▲ Өлеңді мəнерлеп оқыңыз. Қара сөзбен жазылған сөздердің мағынасын
ашыңыз.
Заман –ай, көкірегіңе мұң қалдырған,
Ашуға
булықтырған ,
Жындандырған. Жалт етіп қарушы едік, таң қалушы-ек,
Қазақша сөйлей қалса бір балдырған
Қайырған кез еді ол ел қанатын, Ер біткен қайғыратын,
толғанатын. Əлі де сөйлейтіндер бар екен деп,
Орыстың өзі сонда таң қалатын
Қайран ұлт,
Қайран халық ел дейтінбіз.
Тарихи кең далада
желдейтінбіз. Біріміз – бірімізге ана тілде,
Керек деп сөйлеп қалу,
Сөйлейтінбіз.
Қайғырып жүріп – ақ біз ойлайтынбыз,
Тойды да ана тілде тойлайтынбыз.
Қазақша өле - өлгенше сөйлейтұғын,
Ақырғы буынбыз деп ойлайтынбыз.
Көріп ек талай – талай
оңбайтынды, Құдайым қолдайды екен қолдайтынды.
Кəпір боп біттік – ау деп ойлаушы едік,
Ақыры бірақ олай болмайтынды.
Қазақша шырқап өтем Отан əнін,
Көрімде енді тыныш жата аламын.
Қазақша
сайрап – ақ жүр баласы енді
Қазақша білмейтұғын ата- ананың.
.Мырза 8ли “Ана тілі” N8, а панны 8.2005ж