Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А



Pdf көрінісі
бет2/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili

 
ISBN 978-601-7196-58-5                                
© С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы
 
                                                                           
© Садыкова С.Т.,
 
Жылқыбаева А.Ш., 
                                                                                            Қырықбаева Б.А.2013 
 
 
 


 

БЕЛГІЛЕР: 
● – мəтінмен жұмыс 
◘ - грамматикалық тапсырмалар, жазба жұмыстары 
► - өз ойын, пікірін білдіру    
◄ - сөздікпен жұмыс,    
▲  - жаттау       
☺  - сұраққа жауап беру 
☻ -  сұхбат құрастыру 
 
 
 


 

Алғы сөз 
 
Қазіргі таңда ЖОО-да қазақ тілін мамандыққа бағыттап оқыту əдістеме 
саласындағы негізігі бағыттардың бірі. Бүгінгі студент – ертеңгі маман. 
Қазақ  тілінің  мемлекеттік  мəртебесіне  сай  қоғам  өмірінің  барлық 
саласында,  соның  ішінде  заң  саласында  кеңінен  қолданылуын  қамтамасыз 
ету аса маңызды мəселе.  
«Қазақ  тілі»  оқу-əдістемелік  құралы  құқықтану  мамандығының 
студенттеріне  арналған.  Аталмыш  оқу  құралының  негізгі  мақсаты  – 
құқықтану мамандығында оқитын орыс бөлім студенттерінің қазақша сөйлеу 
тілін  коммуникативтік  тұрғыдан  дамыту  арқылы  мемлекеттік  тілді  заң 
мамандығына  сəйкес  қарым-қатынас  құралы  ретінде  оқыту,  олардың 
теориялық  білімдерін  тəжірибе  жүзінде  іске  асыру,  кəсіби  қазақ  тілін 
меңгерту болып табылады. 
Оқу-əдістемелік  құралына  негізінен  тіл  үйренушілердің  болашақ 
мамандықтарына 
қатысты 
материалдармен 
қатар 
оқу 
жұмыс  
бағдарламасындағы  тақырыптар  да  қамтылған.  Мəселен, 
«Мені   Отаным-
аза стан», «Астана», «Маманды », «Ш МУ», «Мені  тобым», 
т.б. 
Лексикалық  тақырыптардың  төңірегінде  сөйлесімге  ең  қажетті 
грамматикалық  минимум  сұрыпталып  енгізілген.  Кейбір  грамматикалық 
тұлғалар  кесте  арқылы  меңгертіледі.  Оқу  құралында  тілдік  жəне  сөйлеу 
жаттығулары бірізділікпен, жеңілден ауырға қарай ұстанымдарына негізделіп 
ұсынылады.  Əр  тақырып  бойынша  белгілі  бір  грамматикалық  тұлғаларды 
меңгертуге  назар  аударылады.  Сонымен  қатар  үлгі  арқылы  тапсырмалар 
орындау,  сұхбат,  монологтар  құрау  сияқты    жағдаят  бойынша  жұмыс 
ұйымдастыру көзделген. Жаттығу жұмыстарының үлгі арқылы көрсетілуі тіл 
үйренушілердің тапсырманы тез түсініп, дұрыс орындауын қамтамасыз етеді. 
Оқу-əдістемелік  құралдың  соңында  тақырыптық  сөздік,  кесте  түрінде  
грамматикалық  анықтағыштар  жəне  өткен  сабақтар  бойынша  тестілер 
берілген.  Тақырыптық  сөздік  тіл  үйренушілердің  жаңа  сөздерді  тез  тауып, 
оның  жазылуын  есте  сақтауларына  қолайлы  жағдай  туғызады.  Кесте 
түріндегі  анықтағыштар  тақырып  бойынша  меңгертілетін  грамматикалық 
материалдарды қайталап, еске түсіруге жəрдемдеседі. Тестілер студенттердің 
алған білімдерін өздері тексеріп, қателерін түзетуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет