Байланысты: sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili
Ұлттық теңгенің шығуы. Біздің ұлттық болмысымызды, бейнемізді, тарихымызды дəлелдейтін
рəміздеріміздің бірі ұлттық валютамыз—теңге. Ұлттық валюта əрбір дербес
мемлекеттің егемендігін, тəуелсіздігін білдіреді. Еліміз егемендік алуына
байланысты 1992 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының
Парламентінде Қазақстанның өз ұлттық валютасын шығару туралы мəселе
қойылды. Жаңа теңгені шығару үшін ағылшынның «Харрисон жəне оның
ұлдары» фирмасымен келісім шарт жасалды. Сөйтіп,1993 жылы
1,3,5,10,20,50, жəне 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізілді. Оларды
қолдан жасаудан қорғанатын 16 құпия белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі
ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған.
1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгізу
туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы жарлық бойынша 1993 жылы 15
қарашада сағат 8-де ұлттық валюта – теңге Қазақстанның территориясына
енгізілді. Ресей үлгісіндегі қазыналық жəне банктік билеттердің
айырбасталуы 20 қарашада сағат 18-де тоқтатылды.
Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдар мен
міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы
бойынша жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 1000
рубль шегінде ақша айырбастай алды. Айырбас бір рет қана жүргізіліп, ол
туралы төлқұжатқа мөр қойылды. 1000-нан асатын рубльдер арнайы жекебет
шотына аударылып, оны алты ай мерзімі ішінде пайдалануға құқықсыз
болды.
15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі аралықта халық теңгемен де, рубльмен де
есеп айырыса алды.
Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұрақты жəне заңды төлем құралы
болып
қана
қоймай,
еркін
алмастырылатын
валюталарға,шексіз
айырбасталатын жəне біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді.