Педагогикалық менеджмент педагогикалық білімнің дербес ғылыми саласы
ретінде
Білім беру қызметін басқару
|
|
|
Мұғалімнің жұмысын ғылыми тұрғыда ұйымдастыру
|
|
Білім алушылардың білімдерін, қабілеттерін,
дағдыларын бақылау, бағалау
|
|
Сурет 1 - Мұғалімнің басқарушылық іс-әрекеті теориясының даму
кезеңдері [33, с. 34]
Мұғалімнің басқарушылық іс-әрекетіндегі алғашқы көріністердің бірі – бақылау – білім алушылардың білімдерін, дағдыларын және әдеттерін анықтау, бағалау. Н.И.Пирогов өз еңбектерінде білімді жүйелі түрде тексеру қажеттілігін, оларды есепке алуды, оқушылардың өзіндік жұмысының рөлін атап өтті [34,с.10]. Мұғалімнің басқару қызметін қалыптастыру мен дамытудың келесі кезеңі үшін білім беру үдерісіне жоспарлауды енгізу, педагогикалық қызметтегі еңбекті ғылыми ұйымдастыру принциптерін қолдану тән, бұл әкімшілік қызметтің саласын кеңейтуді білдіреді. Педагогикалық технологияларды оқыту практикасына енгізу оқыту іс-шаралары аясында бақылаудың әсерін ендіру қажеттігін анықтады. Педагогикалық шеберліктің ең жоғары деңгейі – педагогикалық басқару әдістерін меңгеру, ол дербес ғылыми білім саласы және тұтас педагогикалық үдерісте адамның психикалық әрі әлеуметтікдаму үдерісін басқарудың принциптері, құралдары мен технологияларының жиынтығын білдіреді. Сонымен, біз басқару ұғымын өзіміздің зерттеу пәнімізге сәйкес
«оқыту мен тәрбие үдерісінде субъектілердің өзараәрекеттестігінің адами қарым-қатынаста нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыздандыру» деп тұжырымдаймыз.
Біз мұғалімнің «басқару құзыреттілігі» ұғымының мәнін анықтау барысында педагогика саласындағы құзыреттілік түсінігіне тоқталып өтуді жөн көрдік. Педагогикалық әдебиеттерде «құзырет», «құзыреттілік» терминдері жиі қолданылады және белгілі дәрежеде ретке келтірілген. Э.Р.Саитбаева өзінің еңбегінде ғалымдардың құзыреттілік түрлерін 3-тен 37-ге дейін бөліп көрсеткендігін айтады [35,36]. Бұл ұғымдардың кеңінен қолданылуы білім беру жүйесін жаңғырту қажеттілігіне байланысты негізделген.
Н.Э.Онищенко көрсеткендей, шетелдік зерттеулерде «құзыреттілік» жеке психологиялық қасиет ретінде түсіндіріліп, оның құрамында дербестік, коммуникативтік, тәртіптілік, өзін-өзі дамыту сапалары қарастырылады (Э.Шорт, Дж.Равен, т.б.) [37-40].
ТМД елдері мен отандық психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде
«құзыреттілік» терминін белгілі бір қызмет түрімен жиі байланыстырады.
«Құзыреттілік» белгілі бір саладағы білімдер мен біліктер тұрғысынан түсіндіріледі. Ал,«құзырет» ұғымы кез келген тұлғаның, ұйымның құқықтарын білдіреді [41].
Отандық ғалым К.С.Құдайбергенева «құзыреттілікті» педагогиканың категориясы тұрғысынан жан-жақты зерделеген. Оның пікірі бойынша, педагогика саласындағы мұғалімнің құзыреті – нені білуін, нені түсінуін, меңгеруін немесе неге қабілетті екендігін көрсетуі, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығаруы [42].
Сондай-ақ, Н.И.Алмазова құзыретті – адам қызметінің белгілі бір саласындағы білім мен дағды деп, ал құзыреттілікті аталған құзыретті сапалы қолдану деп түсінеді [43]. Н.Н.Нечаев құзыреттілікті «өз ісін, орындалатын жұмыстардың мәнін, күрделі байланыстар, құбылыстар мен үдерістерді, мақсаттарға жету жолдары мен құралдарын мұқият білу» деп түсіндірсе, [44,с.14]. Н.Ф.Талызина, М.Ж.Джадрина және т.б. авторлардың пікірінше,
«білім», «білік», «дағды» сөздері «құзыреттілік» ұғымын нақты сипаттай алмайды, өйткені «құзыреттілік» – білімді, білікті, дағдыларды және өмірлік тәжірибені қабылдауды игеру деп тұжырымдайды [45, 46]. Кейбір авторлар педагог құзыреттілігіне бастамашылық, жауапкершілік, ынта-жігер, мақсатшылдық, өзін-өзі қамтамасыз ету, еңбекқорлық сияқты жеке қасиеттерді жатқызады.
А.В.Хуторской да «құзырет» пен «құзыреттілік» ұғымдарының мағынасын бөліп көрсетеді. Құзыреттілік – белгілі бір субъектілер мен үдерістерге қатысты қажетті және анықталған өзара байланысты жеке қасиеттердің (білім, білік, дағды, қызмет тәсілі) жиынтығы» деп көрсетсе, [47, с.60], В.Ю.Кричевский ғылыми әдебиеттерде «құзыреттілік» ұғымына берілген жалпыға бірдей түсінік жоқ деп есептейді, дегенмен ол табысты қызмет үшін білімнің болуы; осы білімдердің практикада маңыздылығын түсіну; жедел дағдылар жиынтығы; кәсіби қызметке шығармашылық көзқарас сияқты оның белгілерін келтіреді [48,49].
Жоғарыда көрсетілген анықтамалар «құзыреттілік» ұғымын:
маманның дайындығын, «қабілеттілігін» көрсететін білім беру нәтижесі;
қоршаған ортаны өзгерту мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларды біріктіру нысаны тұрғысынан сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |