Байланысты: sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili
Қазақстан Республикасының Прокуратурасы Қазақстан Республикасының Прокуратурасы – Президентке есеп беретін
мемлекеттік орган. Ол Республикадағы заңдар , жарлықтар, өзге нормативтік
актілердің дəл орындалуын қадағалайды. Жедел – іздестіру қызметі, тергеу
жəне жауап алудың заңға сəйкестігін бақылайды.
Прокурорлық қызметтің мақсаты – заң үстемділігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының егемен құқықтары мен бостандықтарын бекіту.
Прокуротура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметі мынадай
қағидаттарға негізделеді:
Қазақстан
Республикасының
Прокуратурасы
бірыңғай
орталықтандырылған органдар жүйесі болып табылады: прокуратура өз
қызметін басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, саяси партиялар
мен қоғамдық бірлестіктерден тəуелсіз жүзеге асырады; прокуролық
қадағалау актілері барлық органдар, ұйымдар, азаматтар жəне лауазымды
адамдар үшін міндетті.
Прокурорлық қадағалау деп заңның дəл орындалуын, заңды бұзу
фактілерінің дер кезіндегі айқындалуын жəне кінəлі адамдарды
жауапкершіліккке тартуға байланысты арнайы өкілеттері бар лауазымды
адамдардың /прокурорлардың/ жүзеге асыратын қызметін айтамыз.
Прокуратура органдарының жүйесін Бас прокурор басқарады. Бас
прокурорды бес жыл мерзімге Парламент Сенатының келісімімен Президент
тағайындайды. Бас прокурор Президентке есеп береді жəне Президент
билігімен қызметінен босатылады. Бас прокурор Бас прокуратураны
басқарады, оның бірінші орынбасары жəне орынбасарлары болады. Бас
прокуратураның құрылымын басқармалар жəне бөлімдер құрайды.