11
мəселесінің өте нəзік екендігі, оның зорлықпен емес тек қана шынайы
ынталылықпен ғана ыңғайланатын шаруа екендігі белгілі.
Ал тілдің өзі - тарих тереңіне бойлатып, өнер мен мəдениеттің кəусар
бұлағына сусындататын рухани əлеміміздің сарқылмас қазынасы. Олай
болса, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мəртебесіне сай қолданылу аясын
кеңейте түсу қажеттігі - заңды құбылыс.
«Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың
аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру –
Қазақстан Республикасының əрбір азаматының парызы” деп жазылған.
Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті, өкілді жəне атқарушы органдар
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін
жəне тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-
техникалық жағдайларды жасауға міндетті» - делінген.
Яғни, қазақ халқы болашақта өз ана тілін сақтап, дамыта алмаса,
күндердің күнінде өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатады.
Қазақстан тəуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен қазақ
халқының ұлттық мəдениетін, ұлттық салт – дəстүрін, ана тілін дамытуға
күш салғанымыз жөн.
Қорыта келгенде, мемлекеттік тілді ғылым мен техниканың түрлі
саласына енгізіп, сапасын арттыру - уақыт талабы. Ал, уақыт талабын
орындау – баршамыздың абыройлы парызымыз
Достарыңызбен бөлісу: