Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А


Мемлекеттік тілді білу – заман талабы



Pdf көрінісі
бет7/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili
05.05.2020 5 сынып бжб
Мемлекеттік тілді білу – заман талабы 
     Халықтың    тəуелсіздігінің  ең  басты  белгісі  –  оның  ана  тілі,  ұлттық 
мəдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес. 
     Қазақ  тілінің  тағдыры  үшін  күрес  соңғы  жүз  жылда  бірде-бір  толас  
тапқан    жоқ.  Ұлы    Абайдың    заманын    айтпағанда,  Əлихан    Бөкейханов, 
Ахмет  Байтұрсыновтар  бастаған   алып  топ  тіл  мəселесіне  ерекше  мəн  
беріп,  оның    шексіз    байлығын,  суреткерлік    қуатын,  бейнелігі    мен  
саздылығын  көркемдік  сапаға  жеткізді. 
 
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең 
басты  біліктілік  талабына  айнала  бастады.  Қазір  мұндай  талап  қойылатын 
лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді.  
 
Біз  өзі  намысшыл  халықпыз.  Біреу  итің  жаман  десе  де  намыстанып 
қаламыз.  Тіл  білетін  қазақ  –  намысшыл.  Тіл  білмейтін  қазақ  одан  да 
намысшыл.  Оларды  тіл  білмедің  деп  шетке  итермеу  керек.  Қайта  бауырға 
тарту керек. Бізге көп тіл білгеннің артықтығы жоқ. Күні ертең Бүкілəлемдік 
Сауда  Ұйымына  кіргелі  отырмыз.  Осы  ретте  бізге  қазақ,  орыс,  ағылшын, 
тіпті  қытай  тілін  де  мықтап  меңгеріп  алу  керек.  Əлемдік  бəсекеге  түскелі 
жатырмыз.  Домбыраны  шерткендей,  біздің  мықты  мамандарымызды  да 
мемлекет  ісіне  шертіп-шертіп  таңдап  аларда  олардың  бірнеше  тілді  еркін 
меңгергеніне    артықшылық  беріліп  тұрылуы  тиіс.  Қазақстан  –  көп  ұлтты 
мемлекет  болғандықтан  тіл  мəселесі  аса  күрделі  мəселе  болып  отыр.  Тіл  


 
11 
мəселесінің  өте  нəзік  екендігі,  оның  зорлықпен  емес  тек  қана  шынайы 
ынталылықпен ғана ыңғайланатын шаруа екендігі белгілі. 
Ал тілдің өзі - тарих тереңіне бойлатып, өнер мен мəдениеттің кəусар 
бұлағына  сусындататын   рухани  əлеміміздің  сарқылмас  қазынасы.  Олай 
болса,  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  мəртебесіне  сай  қолданылу  аясын 
кеңейте түсу қажеттігі - заңды құбылыс. 
«Тіл  туралы»  Заңның  4-бабында:  «Қазақстан  халқын  топтастырудың 
аса  маңызды  факторы  болып  табылатын  мемлекеттік  тілді  меңгеру  – 
Қазақстан  Республикасының   əрбір  азаматының  парызы”  деп  жазылған. 
Үкімет,  өзге  де  мемлекеттік,  жергілікті,  өкілді  жəне  атқарушы  органдар 
Қазақстан  Республикасының  барша  азаматтарының  мемлекеттік  тілді  еркін 
жəне  тегін  меңгеруіне  қажетті  барлық  ұйымдастырушылық,  материалдық-
техникалық жағдайларды жасауға міндетті» - делінген. 
Яғни,  қазақ  халқы  болашақта  өз  ана  тілін  сақтап,  дамыта  алмаса, 
күндердің күнінде өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатады.  
    
Қазақстан  тəуелсіз  ел  болып  қалсын  десек,  онда  ең  алдымен  қазақ 
халқының  ұлттық  мəдениетін,  ұлттық  салт  –  дəстүрін,  ана  тілін  дамытуға 
күш салғанымыз жөн. 
   
Қорыта  келгенде,  мемлекеттік  тілді  ғылым  мен  техниканың  түрлі 
саласына  енгізіп,  сапасын  арттыру  -  уақыт  талабы.  Ал,  уақыт  талабын 
орындау – баршамыздың абыройлы парызымыз
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет