Тапсырмалар:
●
Мəтінді аударыңыз.
☺
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қандай мəртебеге ие?
Жоғарғы Сот органдары қандай?
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы кім?
◘
Етістіктерді қалау райда қолданып, сөйлем құраңыз
: белгілеу, табылу,
т$ру, ты дау, білу.
◘
Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс орналастырып, сөйлем құраңыз:
Жібереді, сағаттан, қаулылардың, жиырма төрт, прокурорға,
көшірмелерін, кешіктірмей, осы.
Алдын-ала, екі ай, тиіс, мерзімнен аяқталуға, тергеу, қозғалған,
кешіктірілмей, қылмыстық, іс, күнен.
Прокуроры, алдын-ала, Бас. Республикасының, мерзімін, айрықша,
Қазақстан, жағдайда, ұзартады, тек.
◘
Сөздерді тəуелдеңіз: азамат, есеп, төраға.
►
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты туралы қосымша əдебиеттерді
оқып, баяндама жасаңыз.
СПИД – деген не?
СПИД-(ЖИТС) – иммунитет тапшылығын иемденген синдром.
Бұл вирус иммундық жүйені зақымдап, көптеген басқа жұқпалы
аурулардың бас көтеруіне жағдай жасайды. Сондықтан ЖИТС – пен
ауырған адамдар, ерте болсын,
кеш болсын, түбінде мерт болатыны анық. Бұл ауру пайда болғаннан
бері 20 жылдай уақыт өтсе де, одан емделіп, мүлдем айығып кеткен
бірде-бір адам жоқ.
55
СПИД – бұл жұқпалы, қауіпті, адамның иммундық жүйесін зақымдайтын,
яғни организмнің ауруларға қарсы тұру қабілетінен айыратын, əзірге бүкіл
дүние жүзінде оның емдеу жолдары табылмаған ауру екен.
ЖИТС - XXI ғасыр қасіретті
Оның шығу тарихы қандай екен?
1980-1981 жылдың қыс мезгілінде Нью-Йорк университетінің
госпиталіне өте сирек кездесетін ауру белгілермен топ адам түсті. Ол
жас шамалары 30 жастағы ер адамдар еді. Олардың аурулары өте қиын
жəне тез өтті, көпшілігі бір жыл ішінде қайтыс болып кетті.
Біраз уақыт өткен соң 1981 жылы Лос-Анжелес қаласында тағы бір
белгісіз ауру белгілері бар бір топ адам келіп түсті. Бұл иммун
жүйесінің күрт бұзылуынан пайда болатын, өте сирек кездесетін ауру
еді. Бұл жолы ауырған адамдар да жас ер адамдар еді, олардың
көпшілігі өліп кетті, жасалған емдеу көмегін тигізбеді. 1981 жылдың
жазында АҚШ-та осы секілді 116 жағдай тіркелді.
1982 жылдың көктемінде СПИД-тен алғаш рет гемофилиямен ауырған
адам қайтыс болды. Кейінірек осындай гемофилиямен ауыратын
адамдарда осындай жағдаяттар көптеп кездесе бастады, оның басты
себебі қан құю кезінде, қанның емдік препараттарды құю себептерінен
жиі болатын. Яғни бұл аурудың қан құю кезінде берілетіндігі
анықталды.
1983-1984 жылы бір мезгілде америка ғалымы Роберт Галло мен
француз ғалымы Люк Монтанье осы аурудың қоздырғышын тапты.
Əуелі бұлқоздырғышты əркім əртүрлі атаған, кейін 1986 жылы СПИД
ауруының қоздырғышына ВИЧ деген атау берді (адамның иммун
тапшылығын тудыратын вирус.
Қазіргі кезде ЖИТС дертіне шалдыққандар мен оның вирусын
жұқтырғандар дүние жүзінің бүкіл елдерінде табылып отыр жəне
мұндай науқастардың саны күн сайын арта түсуде. Егер 1981 жылы
бүкіл дүние жүзі бойынша ЖИТС – пен науқастанған адамдар 300-ге
жуық болса, он жылдан кейін, 1991 жылдың ақпан айында олардың
саны 160 елде 323379-ға жетті. Мұндай дертке душар болғандар
негізінен Америка (191137 адам), Африка (83010), Еуропа (45737)
құрлықтарында кездеседі
56
1997 жылғы мəліметтер бойынша ЖИТС ауруын
жұқтырғандар саны Африкада 14 млн, Азияда 10 млн, АҚШ-та 800
мың, Ресейде 10 мыңнан асқан. Ресми мəліметтер бойынша Қазақстанда
АИВ жұқтырғандар мен ауырғандар саны 497-ге жеткен, олардың 8-і 15
жасқа дейінгі балалар. Сол жылы олардың 19-ы (соның ішінде 1 бала)
қайтыс болған.
Қазақстанда АИВ инфекциясын жұқтыру бойынша эпидемиологиялық
жағдай өте күрделі. ЖИТС ауруымен науқастанғандардың саны жөнінен
Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей, Украина, беларусь
Республикасынан кейін төртінші орында. 2000 жылғы дерек бойынша
елімізде АИВ жұқтырғандар саны мыңнан асқан
СПИД – ауруының жұғу жолдары:
жыныстық жолмен;
ине арқылы;
ауру шешеден балаға;
қан арқылы жұғады;
жүктілік, босану немесе емізу кезінде ауру анадан балаға жұғады.
►«
Біз салауатты )мір та даймыз» атты шағын шығарма жазы ыз.
Достарыңызбен бөлісу: |