Уа халқым, назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда.
“Денсаулық – терең бақыт” деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл əлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тəлкегін де.
Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің
Бар қызық, рахатын, жарығын да.
Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
Қолда барда біл оның қасиетін
Күтіп, баптап аяла əр уақытта.
Гүлбира Махамбетқызы