Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А



Pdf көрінісі
бет77/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili

Тапсырмалар

 Мəтінді оқыңыз. 

 Сөздікті пайдаланып, таныс емес сөздерді дəптеріңізге жазыңыз. 

«
Алтын ұяң – отан қымбат... Туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің 
қымбат» өз пікіріңізді білдіріңіз.
 

«
Менің Отаным» атты сөзжұмбақ құрастырыңыз. 
 
 
 
Қазақстан 
Қазақстан  -  көп  ұлтты  егеменді  мемлекет.  Халқының  саны  15 
миллионнан  асады.  Археологтардың  айтуы  бойынша  Қазақстан  жерін 
алғашқы адамдар бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген. Қазіргі Қазақстанда 
130 ұлттың өкілдері тұрады. 
Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш 
мың  шақырымға,  солтүстігінде  Батыс  Сібір,  оңтүстігінде  Тянь-Шань 
шыңдарына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр. 


 
63 
Жер  көлемі  2,7  миллион  шаршы  шақырымнан  асады.  Республика 
жерінің  үлкендігі  соншалық  –  оның  онтүстігі  мен  солтүстігі,  батысы  мен 
шығысындағы табиғаты бір-біріне ұқсамайды. Оңтустігінде жемістер гүлдеп, 
жер бетін астық жапқанда, солтүстігінде əлі қар жатады. 
Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, 
жүзім,  алма,  қарбыз,  қауын,  əр  түрлі  дəрілік  шөптер  мен  толып  жатқан 
өсімдіктер  өсіріледі.  Бұл  аймақта  жаңбыр  өте  аз  жауады,  жазы  ыстық  жəне 
құрғақ болады. Оның үстіне бұлардың барлығы да суды өте көп қажет етеді. 
Іле, Шу, Сырдарья өзендерінің мол суы – бұл аймақтың байлығы. 
Республиканың  солтүстігінде  астық  пен  көкөністер  жақсы  өседі.  Бұл 
өсімдіктерге су онша көп қажет емес. Мұнда күн ыстық емес, жаңбыр да жиі 
жауып тұрады. 
Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай, жер шарында кездесетін кен 
байлықтарының  бəрі  бар.  Олар:  темір  рудасы,  түсті  жəне  асыл  металдар 
(мыс,  қорғасын,  қалайы,  күміс,  алтын  жəне  басқалары),  көмір,  мұнай, 
фосфориттер. Осыларды игеру барысында жаңа қалалар пайда болды. Олар: 
Арқалық, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаратау, Теміртау, Ақтау, Кентау, 
т.б. 
Қазақтар  бұрын  көшпенді  ел  болып,  мал  шаруашылығымен 
айналысқан.  Бүгінгі  Қазақстан  ауыр  индустриясы  мен  ауыл  шаруашылығы 
дамыған, жоғары мəдениетті де білімді елге айналды. 
Қазақстан – егеменді тəуелсіз мемлекет. 1991 жылы 1 желтоқсанда Н.Ə. 
Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет