– ...?
– Есірткіні үнемі қолдану созылмалы сырқаттарға алып келеді.
– ...?
– Осы дертке шалдыққандардың едəуір бөлігі мектеп жасындағы
қыздар
екендігі алаңдатады.
– ...?
– Есірткіні сирек пайдаланған болса да, оған деген құмарлықты жою
мүмкін емес.
Тарих а назар аудары,ыз. Есірткіні қандай мақсатқа пайдаланған? Ежелгі палеолит дəуірінің өзінде-ақ (біздің дəуірімізге дейінгі 40000-
10000 жыл) адам баласы есірткінің не екенін білген. Мысалға,
шумерлер, қытайлар мен гректер, ацтектер, сібір тайпалары адамды
қоздыратын кейбір есірткілердің қасиетін түсінген. Олар есірткі
заттарын діни мақсатта жəне медицинада пайдаланған.
Егер тарихқа үңілер болсақ, есірткілердің ішінен алғаш қолданылған
зат – көкнəр. Осыдан 5 мың жыл бұрын қазіргі Ирак жерінде өмір сүрген
шумерлер көкнəрді тұрмыста пайдаланған. Олар көкнəр өсімдігінен
апиын дайындап, оны “гиль” деп атайтын болған. Бұл сөз “шаттық”
деген мағынаны білдіреді. Шумерлер көптеген есірткі өсімдіктерінің
психофармакологиялық əсерлерін білген.
Əйгілі саяхатшы Марко Поло парсы елінен Хасан ибн ас Сабах
жөнінде аңыз жазып əкелген. Бұл əміршінің сарбаздары өздерінің
ерлігімен əрі қатігездігімен белгілі болған. Оларды ерлік істерге
дайындау үшін Хасан гашиш беріп бастарын шырмап, діни уағыздарын
айтып, нағыз жанкештілерге айналдырған.
Сібір тайпалары есірткі рахатына бату үшін мухомор деген
саңырауқұлақты қолданған. Сол сияқты бұл саңырауқұлақты соғысқа
шығар алдында викингтер де жейтін болған.
Азияда апиынды пайдалану тарихы мыңжылдықтармен есептелетін
болса, ол тек ХVIIІ ғасырда ғана жаппай қолданысқа ене бастаған. Осы
кезде құрлықтың бұл аймағында ағылшындық “Ост-инд” компаниясы
пайда болған. Аталмыш компания Бенгалияда апиын өндірісімен
айналысып, орасан көлемдегі өнімін Қытайға сатып отырған. Осы
британ апиынына Қытай өкіметінің тыйым салуы 1842 жəне 1857
жылдардағы “апиын” соғысына əкеліп соқты. Бұл соғыста Қытай
59
жеңілгендіктен, миллиондаған қытайлықтар ұзақ жылдар бойына
есірткіден уланды. Ал есірткі сатушылар байи түсті.
«Алматы ақшамы», 2010.