Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы
Бұл ретте ешкімнің де қандай да бір себеппен болмасын, ұлт және дін наразылығын туғызып, ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін іс-әрекеттерге бармауын жіті қадағалап, барынша абай болғанымыз жөн.
Қасына ерген саясаткерлер мен дін өкілдері бар Президент
Н. Назарбаев А. Яссауи Кесенесіне жол бастаған көрініс.
Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі ірі планмен көрсетіледі.
Кадр келесі сөз алушыға ауысады.
Титр: Йона Мецгер
Иудей делегациясының басшысы, Израильдің бас раввині
Сіз, Президент Назарбаев, өзінің шатырына бірінші болып қонақтарды қабылдаған біздің бабамыз Ыбрайымның жолымен жүріп келесіз.
Кадрда Салтанат Сарайы ірі кескінде сыпатталады.
Баяндамашыны тыңдаған дінбасылары жалпы планда көрсетіледі.
… Сіз өз мемлекетіңізді халықтар мен діндер арасындағы бейбітшілік еліне айналдырдыңыз.
Елбасы Иерусалимдегі еврейлер табынатын қабырғаға ілтипатпен қолын қойып тұр.
Қасында қазақстандықтар мен Иерусалимнің дін өкілдері.
Қабырғаға бас қойып күбірлеп, жалбыранып тілек айтып жатқан еврейлер көрінісі.
…Өз ғұмырымда алғаш рет қасиетті жердің раввині ретінде екі айдың ішінде мен бір елге екі рет келіп отырмын. Бұған негізгі себеп ақылды ізгі идеялар білдіруші адам, тек үнқатысу жолымен ғана байыпты мақсаттарға жетуге болатынын түсінетін адам ретінде Сізге жақынырақ болу ниеті еді.
Көрініс діндер съезі болып жатқан Салтанат Сарайы ішіне ауысады.
Сөз сөйлеушінің ірі планы.
…Дүрдараздық, жек көрушілік, соғыс, лаңкестік – бұлар тыйым салатын нәрселер. Біздер, діни қайраткерлер, арамызға от салатын осындай қауіпті шепке тым жақын тұрмыз. Алайда, осынау отты өшіру де біздің қолымызда.
Дін өкілдері алма-кезек кадрда көсетіледі.
Мәтінге сай монтаж.
Ірі планда сөз сөйлеуші.
… Лаңкестік – бұл өте қауіпті нәрсе, ол айыпталуға тиіс. Біз бәріміз де құдайдың құлдарымыз. Құдай бізді бір-бірімізді жою үшін емес, оған қызмет ету үшін жаратқан. Біздің ортақ бабамыз – Ыбырайым. Бүгін біздің Ыбырайым әкей қазір бізге көктен көз салып, барлық діндердің өкілдері, оның балалары бір ниетті құптап отырғанына қуанышты екеніне сенімдімін.
Көрініс келесі сөз алушыға ауысады.
Титр: Иосиф Томко
Қасиетті Тақ делегациясының басшысы, Жоғары нұркейіпті Кардинал
Папа Иоанн Павел ІІ – ші 2001 жылғы 22 қыркүйекте Астанаға келген сапарында, адамдардың ең терең нанымдарына мүмкіндік беретін, діни бостандыққа деген құқығын мойындауларыңыз керек деген.
Дін өкілдері жалпы панорамаға алынады. Телеоператорлар мен фотографтардың съезді бейнетаспаға түсіріп тұрған сәті.
...Біздің бүгін осы арада тұрғанымыз, біздің бейбітшілік жайындағы әңгімеміз, құлшылығымыз, сайып келгенде, құдайдың сыйы және адамзат баласы үшін зор үміт нышаны.
Салтанат Сарайының ішіне сыпаттама.
… Шиеленіс, өшпенділік, соғыс, зорлық – зомбылық, лаңкестік әрекеттері әділетсіздіктің салдары. Барлық діндер әділеттікке шақырады. Оның өзі құдіретті құндылық, өйткені құдай әділ, ол әділетті құптайды. Оның ырқымен өмір сүргісі келген әрбір жан әділ болуға тиіс.
Көрініс қара фон арқылы “Окан Интерконтиненталь” қонақ үйінің сыртқы көрінісіне ауысады..
Далада мейман ретінде келген съезд делегацияларының мемлекеттік Тулары.
Баяу ескен жел жалауларды желбіретеді.
“Интерконтинентальдың” жалпы планы.
Кадр қонақ үйдің ішкі көрінісіне алмасады.
Диктор мәтіні:
( І-ші диктор)
Парасатты пайымды таразылайтын жанға достық шырай танытсаң, сол достық – достық шақырады. Берекесі мен ынтымағы жарасқан қазақ жеріндегі съезге келген әлемдегі діннің әртүрлі бағыттағы 17 дін делегациясы құрметті меймандар мен халықаралық ұйымдар өкілдері Астанадағы «Интерконтиненталь» қонақ үйіне тоқтаған.
Дін өкілдері “Интерконтиненталь” қонақ үйінің холлында қызу әңгімелесіп тұр.
Мұсылман және иудей, христиан мен будда дін өкілдері бір-бірімен жарқын бейнеде жылы сұхбаттасқан сәттері.
… Бір есіктен кіріп – шығып жатқан діндарларды көргенде ғасырлар бойы ақылға симастай асқынған дінаралық дүрдараздықтың түсініп-танымайтын түнегі тұсында қазақтардың мұндай тосын тәжірибесін ешкім де болжай алмай іштей тынған.
Қара фон арқылы кадр тікұшақпен жоғарыдан түсірілген Салтанат Сарайының сыртқы көрінісіне ауысады.
Диктор мәтіні:
Шынында да таңғаларлық нәрсе, ненің болмасын бірінші рет туғаны болса керек.
Мәртебелі меймандар, дәстүрлі және ұлттық діндер өкілдері, сондай-ақ еліміздің дін өкілдері съезд болып жатқан залға қарай баяу жүріп, әңгімелесіп аяңдап келеді.
Ал, ол осы оқиғаның екінші рет қайталануына жол ашпақ.
Дін өкілдері қол алысып, амандасып, бір-бірімен әңгімелерін жалғастыруда.
… Бұрындары қол алысып жүздесу былай тұрсын, ортақ кездесуден бас тартатын дін лидерлері Астанада бір шаңырақ ішінде ізеттілік пен бейбітшілік сипаты зор рухани жұмыстарды жалғастырып жатты.
Йона Мецгер – Израильдің бас раввині мен Шейх Мұхаммад Сайд Тантауи – Әл-Азхар университетінің Бас Имамы қол алысып, бір-бірімен ілтипатпен сұхбаттасып тұрған сәті.
Бұл кадр съездегі есте қаларлық ерекше оқиға болды. Бұл олардың тарихта тұңғыш рет қол алысып амандасуы.
… Халықтың қалқаны саналатын дін көсемдері осындай рухани қарым-қатынас бір-бірімен сиыспайтын ұғымдар, көзқарас қақтығысын жібітуге жігер берерін жасырмаған.
Президент Мехди Хадави Могодамммен – Иранның Ислам Заң ілімі комитетінің төрағасымен амандасып тұр.
Съездің жұмысы туралы пікірлескен сыңай байқалады.
Әбсаттар Дербісәлі мен Йона Мецгер қол алысып, амандасуда. Өзара айтқан сөздері кадрда естіледі. Мұндай кездесудің маңыздылығын құптаған үндер.
Шейх Мұхаммад Сайд Тантауи Съезд Төрағасына жақындап, қол беріп, ерекше ықыласпен, ізгілік ниетте сөйлеп жатыр.
Мақұлдаған бас изеулер, съездің табысты жалғасқанынан хабардар етеді.
Ал, тағылымы ерекше дін тілі осылайша ұлы істер ұйытқысы, ұлттың рухани тұлғаларын ізгілік әлеуетіне топтастырды.
Балконнан түсірілген кадрлар.
Залдың толықтай көрінісі. Кең, ұзақ панорама.
Музыка. Қазақстан Туы. Салтанат Сарайының жалпы планы.
Ғимараттың суреті фонында титр беріледі.
Титр: Бірінші бөлімнің соңы
Титр: Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені
2003 жыл.
Көріністе ақшаңқан бұлттар көші. Кадр «Бәйтерек» монументіне баяу ауысады.
Камера «Бәйтерек» ішіндегі лифтпен төмен қарай түсірілім жүргізеді. 1-ші планда Бәйтерек конструкциясы, 2-ші планда «Транспорт Тауэр» және тағы сол сияқты салынып жатқан ғимараттар кескіні.
Микшерлік ауысым.
Титр: Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені
ұсынады
деректі фильм
Астана көрінісі.
Титр:
Ақиқат Бәйтерегі
Титр: Екінші фильм.
Музыка.
Кадрда Съездің эмблемасы.
Көрініс баяу шегініспен Конгресс-Холлдың сыртқы бейнесіне ауысады.
Конгресс-Холл іші.
Журналистердің Баспасөз орталығы.
Диктор мәтіні
( І-ші диктор)
Қазір ақпарат ауқымы адам қабілеті қорыта алар мүмкіндіктен асып түсті.
Конгресс-Холл ішіндегі съезге қатысушы қауымның жалпы кескінде.
Үлкен экранда съезден тікелей репортаж беріліп жатыр.
Арнайы жасақталған баспасөз орталығының көріністері.
…Радио, теледидар, газет, журнал уақыт тынысын өзіне бағындарып әкеткен тұста, жұртшылық пікір сарабына салғырт, әсершіл, әрі ұраншыл ұғымында ойлауға бейім.
Үстел үстінде съезд эмблемасы бар блокнот.
Конгресс-Холл ішіндегі компьютер алдында отырған журналистер.
Олар соңғы хабарларын редакцияға жодауда.
Кадрде интернет, факс, телефон, қарбалас сәт бейнеленеді. .
...Дінаралық үнқатысу съезіне жиналған 400-ден астам бұқаралық ақпарат өкілдері ә дегеннен қиғаш мінез, оқыс оқиғаларды іздестірген. Бірақ тән жаралы болмаса, оған қанша у жақсаң да, дерт дарымайтындай ізгілікті ұран еткен Астана съезі ешбір сыртқы күштің айтағы мен желкелеу арқылы жүрмесін журналистер де сезіп, сабырға көшкен. Шетелдің 100-ден астам жетекші ақпарат агенттіктері мен компаниялар өкілдері де қазақ жерінен сөз арқылы тараған ізгілік ниетке ортақтасып жатты.
Камера іске қосылған компьютерлер мен журналистердің жалпы планында түсірілім жасай отырып, авторға баяу ауысады.
Кадрда автор монологы.
Стенд-ап:
Титр: Махат Садық
журналист
«Осыдан 7 жыл бұрын Елордамыз Астана тұсаукесеріне келген Грузин журналисі “осымен Қазақстандағы салтанатқа 4-ші рет қатысып отырмын. Берекесі баянды, жер бетіндегі бақытты халық – қазақтар-ақ шығар” - деген еді. Иә, кешегі Кеңес одағы заманында, жүрегі бір, тілегі ортақ саналатын бір мемлекеттің тұрғындары 15-ке бөлінгенде, әрқайсысының тағдыры әртүрлі қалыптасты. Осы мысал-ақ, басқа түскен жағдаяттың барлығы бір жаратқанның бұйрығымен ғана емес, кей кезде оған билікті тізгіндеушілердің де қатысы болатынын анық көрсетіп отыр. Ал, бұқаралық ақпарат құралдары болса, көбіне-көп осы билікті тізгіндеушілердің ықпалынан, қаржыгерлердің қоржынынан шыға алмайтыны съезде айтылып қалды. Дегенмен дін тілі – тәлім тілі. Осы Астана съезіндегі үндескен дінбасшыларының кездесуі олардың көзқарасына өзгеріс енгізгендей.
Кадрда журналистер. Орта, ірі, жалпы планда.
Өйткені қазақ жерінде жүздеген жылдардан бері дінбасшылары алғаш рет осылайша бас қосты. Міне, осы басқосуды журналистер қауымы “әлем жұртшылығы аттаған ерекше бір оқиға деп атап көрсетті».
Көрініс Конгресс-Холл ішіндегі шетел журналисімен сұхбатқа ауысады.
СНХ: (сөз)
Титр: Джагет Райт “AL HAYAT” газетінің корреспонденті
Қазақстанда мені қайран қалдырған уақиғаға тоқталайын. Ерекше жағдай. Талай ел мен жерде іссапарда болдым ғой, не естіп, неге куә болмадым. Бірақ, айтпағым тарихта алғаш рет еврейлер, израилдіктер дөңгелек үстел басында арабтармен, ирандықтармен отырғаны, қол алысқандары осы Астанада ғана. Бұл бұрын болмаған жағдай. Қарап тұрсаң, саясаткер тәжірибелі болса, қолдан келмесі жоқ екен. Президент Назарбаев осыны дәлелдеді. Егер осылай жалғаса берсе, бәлкім Таяу Шығыста да проблемалар шешіліп қалар. Тек сіздер бастаған өркениетті діндер үндесуі баянды болсын.
Жаңалықтарын факс, интернет арқылы жолдап отырған журналисттер арқылы көрініс келесі сұхбатқа ауысады.
СНХ:
Титр: Мигель Бас Фернандес. «Эфе» агенттігінің жетекшісі
ТМД елдеріндегі «Эфе» испан ақпарат агенттігін басқарамын. Алтыншы рет қазақ жеріне келдім. Президент Назарбаевтың бейбітшілік ұсыныстары талай жанжалды бәсеңдетуге себепші болды. Қарабах қақтығысының бәсеңдеуі - бір. Екінші, Азиядағы өзара сенім форумы арқылы Үндістан, Пәкістан жанжалын жұмсартты. Үшінші, ядролық қарудан бас тарту батылдығы. Енді, міне, әлемді терроризм мен экстремизм өрті шарпыған сәтте дін тағылымын көтерді. Осыған дейін соғысқа сылтау іздеушілер, дін атын жамылушы еді. Бұл Қазақстандағы қасиетті үндесуден кейін тоқтар деген ойдамын.
Музыка.
Көк аспан. Есіл үстінде ұшып жүрген шағалалар күн сәулесімен қанаттары жалт-жұлт етеді.
Микс арқылы Астана көріністері.
Қайық үстінен түсірілген Есіл өзенінің жағалауы.
Алыстан «Самал» шағын ауданының биік үйлері қаз-қатар тізіліп көрініп тұр.
Салтанат Сарайы.
Кадр Президент Резиденциясына ауысады.
Резиденцияның ішкі көрінісі.
Диктор мәтіні
( І-ші диктор)
Съездің алғашқы күні ойланып, ұғынысу бұлағын аршыды.
Президент Резиденциясының көрінісі. Кездесулер өтетін зал көрінісі.
…Өйткені, дін лидерлері де – адам!
Н. Назарбаев Мұхаммад Раби Хасани Надвимен әңгімелесуде.
…Ал, адамның рухани бейнесі ойнауды көтермейді. Ғаламда ғажап болудан қалған жәйт, ширыққан саяси егесулер, бұқаралық ақпарат құралдарынан басталып, ақыры мылтық кезенумен аяқталады.
Шейх Мұхаммад Саид Тантауи мен Әбсаттар Дербісәлі Резиденциядағы музей бөлімінің фойесіндегі креслода сөйлесіп отыр.
Жалпы планда Съезд меймандары.
Н. Назарбаев Йона Мецгермен сұхбаттасуда.
…Мұндай жанжалдарға көбіне зиялы қауым кінәлі.
Әбсаттар Дербісәлі, Шейх Мұхаммед Саид Тантауи, Бағдат Әмреев, автор және басқалар баспалдақтан түсіп келеді.
… Дін лидерлері Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бетпе-бет сұхбаттасуларында осыны жасырмаған.
Кадрда жоғары дәрежелі бетпе-бет кездесулер көрінісі. Жылы сәлемдер, делегация өкілдерін таныстыру.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Мехди Хадави Могоддаммен кездесуіндегі сөзі
Елбасы ірі планда.
Сөйлегенде барлық жағын да бірдей қамтыдыңыз. Съездің келісімге келу жағын қолдап сөйледіңіз. Мен соған ризашылығымды білдіремін.
Мехди Хадави Могоддам ірі планда ұйып тыңдап отыр.
Әрине, елдердің арасында да, діндердің арасында да бір – біріне деген айтатын келіспеушілік көп. Бірақ та біз келісім үшін жиналып отырмыз. Сіз сол тұрғыда сөйледіңіз.
Президент Резиденциясының ішкі көрінісі.
Мемлекеттік рәміздер.
Ресми дәліздегі, ресми адамдармен.
Съездің мәртебелі меймандарының дидарласу сәті.
Диктор мәтіні:
( І-ші диктор)
Шығар күндей шындық, туар айдай ақиқат – ол дінді саясаттандырудың қауіпті екендігі!
Съезд Төрағасы мен Мұхаммад Раби Хасани Надви төс қағысып амандасуда.
Жер шары, глобус ірі планмен.
…Үндесудегі мүдде мұраты да мұны қаперден шығармау жәйін, жауапкершілікті әлдебіреуге ысыра салудың ешбір қисыны жараспасын парасаттылық парызбен таразылаған.
Елбасы мен Минору Сонода креслода әңгімелесіп отыр.
Махмуд Хамди Закзук пен Елбасы сұхбаттасуда.
…Дінаралық дүрдараздықты қоздырып, қасиетті сенімге күйе жағу, бүйректен-сирақ шығаруға жармасуды ауыздықтау – бұл жүздесулерде жасырылмай айтылды.
Кадрда камерагерлер мен фотографтар.
кездесу бөлмесінің іші жалпы планмен көрсетіледі.
Делегация өкілдерінің, Президент пен Цутома Хата әңгімесін ыждақатпен тыңдау сәті.
Бейнеқатар Съезд Төрағасы мен Шейх Мұхаммад Сайд Тантауи көрінісіне ауысады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Шейх Мұхаммад Сайд Тантауимен кездесуіндегі сөйлеген сөзі
Ең негізгі мәселе – съезд басқа жерде емес мұсылман елінде өтіп отыр. Қазіргі жағдайда саясаткерлер өзінің пайдасына бұру үшін болып жатқан қатерлі жағдайдың барлығы исламнан шығып жатыр деген сөз айтады. Қай жерде жүрсем де мен оның барлығы қате екенін жалықпай айтып жүремін. Әрбір жиылыста. Дүниежүзіндегі Мұсылман дінінің уағызын, біздің Құран Кәрімдегі айтылған сөздерді, біз қазір айтып жатырмыз, олар естіп отыр, католиктер де, еврейлер де, басқалар да.
Елбасы Ресейден келген дін өкілдерімен сөйлесіп тұрған сәті.
Диктор мәтіні:
( І-ші диктор)
Үндесу – үмітті үкіледі!
Кадрда Президент пен Мефодий.
Орасан зор Еуразия құрлығының қақ жүрегінде орналасқан Астанадағы жаһандық өзара түсіністік дәні балғын кезеңнен өтіп, піскен кезде айналасына нұрын шашпақ!
Дін өкілдері кадрда.
Көрініске Иосиф Томко ірі планмен алынады.
Бастысы – ойға ой қонып, тамыр жайып, тарай бермек.
Кадр ауысып Ислам Лигасы өкілдері көрінеді.
Анық, ашық бейнеқатар.
Ал, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу адамның өз ісі, ықыласы.
Көрініс қара фон арқылы құттықтауларға ауысады.
Құттықтаулар фильмнің бірінші бөлімінде берілген формат жүйесімен жалғасады.
Құттықтаулар:
( ІІ-ші диктор)
Титр: Маргарет Тэтчер
“Мұндай форумды өткізу үшін бірде-бір ел Қазақстандай қолайлы болмас еді. Тәуелсіздік алған кезден бастап Сіздің көреген саясатыңыз елді еркіндікке бастайтын жолға шығарды.
Қазақстан өзінің саналуандығы арқасында өркендеп, өзінің саналуан дәстүрлері мен діни нанымдары арқасында күшейе түсті. Сіздер өзгелер үшін үлгі болудасыздар”.
Маргарет Тэтчер.
Титр: Сеид Мохаммад Хатами
Иран Ислам Республикасының Президенті
“Осыншалық өкілетті халықаралық форум, әлемдік діндердің үнқатысуын өткізуді өзара түсіністік пен бейбіт өмір сүруге деген маңызды қадам ретінде бағалаймын. Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевты осындай маңызды іс-шараны өткізуде танытқан бастамашылығы үшін құттықтаймын”.
Сеид Мохаммад Хатами, Иран Ислам Республикасының Президенті
Титр: Владимир Путин
Ресей Федерациясының Президенті
“Негізгі әлемдік және дәстүрлі-ұлттық конфессиялардың өкілдерін жинаған сіздердің форумдарыңыз өз алдына маңызды да аса қажет мәселелерді қойып отыр.
Сіздердің съездеріңіз өркениеттердің үнқатысуына, елдер мен халықтар арасында кең де жан-жақты ынтымақтастықты дамытуда үлесі маңызды болатынына сенемін”.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті
Титр: Жак Ширак
Француз Республикасының Президенті
“Діндер арасындағы үнқатысу өркениеттер мен мәдениеттер арасындағы Франция үндеп келе жатқан үнқатысудың негізін құрайды”.
Жак Ширак, Француз Республикасының Президенті
Титр: Сильвио Берлускони
Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы
“Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне қатысушыларға шын жүректен құттықтау жолдап, табысты жұмыс тілеу, мені қанағат сезіміне бөлейді”.
Сильвио Берлускони, Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы
Кадр қара фон арқылы Салтанат Сарайының ішіндегі жалпы көріністерге ауысады. ( балконнан түсірілген бейнеқатарлар).
Диктор мәтіні:
( І-ші диктор)
Тамам діннің - түбі бір! Съездің алғашқы күні сөз алған жоғары дәрежедегі дін лидерлері, әр адамның дінді еркінше қалап алуына деген құқығын мойындады.
Көрініс телеоператорлар мен фотографтардан панорама. арқылы дін өкілдеріне ауысады.
Мәдениеттер,өркениеттер мен діндер үнқатысуына әлемде балама жоқ деп мәлімдеді.
Съезд делегаттарының сөздерін аударып отырған аудармашылар қызметі.
Ал, дінбасыларының бұл кездесуі адамзат дамуы үшін жарқын кезең басталғанын туған айдай аян етті.
Кадрда Ватиканның дін өкілдері.
Көріністе Съезд Төрағасы ірі планда.
Отырыстың жалпы көрінісі.
… Ғұмыр бойы ұмытпайтын, жүзжылдық жалғыздықта да өлмей кешпейтін кек, кемсітушілікке шек қояйық,-деді дінбасылары.
Әбсаттар қажы Дербісәлі ірі планда көрсетіледі.
Шри Шри Сугендра Тиртха Свами Мадхабачари ірі кескінмен алынады.
…Тарихи бетбұрыс, тарихи серпілісті бастайық, - десті ғұлама ғалымдар.
Қара фон арқылы кадр “Егемен Қазақстан” газетінде басылған Президент пен дін өкілдерінің фото-суреттеріне ауысады.
Автордың арнайы сұхбаты.
СНХ:
Титр: Бағдат Әмреев
Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі
Декларацияны қабылдайтын күні Елбасымыздың төрағалығымен болған соңғы жиында бірнеше делегациялар әртүрлі ұсыныстар, жаңа пікірлер айтылды. Декларация кесіліп қойған документ еді. Бірақ жиынның үстінде әлгі дін басшылары өзінің ұсыныстарын айтты. Бұл ұсыныстар осы құжатты, жалпы Астанадағы жиынды тарихи жиын жасады деп айтуға болады.
Президент дін өкілдерінің ортасында.
Естелік суретке түсу сәті.
Соңғы отырыста орыс провославия шіркеуінің өкілі: “Бұл басқосуды әлемдік және дәстүрлі діндердің І-ші съезі деп айтайық” - деп ұсыныс шығарды. Ол деген сөз - бұл дін диалогы цивилизациялар, өркениеттер диалогының басты компоненттері ретінде, Дін диалогы Астанада басталды деген сөз.
Қара фон арқылы көрініс Салтанат Сарайына ауысады.
Съезд жұмысы.
Кадрде келесі сөз алушы.
Титр: Мехди Хадави Могоддам
Иран Ислам Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Ислам заң ілімі және құқық жөніндегі комитетінің төрағасы
Біз бүгін мұнда үнқатысу және жоғарыда аталған мәселелердің шешімін табу үшін жиналып отырмыз. Ендігі жерде орын алған келеңсіздіктерді ақтаудың да, қайталаудың да қажеті жоқ. Тек, диалог өзара үнқатысу қазіргі заманғы қайшылықтарды жеңуге, зорлық пен терроризмнің, әділетсіз соғыстардың тамырына балта шабуға мүмкіндік береді.
Кадр келесі сөз алушыға ауысады. Орта, жалпы план.
Титр: Цжан Цзиюй
Бүкілқытайлық даоистер ассоциациясы төрағасының бірінші орынбасары
Дана бабалар өркениеттері бейбітшілік тұрақтылық және игілік ісіне қолдан келген үлесімізді қосуға үндейді. Қытайдағы даосизм жанжалдаспауға, бейбітшілікке, төзушілікке бастайды. Біздің үнқатысуымыз адамзат өркениетінің ортақ құндылықтарына және онда әмбебап болып табылатын игіліктерге негізделуі тиіс. Сонымен бірге біз өзіміздің айырмашылықтарымызды жақсы білуіміз керек. Бүгінгі дүниеде жанжалдар мен соғыстар біздің бір-бірімізді құрметтеуді үйренбегендігімізден туындайды.
Біз адамзат өркениетінің әралуандығын сақтау үшін өз күш-жігерімізді біріктіруіміз керек.
Көріністе келесі сөз алушы.
Монтаж фильм жасау ережесіне сай тәртіппен жалғасуда.
Титр: Мұхаммад Раби Хасани Надви
Мұсылмандар құқықтары жөніндегі бүкілүнділік комитетінің төрағасы
Діндер съезінің дәл осы жерде өтуі – жақсы ырым. Бұл дінге сенушілерді жақындастырудың және күйзелген адамзат үшін тың жол іздестірудің тұғырнамасы. Өткен жүзжылдықтар ішінде ислам өзінің бай тарихын жасап, адамзатқа жол нұсқады.
Исламға лаңкестікті таңушылар мен оның бейбітшілік сүйгіш қасиеттерін көрмеушілер – ислам тарихын бұрмалайды. Ислам өте бір шектен тыс жағдайларда ғана, тиранияға бұғалық сала алмаған және кінәсіз адамдар лаңкестік пен әділетсіздіктің құрбаны болып жатқан кездерде ғана өз жолын ұстанушыларға күш қолдануға рұқсат етеді. Тіпті сол күшті дұрыс қолданбай жатса – ол да исламға жат. Осындай әрекеттер үшін исламды айыптау дұрыс емес. Сондықтан да барлық діндердің өкілдері діни үйлесім мен бейбітшілік үшін жиналып отырған осынау съезді мадақтауға лайық.
Қол шапалақтау.
Айтылған пікірді мақұлдағн адамдар бейнесі. Көріністе келесі сөз сөйлеуші.
Титр: Цутома Хата
Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі
Террористік әрекеттердің себебі, діни қарама-қайшылықтарда жатыр деген сөз жиі айтылады. Дегенмен, барлық діндердің шынайы тілегі – әлемді тәртіпсіздікке, кінәсіз адамдардың жапа шегуіне емес, керісінше күнделікті өмірдің тұрақтылығына, әр шаңыраққа тыныштық әкелуге, бейбіт өмірді берік орнатуға бағытталуы керек. Кешеден бергі айтылған сөздер мені осындай ойға жетелейді. Біз, саяси қайраткерлер әлемдік діндер жетекшілерімен бірлесе отырып, бір мақсатқа – таяу болашақта жер бетінде бейбіт өмірге жету үшін бірлесе қимылдауға тиістіміз.
Көріністе келесі сөз сөйлеуші.
Титр: Томас Геремек
Достарыңызбен бөлісу: |