Садырова М. С


Өркениеттік дамудағы діннің ролі



Pdf көрінісі
бет28/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
Байланысты:
annotation15100

Өркениеттік дамудағы діннің ролі 
 
Қазақстанда өтіп жатқан әлеуметтік процестер дінге деген көзқарастың 
дамуындағы елеулі істер бар екенін көрсетеді. Дін қоғамның әлеуметтік 
институты ретінде қайта жаңғыра бастады. Қазіргі кезде дін социумның 


өміріне әсер ететін маңызды құбылыстардың біріне айналды. Қоғамда 
дәстүрлі діни ұйымдармен қатар дәстүрлі емес діни ұйымдар бой көрсетуде. 
Бұл жағдайда діннің саясаттануы процесі қоса жүреді. Дін мен саясаттың 
өзара қатынасының нарыққа көшу жағдайында өзгеретінін көреміз. Діни 
ұйымдардың азаматтық қоғам институттарымен байланысы артуда.
Дінді социологиялық тұрғыдан талдау дін феноменін әлеуметтік топтар 
деңгейінде де, тұлға деңгейінде де зерттеумен ерекшеленеді. Діннің қазіргі 
қазақстандық қоғамдағы ролі дінге сенушіліктің деңгейлері арқылы, діни 
сана мен адамдардың діни мінез-құлқын талдау арқылы зерттеледі. Сонымен 
қатар, шіркеу, мешіт, т.б. діни ұйымдардың, дінге сенуші топтардың қызметі 
зерттеу де діннің қоғамда дамуының динамикасын көрсетеді. 
Қазіргі кезде діннің гносеологиялық, әлеуметтік, психологиялық 
негіздерін зерттеу және дінге деген қоғамдық ой-пікірдің қалыптасу 
механизмдерін зерттеу діннің даму негіздерінің дамуы әртүрлі қоғамдарда 
түрлі екенін көрсетеді. Қазіргі діни ұстанымдар қоғамдағы демократиялық 
өзгерістердің, мемлекеттік діндердің дамуына байланысты саясатының, діни 
бостандықтардың, діннің құықтық негіздеулерінің көрінісі. Дінді зерттеуде 
социологияда діни санаға, діни іс-әрекетке, діни қалыптасуларға, діни 
ұйымдарға 
жеке-жеке 
тоқталуға 
болады. 
Діннің 
рационалдық, 
эмоционалдық, еріктік элементтерін зерттеу де дін социологиясының зерттеу 
ауқымы. Дін әдет-ғұрыпты, ұстанымдарды, мінез-құлық нормаларын 
интеграциялайды. Сондықтан да дін азаматтық қоғамның дамуының рухани 
саласына жатады. Дін тек Құдайға және о дүниелік өмірдің барлығына 
сенумен шектелмейді. Дін өмір сүруші қоғамды, ондағы нақты қарым-
қатынастарды түсіндіруге тырысады. Дін адамның керекті қажеттіліктерінің 
орнын толықтырады, адамның сана-сезімін бағыттайды. Сондықтан да діни 
сенім адамның діни әлеуметтенуінің де сипатын анықтайды. Қазіргі қоғамда 
халықты: 
1) дінге сенушілер; 
2) дінді қолдаушылар
3) дін ұстанушылар; 
4) дінге бейтарап қараушылар; 
5) дінге қарсылар деп бөлуге болады. Аталған топтардың азаматтық қоғамда 
алатын орны әртүрлі. Сондықтан да дін қоғамдық дамуда барлық топтар 
үшін жағымды не жағымсыз роль атқарады деп айта аламыз.
Қазіргі кезде кейбір діни ұйымдарға дінге сенбейтін адамдар өздерінің 
сұраныстарын, тіпті экономкалық та мақсаттарын орындау үшін қатысады. 
Дінге деген сұраныс қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени 
жағдайлардың нәтижесінде өзгеріп отырады. Қазақстан қазіргі кезде әртүрлі 
дін иелерінің бір мемлекет көлемінде ынтымақ пен тұрақтылық жағдайында 
өмір сүруінің нақты көрсеткіші. Діндер аралығындағы байланыс, төзімділік, 
келісім қазіргі азаматтық қоғамды қалыптастыруға қажетті шарттардың бірі.
Дін социологиясын қалыптастыру жоғарыда айтылған мәселелерді 
терең қарастыруда қажет етеді. Қазіргі кезде төмендегідей мәселелер дін 
социологиясының зерттеу шеңберіне кіреді: 


-
Исламның дамуына байланысты қазіргі теорияларын зерттеу; 
-
Исламның өркениеттік қоғамдағы орны; 
-
Дін социологиясының қазіргі мәселелері; 
-
Нарық және дін; 
-
Діни дәстүрлер мен сенімдердің қазіргі көріністері; 
-
Діни әлеуметтенудің параметрлері; 
-
Исламдағы қызметтердің орны; 
-
Қазақстандыағы 
әртүрлі 
әлеуметік 
топтардың 
дінге 
сену 
тендениялары; 
-
Жастардың дінге деген көзқарасы. 
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет