Садирбекова динара калымбековна



бет45/55
Дата16.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#162977
түріДиссертация
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55
Байланысты:
111Sa-конвертирован

ҚОРЫТЫНДЫ





  1. Басқару, менеджмент, лидерлік мәселесі қарастырылған психологиялық- педагогикалық еңбектерге жасаған талдау нәтижесі басқару, менеджмент феноменінің әдебиеттерде жан-жақты талданғанын, лидерлік пен басқарушылық арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтардың топтастырылғандығын; басқару іс-әрекетінің құрамында лидерліктің болуы қажеттігінің негізделгенін көрсетті.

  2. «Басқару», «менеджмент» анықтамаларын талдау бізге ғалымдардың осы ұғымдарды ғылыми әдебиеттерде синоним ретінде қарастырғанын байқатты. Дегенменен, «басқару» ұғымы іс-әрекеттің әртүрлері мен салаларында қолданылуына байланысты ауқымы кең. «Менеджмент» кәсіби басқару дегенді білдіреді. Ал, біздің зерттеуімізде педагогтың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру, нақты мұғалім мамандығына қатысты болғандықтан, осы кәсіп саласындағы басқару қағидаттары, теориялары, ұстанымдары негізге алынды. Бұл диссертациялық зерттеуде басқару ұғымы мен менеджмент түсінігінің синонимдік қатарда қолданылғанын білдіреді.

  3. Білім берудегі басқару, яғни педагогикалық менеджмент ғылыми әдебиеттерде іс-әрекет түрі, үдеріс, технологиялық жүйе, шарт, ғылым және өнер тұрғысынан айқындалған. Сондай-ақ, «басқару» ұстанымының үш бағыты қалыптасқан: іс-әрекет оның мәні басқару әлеуметтік іс-әрекет түрінің бірі ретінде, заттық нәтижеге жетуді мақсат етіп қояды (Й.Кхол, В.С.Лазарев, Л.И.Суворов, Г.X.Попов, М.М.Поташник және т.б); бір жүйенің екінші жүйегеәсері, бір адамның келесі адамға немесе топқа әсері ретінде қарастырылған, оның мәні басқарушы объектіні өзгерту (В.Г.Афанасьев, А.А.Орлов, Н.С.Сунцов, С.Ю.Трапицын, Н.Д.Хмель және т.б.); субъектілердің өзара әрекеттестігі бұл негізде өзгерістер тек өзара байланысты емес, сонымен өзара шартталған негізде болады (А.Т.Абрамов, П.И.Третьяков, Т.И.Шамова, Д.В.Юдин және т.б.). Біз өз тарапымыздан басқаруды соңғы бағытқа, яғни субъектілердің өзара әрекеттестігіне сәйкес қарастырамыз.

  4. «Басқару» түсінігін қарастыра келе, зерттеушілер оны екі негізгі аспектіге бөліп анықтағанын байқадық: функционалдық бөлу және басқару функцияларын талдау негізінде «ғылыми басқару» мектебінің идеялары (Ф.Тейлор, Л.Маллинз); жеке тұлғалық бөлу көшбасшы тұлғаның қасиеттерін анықтау негізінде «адами қатынастар» мектебінің идеялары (Сократ, Аристотель, Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қ.А.Иассауи, А.Иүгінеки, М.Қашқари, Э.Мэйо, В.М.Шепель және т.б.).

  5. Сондай-ақ, білім берудегі басқарудың екі негізгі деңгейі бар. Бірінші деңгей – оқу орнын ұйым ретінде басқару. Екінші деңгей – мұғалімнің басқару деңгейі. Біз жұмысымызда басқарудың екінші деңгейін, яғни, мұғалімнің басқару іс-әрекетін қарастырамыз.

  6. Жоғарыдағы талдаулар нәтижесінде біз басқару ұғымын өзіміздің зерттеу пәнімізге сәйкес «оқыту мен тәрбие үдерісінде субъектілердің өзара

әрекеттестігінің адами қарым-қатынаста нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыздандыру» деп тұжырымдаймыз.

  1. Ғылыми әдебиеттердегі «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарын анықтамаларын талдау бізге педагогтың кәсіби құзыреттілігін тұлғаның психологиялық, педагогикалық және пәндік саладан білімділік, біліктілік деңгейін тиімді жүзеге асырудағы кіріктірілген қасиеті, деп тұжырымдауға мүмкіндік берді. Сонымен біздің ұғынуымызша «Басқарушылық құзыреттілік

– кәсіби құзыреттіліктің құрамдас бөлігі», «Басқарушылық құзыреттілік басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз ететін кәсіби-тұлғалық қабілеттер мен білім, білік, дағдыларының кіріктірілген жиынтығы».

  1. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін зерттеуде жүйелік, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, құзыреттілік, аксиологиялық тұғырлар негізге алынады.

  2. Ғылыми әдебиеттерде қарастырылған басқару стилін, бағытын, рөлін, функцияларын, түрлерін талдау бізге басқарушылық құзыреттіліктің құрамдас бөліктерін (тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік) анықтауға мүмкіндік берді және



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет