Садирбекова динара калымбековна



бет46/55
Дата16.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#162977
түріДиссертация
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
Байланысты:
111Sa-конвертирован

«педагог-менеджер» дегеніміз «демократиялық стильдегі, ізгілікті бағыттағы; әдіскер, сарапшы, басқарушы, орындаушы, эмоционалдық реттеуші, шешен, шебер рөліндегі; тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік құзыреттерге ие пән мұғалімі» деп анықтауымызға түрткі болды.. Ал, педагогтың басқарушылық құзыреттілігі дегеніміз оның оқушы тұлғасының дамуын, сыныпты, сабақты басқару үдерісін қамтамасыз ететін тұлғалық қабілеттерінің, педагогикалық және менеджерлік білім, білік, дағдыларының кіріктірілген жиынтығы.

  1. Біз болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасуын оқушының, сынып ұжымының, сабақ үдерісін басқаруға қажетті мотивациялық-құндылықты, когнитивтік, іс-әрекеттік, бағалаушылық-өлшемдік құрамдарын жеке тәжірибесінде жүзеге асыруға дайын болуы деп тұжырымдаймыз. Біздің зерттеуімізде басқару құзыреттілігінің қалыптасуы рефлексиялық, танымдық және жобалаушылық кезеңдерінен тұрады.

  2. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің моделі мақсаттық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өлшемдік төрт бөліктен тұрады. Мақсаттық блок аталған үдерістің мақсатын, әдіснамалық тұғырларын, принциптерін, стратегиясын қамтиды. Технологиялық- диагностикалық әдістемелерден, қалыптастыру бағдарламаларынан, оны жүзеге асыру формалары, әдістері мен құралдарынан тұрады. Ұйымдастырушылық айқындау, қалыптастыру, қорытындылау экспериментін педагогикалық шарттарды сақтай отырып жүргізуді көздейді. Өлшемдік блокта болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының нәтижесін айқындайтын өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлер қарастырылады.

  3. Біз диссертацияда басқару ұғымын субъектілердің өзара әрекеттестігі деп қарастырғандықтан, шарттарды түзгенде де осы білім беру субъектілерінің өзара әрекеттестік мәселесіне мән береміз. Осыған байланысты біз анықтаған педагогикалық шарттар төмендегідей 1) басқарушылық іс-әрекетін білім беру үдерісі субъектілерінің ұстанымдарының өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын

формалар, құралдармен толық қамтамасыздандыру; 2) субъектіге-субъектілік өзара әрекеттестік негізінде оқытушы мен студент арасында педагогикалық тұрғыдан тиімді қарым-қатынас орнату; 3) болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру кеңістігі тұрғысынан педагогикалық практика үдерісінде студенттердің, оқытушылардың оқу-кәсіби қоғамдастығын құру.

  1. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі оны кезеңдермен (рефлексиялық, танымдық, жобалаушылық) жүзеге асырудың мазмұнын, әдістері мен формаларын, құралдарын қарастырады.

  2. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптасқандығының жоғары, орта, төмен деңгейлерін айқындау диагностикалық, мазмұндық-технологиялық қамтамасыздандырғанда және оларды кезеңдермен жүзеге асырғанда ғана нәтижесінің тиімділігі артатындығын көрсетеді.

  3. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында жасалған базалық міндетті пәндердің (Педагогика, Білім берудегі менеджмент, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі); бейіндеуші міндетті пәннің (Бағалаудың өлшемдік технологиялары) бағдарламаларының мазмұнына қосымшалар; педагог-менеджер үйірмесінің мазмұны осы проблеманы тиімді шешуге ықпал етеді.

Жүргізілген зерттеу бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:

  1. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен құрылымы және педагог-менеджер тұлғасының сипаттамасы, аталған қалыптастыру моделі осы саладан білім алушыларға теориялық білімдерді жүйелі меңгертуге септігін тигізеді. Оларды мұғалімдер біліктілігін жетілдіретін институттардың және жас ғалымдар мектебінің әдістемелік бағдарламаларына енгізу қажет.

  2. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруда жоғары педагогикалық оқу орындарының білім беру мен тәрбие ортасын тиімді пайдалану қажет.

  3. Менеджер мектебін қалыптастыру, ұжымдық шығармашылық топтар құру, басқару іс-әрекетінде білім беру субъектілерінің өзараәрекеттестігін жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын практикаға ендірген жөн.

  4. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруды біздің ұсынып отырған бағдарлама мазмұнына қосымшалар, үйірме жұмысы, оқудан тыс іс-шаралар жоспары аясында интербелсенді технологияларды қолдану негізінде жүзеге асырған дұрыс.

  5. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқауларды жоғары педагогикалық, орта кәсіптік педагогикалық оқу орындарының, жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде тақырыптық іс-шараларды өткізуде негізге алу қажет.

  6. Ұсынылып отырған болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін жоғары педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға болады.

Зерттеу проблемасының ауқымы кең болғандықтан толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта үздіксіз білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру; педагогикалық колледж білім алушыларының басқарушылық қабілетін дамыту; жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі басқару іс-әрекетін дамыту; магистранттарды білім берудегі менеджерлік іс-әрекетке даярлау және т.б. проблемалар арнайы зерттеуді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет