Қазақ халқы көптен күткен тəуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет
болды. Əрбір азат елдің өзінің тəуелсіздігін білдіретін басты белгілері
болады. Олар сол елдің Ата заңы, мемлекеттік рəміздері, ұлттық валютасы.
1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рəміздері қабылданды. ҚР Мемлекеттік Əнұраны, ҚР
Мемлекеттік Елтаңбасы, ҚР Мемлекеттік Туы.
Мемлекеттік елтаңбамыздың авторлары – Ж.Мəлібеков пен
Ш.Уəлиханов. Елтаңбамыздың негізі – шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.
Шаңырақ мемлекеттің түп-негізі – отбасының бейнесі. Шаңырақ – Күн
шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті, Шаңырақ –
киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың отбасының
бейнесі. Тұлпар дала дүлдүлі, ер-азаматтың сəйгүлігі, жеңіске деген жасымас
жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тəуелсіздікке,
бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Шаңырақтың айналасындағы
уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр. Қанатты тұлпар – қазақ
поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, талмас талаптың,
асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт
пен Кеңістікті біріктіреді. Бір шаңырақтың астында тату-тəтті өмір сүретін
Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани-байлығын, сан сырлы, алуан
қырлы бет-бейнесін паш етеді. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бесбұрышты
жұлдыз оның тəжі іспетті. Əрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы
бар.