Садирбекова динара калымбековна



бет13/55
Дата16.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#162977
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
111Sa-конвертирован

Екіншіден, ғалымдар білім берудегі басқаруды, яғни, педагогикалық менеджментті іс-әрекет түрі, үдеріс, технологиялық жүйе, шарт, ғылым және өнер тұрғысынан айқындаған. Мәселен, Б.А.Абилова, К.К.Найманбаева, Л.У.Сұлтанбаева сынды ғалымдар басқаруды шешім қабылдау, жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, мақсатқа сәйкес объектіні бақылау, реттеу және жаңа шешімдер мен нақты ақпарат негізінде қорытынды шығаруға бағытталған іс- әрекет ретінде түсінсе [28], Ж.Б.Умирбекова өз зерттеуінде «басқару» ұғымына төмендегідей анықтама береді – мекеме мақсатына қол жеткізуге және түрткі беруді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, орындау, бақылау және реттеуді қалыптастыруға мүмкіндік беретін жүйелі үдеріс [29]. Сондай-ақ, осы ойымыздың дәлелін 4-кестеден де көруге болады.
Кесте 4 – Ғалымдардың «педагогикалық менеджменттің» тұжырымдамасын анықтаудағы көзқарасы



Автор. Дереккөз

Мазмұны

Тұжырымдық
көзқарасы

Ю.В.Васильев Мектептегі педагогикалық басқару [28,б. 47]
К.Я.Вазина Педагогикалық менеджмент [27, с. 5]

Оның құрылымын сақтауды, оның мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кіріктірілген жүйе функцияларының бірі

Жүйенің функциясы

М.М.Поташник Мектеп дамуын басқару [137, с. 9] Ю.А.Конаржевский Менеджмент және мектепішілік басқару [77, с. 11]

Мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, оңтайлы жұмыс істеуін және міндетті түрде дамуын қамтамасыз етуге бағытталған барлық нысандардың мақсатты іс-
әрекеті

Субъектінің іс-әрекеті

В.И.Симонов Педагогикалық менеджмент [155, с.3]

Педагогикалық жүйелерді басқарудың технологиялық әдістері, тәсілдері, олардың жұмыс істеуі мен дамуының тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді
принциптер

Технологиялық педагогикалық жүйе

Т.И.Шамова Мектепті басқару менеджменті
[184, с. 57] Т.Г.Бадешко Білім беру менеджерлерін даярлау мәселелері[9, с.25]

Баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларының қолайлы ынтымақтастығы үшін жағдай
жасау

Шарт

Ж.Б.Умирбекова Организационно-педагогические основы менеджмента в образовании в условиях
глобализации современного общества [30, с.46]

Мекеме мақсатына қол жеткізуге және түрткі беруді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, орындау, бақылау және реттеуді қалыптастыруға мүмкіндік беретін жүйелі үдеріс

Жүйелі үдеріс

Ағылшын тілінің Оксфорд сөздігі [148, с. 241]

Адамдармен қарым-қатынас тәсілі,
билік, басқару өнері, арнайы дағдылар мен әкімшілік дағдылар

Өнер



Үшіншіден, білім берудегі менеджмент саласында қарастырылған еңбектерге талдау нәтижесі бізге «басқару» ұғымының үш бағытта қарастырылатындығын көрсетті:

  • іс-әрекет оның мәні басқару әлеуметтік іс-әрекет түрінің бірі ретінде, заттық нәтижеге жетуді мақсат етіп қояды (Й.Кхол, В.С. Лазарев, Л.И. Суворов, Г.X. Попов, М.М. Поташник және т.б);



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет