қазақстандағы кәсіподақтарға көптеген қамқорлық жасап, қаржы бөліп отырды.
ВЦСПС-тің үлкен де, құзырлы мәжіліс залы. Автордың ат шаптырым столдың ұзына бойын жағалай жүріп әңгіме өрбітуіндегі мақсаты – көрерменнің зал аурасын сезініп, Қ. Тұрысовтың сол жылдардағы қызметінің маңызын түйсінуі үшін жасалған. Мәскеу уағындағы қызметі кезінде Қ. Тұрысовтың тікелей араласуымен Қазақстанда ірі жобалар жүзеге асып жатты.
СНХ: С. Шалаев:
Поручение ему я бы сказал самый большой, самый трудный, тяжелый. В то же время очень важный участок работы, это всю производственно-массовую работу советских профсоюзов. И должен сказать, что он очень быстро вписался в коллектив ВЦСПС, очень быстро нашел себя в новой роли, нашел себя здесь в Москве и очень хорошо работал.
Осында, ВЦСПС-тің алқа мәжілісі залында камера панорама жасай отырып, келесі сөйлеушіні – сол жылдардағы ВЦСПС-тің төрағасы Шалаевті кадрға тартады.
Н. Подшибякина өз кабинетінде.
Авторды Н. Подшибякина ханым ықыласпен қарсы алады. -“Қ. Тұрысовтың жерлестерісіз ғой. Біз ол кісіні өте құрметтейміз”-деп ілтипат көрсетеді.
СНХ: Наталья Подшибякина:
С ним было очень легко работать, потому что при всей сложности вопроса и всем бурном характере обсуждения который был, он всегда умел и ставил точку. Находил самое главное, самую сердцевину того, что нужно запечетлеть. Какие-то мелочи всегда уходили в сторону, а главное всегда выходила на первый план. Это был смелый человек, потому что в то время выступать с какими-то противоречивыми и несогласие высказать по ряду позиции, это нужно было иметь и смелость и мужество, но конечно это все было непросто показное, а это основывалась на глубоком понимании проблемы и самое главное глубокое понимание жизни простых людей…
Эпизод Қ. Тұрысовтың кезінде, ВЦСПС хатшысы болған тұсында, отырған жұмыс кабинетінде түсірілді.
Бұдан соң алдыңғы эпизодтарын қабаттастыру арқылы басшы мен оның бағыныштысы болған Қ. Тұрысовтың пікірлерін салыстыруға қол жеткен.
Н. Подшибякина сөзі архивтегі кейіпкер суреттерімен расталады. Пауза. Кадрда автор ұшақтың табалдырығынан түсіп келеді.
Автор: 1986 жылы Мәскеуде Совет Одағы кәсіподақтарын басқарып отырған Қ. Тұрысов Алматыдағы Горбачевтік демократияға сеніп, Колбиннің тағайындалуына наразылық білдірген жастарды қолдау үшін 17 желтоқсан күні ертеңгілік еліне ұшып келеді.
1996 жылдың желтоқсан оқиғалары кезінде Қ. Тұрысов Мәскеуде болды. Сол күні-ақ ол туған еліне жетуге күш салды. Бірақ, дегеніне жете алмаған кейіпкеріміз Қарағандыдан Мәскеуге қайта оралуға мәжбүр болды.
Автор Парламентте Мәжілістің отырыс залында кейіпкермен әңгімелесіп отыр.
СНХ: Қ. Тұрысов:
Мен 17 декабрь күні таңертең Мәскеуден Қарағандыға ұшып келдім. Дереу облыс басшыларын іздедім, сайлаушылармен жолығайын деген мақсатпен. Өкінішке орай олардың ешқайсысы болмады. Бәрі Алматыға кеткен сыңайлы...
Осы эпизодтың өзі-ақ тоталитарлық жүйенің нағыз бет-бейнесін және Горбачев жариялаған қайта құру мен демократиялық үрдістердің әншейін жылтыраған сырт ажар болғанын көрсете алған.
Диктор: Желтоқсан ызғары жанды жаралады. Бұрындағы құшақ айқасқан дос бауырларының қашқақтағанын сол күні Қарағандыда сезді. Алматы ол күндері жабық қала еді. Кешке қарай Мәскеуден “Тез қайтыңыз!” - деген суық жеделхат түскен.
Сайып келгенде, оның қоғамды қайта құру жөніндегі осы ұрандары шетел сапарларында ғана жалаулата айтылып, ал КСРО-дағы ахуал бұрынғысынша бәз баяғы қалпымен жүріп жатқан болатын.
Кадрда автор ұшақтың фонында.
Автор: Халқына да, жеріне де жәрдемін тигізе алмаған бодан елдің, жат жұрттағы сұлтан ұлдарының бірі, Қ. Тұрысов Мәскеуге еріксіз қайтуға мәжбүр болады.
Жүргізуші мәтіні. Ұшақ трапында тұрған автор бейнесі 1986 жылдың желтоқсанындағы Қ. Тұрысовтың шарасыздықтан дағдарған көңіл күй ауанын аңғартқандай.
Автор ЯК-42 ұшағының табалдырығымен ішке қарай көтеріле береді. Ұшақ түрін таңдау сол кезең тынысын көрсету жолы.
Достарыңызбен бөлісу: |