Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет25/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72
Байланысты:
annotation15100

1.10.
 
Социологиядағы әлеуметтік бейімделу теориялары 
 
Әлемдік социолдогия бейімделу мәселелерімен XIX ғасырдың аяғы XX 
ғасырдың басынан бастап айналыса бастады. Әлеуметтік бейімлелу 
теоиясының негізін қалаушылар Г.Спенсер, М.Вебер, Г.Тард, Л.Бристол, 
У.Томас және басқалар. «Бейімделу» сөзі латын тілінде: «adaptare», яғни
«икемделу» дегенді білдіреді. Социологияда әдістемелік тәсілге байланысты 
әртүрлі түсіндірілді.
Г.Спенсердің «органикалық эволюционизм» теориясы шеңберінде
бейімделу индивидтің өмір сүру жағдайлары мен факторларының өзгеруіне 
қатысты икемделу реакциялары ретінде пайымдалды. Ол бейімделудің үш 
жағын бөліп көрсетті:


1.
Физикалық ортаға экологиялық бейімделу,
2.
Әлеуметтік бейімделу;
3.
Әлеуметтену не индивидтердің «мәдени бейімделуі».
«Психологиялық интеракционизма» өкілдері Г. Лебон, Г. Тард 
бейімделу деп индивидтің әлеуметтік ортамен тиімді өзара қатынас орнату 
тәсілін түсіндірді. «Құрылымдық эволюционизм» тұрғысынан бейімделу 
әлеуметтік объектілердің қүрылымының даму динамикасына сәйкес 
субъектінің санасы мен мінез құлқының көпжақты ауысуы ретінде көрінеді.
«Құрылымдық функционализм» өкілдері Т. Парсонс пен Р. Мертон 
бейімделуді әлеуметтік құрылымның элементтерінің өзара әрекетін реттеу 
жолымен оның дисфункциясын жоюдың процесі және нәтижесі ретінде 
қарастырады.
Э. Гидденс, Ю. Хабермас өздерінің бейімделудің «интегративтік 
рационализм» моделінде бейімделуді әлеуметтік әрекет субъектілерінің 
коммуникативтік негізде өздерінің әлеуметтік жүйелердің әрекет ету және 
даму жағдайларымен өзарақатынасын реттеу тәсілдерін «рациона-
лизациялау» ретінде суреттейді.
Әлеуметтік бейімделу адамның қоғамдық мәні мен қоршаған нақтылық 
арасындағы байланыстырушы буын болып табылады және көп 
функционалды сипатқа ие. Біріншіден, ол адамның табиғат пен әлеуметтік 
ортамен өзара әрекетін оңайлатын қажетті жағдай және құрал болып 
табылады. Екіншіден, бейімделу адамның дамуына және қоршаған ортаның 
жетілуіне ықпалын тигізеді. Екіншіден, бейімделу арқылы адамның
әлеуметтік мәні жүзеге асырылады. Төртіншіден, бейімделу адамға 
қызметтің кез келген түрін меңгеруде қажет болады. Сондықтан, адамның 
бейімделуі күрделі әлеуметтік негізделген құбылыс болып табылады. Оған 
адамның бейімделу мінез құлқының үш деңгейінің, биологиялық, 
психологиялық, әлеуметтік, қарам қайшы бірлігі тән. Көптеген зерттеушілер 
әдеуметтік бейімделуді әлеуметтік субъектіні өн бойы жанында болатын 
үздіксіз процесс қарастырады. А. Тоффлер мынандай тезис қалыптастырды: 
«өмір – бұл бейімделу». Ғалымдар қазіргі кезде бейімделудің әртүрлі 
топтамаларын ұсынуда. В.А. Марков бейімделудің топтамасын жасау үшін 
он негізгі өлшемдерді бөліп көрсетеді: 1) өмір сүру саласы; 2) бейімделу 
тәсілі; 3) бейімделу объектісі; 4) қатынастар құрылымы 5) реттелу деңгейі; 6) 
процестің тереңдігі; 7) иерархиялық деңгейі; 8) белгілілігі; 9) уақыттық 
байланыс; 10) дәлдігі. 
Л.В. Корель бейімделудің топтамасы жүйесінің келесі моделін ұсынады:
1) Атрибутивтік. Бұл өлшем бойынша балама және балама емес бейімделуді 
бөлу ұсынылады. Балама бейімделу бейімделу субъектісі ортаның 
шақыруын, онда болып жатқан өзгерістердің мәнін түсініп, өзінің санасы мен 
мінез құлқын сол ортаға балама түрде өзгерткен жағдайда ғана пайда болады.
Егер ол болмаған жағдайда балама емес бейімделу туралы айтамыз Балама 
және балама емес бейімделудің арақатынасы өте күрделі. Нақты уақыт 
аралығындағы балама бейімделу кең уақыт интервалында балама емес 
бейімделуге айналуы мүмкін.


2) Бейімделу барысындағы адаптанттың ішкі құрылымындағы қайта 
құрулардың тереңдігі мен сипаты. Бейімделу субъектісінің өзіне өзі 
бейімделуі ішкі бейімделу, сыртқы ортаға бейімделуі сыртқы бейімделу. Г. 
Тард бейімделудің екі тобын бөліп көрсетеді: 1) бір біріне және сыртқы 
ортаға икемделу; 2) ішкі бейімделу, әртүрлі құрылымдық элементтер мен 
функциялар арасындағы ішкі өзара байланысты қолдау. Ол өзінің 
«Әлеуметтік этюдтарында» былай деп көрсетеді: «икемделудің бірінші 
деңгейі қарастырылатын жүйенің өзара байланысынан көрінеді. Икемделудің 
екінші кезеңі оларды қоршаған жүйелермен, яғни ортамен байланыстырады.
3) Бейімделу барысында сыртқы ортадағы адаптанттың жағдайының өзгеруі. 
Бұл өлшем бойынша бейімделу сыртқы ортаның өзгеруінің сипатына 
байланысты 
болады. 
Өзгерістер 
біріншіден, 
жаңа 
әлеуметтік 
институттардың, процестердің, әлеуметтік топтардың, т.б. пайда болуына 
байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда бейімделу инновацияға жауап 
болып табылады. Екіншіден, әрекет етуші институттарды модификациялау, 
күрделендіру не жеңілдету процестері де бейімделуді қажет етеді. Бұл жерде 
бейімделу қайта құруларға жауап болып табылады. Т. Парсонсқа сәйкес, 
инновация процесіне тікелей қатысы жоқ елдер үшін басқа қоғамдағы 
инновациялық процестерге қатысты төрт мүмкін болатын жауап бар. 
Біріншіден, инновацияны олардан күштілер бұзуы мүмкін. Екіншіден, 
инновацияны бейімдеу арқылы донорлар мен реципиенттердің бәсекелік 
қабілеттілік деңгейлері теңестірілуі мүмкін. Оның мысалы дамуы артта 
қалған елдердің модернизацияға қарай қозғалысы. Үшінші вариант болып 
қоғамның басқа қоғамдағы инновацияны қабылдамауы, өзінің ескі
құрылымын салыстырмалы түрде өзгеріссіз сақтауды жалғастыруы.
Инновациясыз 
қоғамның 
соңғы 
мүмкіндігі 
оның 
социеталдық 
баламалылығын жоғалтуы не инновацияны алып жүруші ауқымды 
социеталдық жүйенің оны өзіне қосып алуы.
4) Креативтік. Бұл өлшем сыртқы ортаға бейімделу барысында адаптанттың 
әлеуметтік түғырларының өзгеруінің бағыттылығын көрсетеді.
5) Көлемділік. Ғылыми әдебиетте толық және жартылай бейімделу туралы 
айтылады. Толық бейімделу ретінде икемделу процестерінің барысында 
ортамен толық үйлесімге келу танылады. Жартылай бейімделу ретінде 
ортаның барлық өзгерістеріне аяқталмаған бейімделу, тек оның кейбір 
жақтарына ғана бейімделу танылады.
6) Шығу тегі. Бейімделу әрқаша стресс болғанымен, ғалымдар өз еркімен 
және еріксіз бейімделу түрлерін бөліп көрсетеді. Бұл бейімделу түрінің 
маңызы, адаптанттың жаңа жағдайларды меңгеруге оң не теріс 
бағыттылығының бейімделу процестерінің қарқынын, жылдамдығын, 
жемістілігін және басқа сипаттарын айқындайтынында. Адамның өз еркімен 
болған бейімделуде ең алдымен онда жаңа құбылысқа деген оң баңыттылық 
пайда болады, одан кейін мінез құлықтың жаңа балама түрі пайда болады. Ал 
еріксіз бейімделу адаптантқа өзінің шарттарын қатаң таңады.
7) 
Бейімделудің тәсілдері мен формалары. Ғылыми әдебиетте 
бейімделудің келесі түрлері көрініс тапқан: 


1) Ассимиляция, адаптантты бейімделу барысында ортаның жұтып қоюы. 2) 
Аккомодация. Бұл термин әлеуметтік түрде берілетін және индивидуалдық 
және топтық әдеттер мен дәстүрлерде жүзеге асатын функционалдық 
өзгерістерді бейнелейді. Биолдогиялық және әлеуметтік бейімделу 
арасындағы айырмашылықты зерттеген М.Болдуэн аккомодацияны который 
считал аккомодацию процессом, при котором «ескі дағдылар әлсірейді және 
үйлестірудің жаңа тәсілдері қалыптасатын»процесс деп есептеді. Г.Тард бұл 
терминді екі қарама қайшы әрекеттер арасындағы қақтығысты шешуді және 
мінез құлықтың жаңа түрінің пайда болуын бейнелеу үшін пайдаланды. 
Ф.Гидденс бұл терминді қақтығыстарды шешудің әмбебап әдісі ретінде 
суреттейді. Қазіргі кезде аккомодация индивидтер мен топтарды татуластыру 
мен компромиске келтіру ретінде түсініледі.
3) Кездесулік не жауап берушілік бейімделу ортаны бейімделу 
субъектілеріне қарай қайта құру, ортаны бейімделу субъектісіне икемдеу. 4) 
Коадаптация – коррелятивтік икемделу, өзгерген жағдайларға жалпы және 
өзара бейімделу. Коадаптация өзіне субъектінің ортаның өзгерулеріне 
«тікелей» бейімделуі мен «кездесулік не жауап берушілік» - яғни ортаны 
бейімдеуді біріктіреді. Бейімделу бұл топтама бойынша коадаптация 
түсінігіне қарағанда мазмқны бойынша кең.
5) Дезадаптация – бейімделудің болмауы не жоғалуы.
6) Реадаптация – бейімделудің қайта қалпына келуі, қайта бейімделу.
7) Бейімделу сатылары. Бұл жерде бейімделудің ұзақтығы ескеріледі. Осы 
негізде қысқы, орта, ұзақ мерзімді бейімделу түрлері сипаталады. Қысқа 
мерзімді бейімделуде субъектінің ортадағы өзгеріске жауап беруі белсенді 
болады. Адам сондықтан да ортадағы өзгерістерге қысқы уақыт аралығында 
бейімделе алады. Ұзақ уақытты талап ететін бейімделулер функционалдық 
жүйелерді қайта құруды талап етеді. Хронология бойынша бейімделу 
бастапқы, аралық, аяқталу сатыларына бөлінеді. Бейімделудің алғашқы 
сатысына ортаға әлсіз икемделу тән. Бұл баспалдақ орта мен адаптант 
арасындағы қақтығыстармен, қарама қайшылықтармен сипатталады. Бұл 
кезеңде бейімделушілік мінез құлық стратегиясы қалыптасып, сана мен мінез 
құлықтық стереотиптерді қайта құруға деген үмтылыстар жасалады.
Бейімделудің аралық кезеңі басталған бейімделушілік әрекеттерді дамытады, 
беркітеді. Дегенмен, көптеген жағдайда бейімделушілік мінез құлық 
стратегиясын өзгертуге тура келеді. Аралық бейімделу біртіндеп 
бейімделудің аяқталуы кезеңіне ұласады. Адаптант қоршаған ортамен 
үйлесім табады.
8) Бейімделу субъектісінің сипаттамасы. Бейімделу демографиялық, 
мәдени, саяси, әлеуметтік психологиялық, діни, әлеуметтік, технотрондық, 
экологиялық, экономикалық, этникалық, құқықтық деп бөлінеді. Бейімделу 
субъектісіне 
қарай 
тұлғаның, 
әлеуметтік 
топтардың, 
әлеуметтік 
институттардың бейімделуін сипаттауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет