Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А



Pdf көрінісі
бет3/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili

 
 
 
 
 
 
 


 

І.   Қазақ тілі – мемлекеттік тіл 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ 
Қазақ  тілі  –  қазақ  халқының  ана  тілі,  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік тілі.  Қазақстан тілі XV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында əбден 
қалыптасып болған еді. Ол 1989 жылдан бастап Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік тілі мəртебесіне ие болды. Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті 
тұрғындары қазақтардан басқа Қытай Халық Республикасы, Монғолия, Иран, 
Ауғанстан,  Түркия  мемлекеттері  мен  ТМД-ның  Ресей,  Өзбекстан, 
Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың 
да  ана  тілі.  Қазақ  тілі  батыс  түркі  тілінің  қыпшақ  тармағына  жатады.  Бұл 
тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, Қырым 
татары, қарашай, балқар, құмық жəне т.б. тілдері.  
Тіл байлығы – əрбір елдің ұлттық мақтанышы. Қазақ тілінің байлығы, 
көркемдігі  ауыз  əдебиетімізден,  ХV-ХVІІІ  ғсырлардағы  жыраулар 
поэзиясынан,  би-шешендердің  сөздерінен,  Махамбет,  Дулат,  Мұрат 
толғауларынан бастап байқалды. Тіліміздің жаңа көркемдік деңгейге жетуіне 
Абай  ұлы  үлес  қосты.  Қазақ  тілінің  көркемдік  байлығын  арттыруға 
М.Жұмабаев,  М.Əуезов,  Ж.Аймауытов,  Б.Майлин,  І.Жансүгіровтердің,  одан 
беріде  М.Мақатаев,  Қ.Мырзалиев,  С.Мұратбеков,  Қ.Жұмаділов,  М.Мағауин, 
М.Шаханов,  Ұ.Есдəулет,  Е.Раушанов  т.б.  қаламгерлердің  еңбектері  ерекше. 
Тіліміздің  көпқырлылығы  мен  икемділігі  баспасөз  тілінен,  ғылыми,  іскери 
стильдерден  анық  байқалады.  Қазіргі  кезде  қазақ  тілінде  көптеген  салалық 
сөздіктер,  синонимдер,  фразеологиялық,  түсіндірме  сөздіктер  көптеп  жарық 
көруде.  Осылардың  барлығында  тіліміздің  тереңдігі  мен  мазмұндылығы, 
жалпы байлығы көрініп жатыр. Тіл – əрбір ұлттың тарихы, мінезі, болмысы, 
кəсібі, дүниетанымы, ойлау қабілеті сақталатын асыл қазына. Ол ата-анадан 
балаға мирас болып  қалып  отыратын баға  жетпес мұра.  Сондықтан  əр  адам 
ана  тілін  көзінің  қарашығындай  қорғауы,  оның  орынсыз  шұбарлануына 
қандай  жағдайда  да  жол  бермеуі  керек.  Елбасы  Н.Ə.  Назарбаев  «Қазақ 
қазақпен  қазақша  сөйлессін»,  «Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде» 
деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді.  
 
Тапсырмалар:
 

Мəтіндегі жаңа сөздерді сөздіктің көмегімен аударыңыз. 

Жаңа сөздердің айтылуы мен емлесін есте сақтаңыз. 

 
мазм$ндылығы,  мінезі,  кəсібі,  д&ниетанымы,  ойлау  абілеті 
сөздері жəне 
сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет