Садықова с. Т., Жылқыбаева а. Ш., ҚЫрықбаева б. А



Pdf көрінісі
бет94/127
Дата11.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#79146
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   127
Байланысты:
sadykova st zhylkybaeva ash kyrykbaeva ba kazak tili

                                  
ТӨЛЕ БИ 
(1663 – 1756)  
Төле би – қазақ тарихында аса маңызды іс-əрекеттерімен бағаланатын 
атақты шешен, ірі қоғам жəне мемлекет қайраткері, қазақ халқының бірлігін 
қалыптастырып,  нығайтуға  зор  үлес  қосқан  əйгілі  үш  бидің  бірі.  Он  бес 
жасынан ел билігіне араласқан, ақыл-парасаттылығы, əділ шешімі, шешендік 
өнерімен  ерекше  көзге  түскен.  Атақты  Қаз  дауысты  Қазыбек,  Əйтеке 
билермен  бірге  Тəукені  хан  етіп  сайлауға  қатысады.  Үш  жүздің  ұлықтарын 
бір орталыққа бағындыруға, бірегей қазақ хандығын нығайтуға атсалысады. 
Жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  туыстас  қазақ,  қарақалпақ  жəне  өзбек 
халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған іс-шараларды жүзеге 
асыруға  белсене  араласады.  Əсіресе  Қазыбек  би,  Əйтеке  бимен  бірлесе 
отырып,  қазақ  халқының  дəстүрлі  əдет-ғұрып  заңдарының  жинағы  болып 
табылатын  «Жеті  жарғының»  қабылдануына  атсалысуы  ұлттық  заңнама 
тарихымыздағы  аса  маңызды  шаралардың  бірі  болып  қалды.  Қазақ 
тарихында  ең  бір  ауыр  кезеңде  ел  басшысы  болған,  екі  жағындағы  алып 
империялар  Ресей,  Қытай  секілді  алпауыт  мемлекеттермен  өз  халқы  үшін 
оңтайлы саясат жүргізген Абылай ханды тəрбиелеп, азамат қатарына қосуда 
Төле би зор еңбек сіңірген. 
 
Ішкі  жəне  сыртқы  саясатта  сара  бағыт  ұстанған  Төле  бидің  əділ, 
шыншыл, даналығы мол, ойлы тұлға екендігі жөнінде көп əңгімелер ел ішіне 
кең тарап, сақталған.   


 
78 
1748 жылы орыс сауда керуені тоналғанда бұған кінəлі болған өз туысы 
Қойгелді  батырды  билер  алқасына  шақыртып  алып,  оған  керуен  шығынын 
жұрт  көзінше  төлеттіреді.  Тағы  бір  мысал,  1748  жылы  Əбілқайыр  хан  қаза 
тапқанда  оның  баласы  Ералы  сұлтан  əкесінің  құнын  даулап  Төле  биге 
шағымданады. Төле би Əбілқайырдың өлімі үшін Жеті жарғы заңына сəйкес 
айыпкерлер  жеті  құн  төлеуі  керек  деген  шешім  шығарады.  Төле  би 
Əбілқайыр  ханның  өлімі  үшін  жеті  адамның  құнын  кескенде  де,  туысы 
Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің шығынына екі мың жылқы 
төлеуге  шешім  шығарғанда  да  елдің  елдігін  бұзбауды,  əлі  келгенше 
халықтың  тыныштығын,  тұтастығын  сақтауды  көздейді.  Оның  артына 
қалдырған  көптеген  өсиет  сөздері  ұрпаққа  адаспайтын  жол  көрсетіп,  жөн-
жоба сілтейтін терең ойлы мағынаға толы. 
 
Шешендігі  мен  даналығы,  əділдігі  мен  парасаттылығы  ұштасқан  Төле 
бидің «Көпті қорлаған көмусіз қалады», «Хан азса халқын сатады, халық азса 
хандыққа  таласады»  т.б.  осы  тəріздес  өсиет  сөздерінде  бүгінгі  күнде  де 
басшылыққа алатын, көңілге түйетін  мəні зор ойлар жатқаны айқын көрініп 
тұр. 
 
Төле  би  халық  арасында  «Қарлығаш  əулие»,  «Қарлығаш  би»  деген 
атпен  де  танымал.  Бұлай  аталуы  туралы  да  аңыз  сақталған.  Құрманғазы 
секілді Төле бидің сүйегі де өзге мемлекетте Өзбекстан астанасында жатыр.     
ХІХ ғасырдың 20-жылдарына дейін Ташкент қазақтың жері болғаны белгілі. 
Ұлы би өмірінің соңғы жылдарында Ташкентте тұрып, ел басқарған. 
.Алпысбаев 
 
 
                      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет