Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет24/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72
Байланысты:
annotation15100

1.9.
 
Әлеуметтенудің социологиялық өлшемдері 
Қазақстан қоғамы дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Өтпелі кезеңдегі 
әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени қайта құру процестері жаңа 
әлеуметтік құбылыстар мен әлеуметтік процестердің пайда болуына және 
әлеуметтік топтар, жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынастардың сапалы 
өзгерістеріне алып келді. Әлеуметтік өзгерістер жеке тұлғаның әлеуметтену 
процесін және әлеуметтенуге әсер ететін факторларды терең зерттеу 
қажеттігіне алып келді. Қазаргі кезеңде қоғамның дамуына жаһандану бір 
жағынан, өркениеттік даму екінші жағынан әсер етуде. Қоғамның міндеті өз 
дамуында тек ұлттық өркениеттік дамумен ғана шектеліп қалмай, 
өркениеттік дамудың да қарқынынан қалмау.
Жемісті әлеуметтену қоғамдағы дамудың және тұрақтылықтың 
көрінісі. Содықтан да қоғам дамудың бір сатысынан екінші сатысына өту 
кезінде адамның және әлеуметтік топтардың мінез-құлқында әртүрлі 
бағыттар орын алады. Адамдардың әлеуметтенуінің қалыпты процесінде 
терең өзгерістер, бетбұрыстар пайда болды. Адамдардың құндылықтары, 
дүниетанымдары мен мотивтері қоғамдағы қайта құрудардың нәтижесінде 
жаңа қырларға ие болды. Қоғамдағы жеке меншікке негізделген 
экономикалық құрымымды қалыптастыру процесі жүруде. Жеке меншік 
институтының қалыптасуы жеке тұлғалардың экономикалық әлеуметтенуін 
социологиялық тұрғыдан зерттеуді қажет етеді. Экономикалық әлеуметтену 
адамның ішкі экономикалық сана-сезімінің, мотивтерінің және сыртқы 
экономикалық өзгерістердің әсерінің көрінісі болып табылады. Нарық, ақша, 
табыс адамдардың әлеуметтік құндылықтарының иерархиясының бас 
жағынан орын алып отырған кезде, біз әлеуметтік топтардың мінез-
құлқының сан-алуан түрін кездестіре аламыз. Мысалы, қазіргі кезде 
элитарлық білім алу тек әлеуметтік-мәдени ғана емес, экономикалық 
құндылық та болып табылады. Білім адамның болашақ өмірінің, 
мансабының, әлеуметтік жағдайының, яғни бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік 
статусының деңгейінің көрінісі болып табылады. Сонымен қатар ақылы
білім берудің кредиттік жүйесінің енгізілуі де адамның экономикалық 
әлеуметтенуіне өз әсерін тигізеді. Қазіргі кезде адамның қалыптасуы
жекетұлғалық құндылықтар мен мотивтердің өзгеруіне және сол өзгерістерге 
бейімделу деңгейіне байланысты. Әлеуметтік бейімделу екі жақты процесс. 
Бір жағынан, ол адамның өзгерістерді тану, қабылдау, қажет ету, көну 
сияқты қасиеттеріне байланысты. Консерватор адам өзгерісті қаламайды, 
өзінің үйренген жағдайын өзгерткісі келмейді. Бірақ, сыртқы жағдай 
өзгерістерге алып келеді. Бұл жерде біз әлеуметтену процесінің күштеу 
арқылы, адамның мәжбүр болуы арқылы жүзеге асу мысалын көреміз. 
Қазақстанда 2004-2005 жылдардан бастап, индустриалдық-инновациялық 
даму бағдарламасы қабылданды. Ендігі жерде экономиканың дамуының 
кластерлік әдісі, инновациялық іс-әрекетке мән беру экономиканың 
дамуының басты бағыты болып есептеледі. Ал инновациялық өзгерістерді 


енгізу жаңа білімді игеруді, жаңа мінез-құлық түрін қалыптастыруды
адамдардың осы өзгерістерді қабылдау, оған бейімделу жылдамдығын қажет 
етеді. Біз кез-келген инновацияны әлеуметтік топтардың және адамдардың 
әртүрлі типтерінің бір деңгейде және қарама-қайшылықсыз қабылдайды деп 
айта алмаймыз. Себебі, инновация адамнан еңбектің жаңа түрін меңгеруді, 
қосымша білім алып, кәсіби деңгейін көтеруді қажет етеді. Сонымен қатар, 
инновация еңбектің мазмұнының, сапасының, еңбекке және жұмыскерге 
қойылатын талаптардың өзгеруіне алып келеді. Бұл жерде адамның екінші 
кезектегі әлеуметтенуіне жаңа жағдайға бейімдеу институттарының болуы не 
болмауы, әлеуметтену жағдайлардың қолайлы не қолайсыздығы әсер етеді. 
Мамандық, жас, жыныстық, территориялық ерекшеліктер адамның осы 
аталған өзгерістерге бейімделуінің әртүрлі көріністеріне алып келеді. 
Нарыққа көшу, бір жағынан адамның іс-әрекетіне еркіндік берсе, екінші 
жағынан, сол еркіндікті пайдалану мүмкіндіктеріндегі алшақтықтарға, 
кедергілерге алып келді. Адамның әл-ауқаты мен дамуы мәселесі 
мемлекеттік деңгейден адамның өзінің деңгейіне алып келінді. Ал біздің 
қоғамның адамы мемлекеттің қамқорлығына, бағыттауына үйреніп қалған. 
Яғни, әрқашан адамның әлеуметтенуінде сыртқы фактор, мемлекеттің 
жоспарлы саясаты әсер етіп отырды. Бұл толық жұмысбастылықтан, 
материалдық деңгейі төмен отбасыларына деген мемлекет тарапынан болған 
қамқорықтан, тегін орта және жоғары білім беруден көрінеді. Ал қазіргі 
кезде адамның білімнің, еңбектің түрін таңдау мүмкіндігі артты. Ал, еңбек 
нарығы тек қана білікті, қазіргі еңбектің түрін жете меңгерген, 
психологиялық жағынан мамандық талаптарына сай келетін, дені сау, 
адамгершілік және басқа да мамандық бойынша жұмыс істеу талаптарына 
сәйкес жеке қасиеттерге ие түлекті ғана жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл 
жерде студент жастардың кәсіби әлеуметтенуі кәсіби білім беру 
стандарттарының 
заман 
талабына 
қаншалықты 
дәрежеде 
жақындатылғанына, жоғары оқу орындарындағы өндірістік және 
педагогикалық практикалардың беретін нәтижелеріне байланысты. Бұл 
жерде жоғары оқу орындары мен өндірістік ұйымдардың тығыз байланысы 
кәсіби әлеуметтенуге өзінің тиімді нәтижесін береді.
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі сонымен қатар әлеуметтенудің қазіргі 
өзгерістерді қамти отырып жасалған әлеуметтік технологияларға да 
байланысты. Мысалы, кредиттік оқу жүйесіне көшу студенттен де, 
оқытушыдан да осы өзгерісті танып-білуді, қабылдауды және іске асыруды 
қажет етеді. Бұл жерде мемлекет тарапынан осы жүйені енгізудің 
студенттерге, оқытушыларға, менеджерлерге арналған технологияларын 
жасау бұл процестің енгізілуіне, осы процеске бейімделуге тиімді әсер етеді. 
Мысалы, кредиттік оқу жүйесіне байланысты оқу-әдістемелік кешенді жасау 
методикасы 
бойынша 
нұсқаулардың 
болуы, 
заңдық-құқықтық 
нормативтердің енгізілуі бұл бағыттағы әлеуметтену процесін жеңілдетеді.
Әлеуметтену процесіне ақпаратттық жүйедегі өзгерістер әсер етеді. 
Қазіргі заман ақпараттар заманы. Ақпаратты таратудың техникалық 
түрлерінің дамуы, БАҚ-ның ролі артуда. БАҚ адамның әлеуметтенуіне 


олардың өмірінің барлық кезеңінде әсер ететін бірден-бір күш. Ақпараттар 
жүйесі адамның танымын арттыра отырып, оның дүниетанымын, мотивтерін, 
мінез-құлық түрін қалыптастыруда белсенді роль атқарады. Сондықтан да 
ақпараттар таратудағы бостандық біржақты позитивті роль ғана атқарады 
деп айта алмаймыз. Зорлық-зомбылықты, соғысты, сексуалдық ашық 
көріністерді насихаттайтын фильмдер мен хабарлар балалардың және 
жастардың психикасына ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар олардың 
адам ретінде қалыптасуына, өмірлік ұстанымдарының өзгеруіне де әсер 
етеді. Адам өмірде де өзі ұнатқан, қажет ететін құбылыстардың, 
қатынастардың болғанын қалайды. Ол үшін өзі не істеді, мүмкіндіктері бар 
ма, әлде жоқ па, ол туралы әлі тұлға ретінде қалыптасу барысындағы жастар 
ойлана бермейді. Бұл жастарға тән максимализмнің әсері. Жастарға орта 
және кәсіби білім берумен қатар қоғамдағы болып жатқан процестерді 
әмбебап қабылдай алатындай, қоғамдық процестерге тез бейімделіп, 
араласып кетуге қабілетті болып шығуына қажетті қасиеттерді қалыптастыру 
керек. Жастардың әлеуметтік бейімделуі әртүрлі әлеуметтік институттардың 
бірлескен жұмыстарының көрінісі болып табылады. Жас маманның кәсіби 
бейімделуінің жемісті өтуі оның жұмыс орнына, жұмыстың мазмұнына 
қатынасына, ынтасына және мамандық пен кәсіби білімнің сәйкес келуіне 
байланысты. Бұл жерде ұйым басшысының, ұжым мүшелерінің жас маманды 
қабылдау деңгейі де бейімделу процесінің жылдамдығына әсер етеді. 
Сонымен қатар жас маманның жеке тұлғалық қасиеттері, яғни, ашықтығы
қатынасқа дайындығы, кәсіби біліктілігін көрсете білуі, ұжымдағы қарым-
қатынас нормаларын қабылдауға ұмтылуы не ұмтылмауы да бейімделудің 
сипатына әсер етеді. Ал, орта жастағы адамдар арасында инновациялық 
процестерге бейімделу деңгейі бірқалыпты дей алмаймыз. Жас 
ерекшеліктеріне қарай бұл топқа жататын жұмыскерлерге жаңа ақпараттар 
толқынын қабылдау, меңгеру біраз қиыншылықтар тудырады. Себебі, жаңа 
ақпарат адамның білімін қайта жетілдіруді, бұрынғы қадыптасқан кәсіби 
дағдылардан алыстап, жаңа дағдыларды меңгеруді, қажет болса басқа 
мамандық бойынша кәсіби білім алуды қажет етеді. Бұндай іс-әрекетке орта 
жастағы адамдардың көбі дайын деп айта алмаймыз. Сонымен қатар, 
денсаулық, отбасылық және басқа жеке тұлғалық жағдайлар да жаңа 
процестерге адамның бейімделуіне әсер етеді. Жаңа процестерге бейімделу 
адамнан материалдық, қаржылық шығынды да қажет етеді. Бай таптың 
өкілдері болмаса, орта, кедей топ өкілдерінің мамандықтың жаңа қырларын 
меңгеруге шығаратын қаржысы жетпейді. Бұл жерде мемлекеттің, өндірістік 
кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың бағдарламалары бойынша арнайы 
мамандықты жетілдіруге бөлінетін қаржылардың ролін баса көрсетуге 
болады.
Тұлғаның әлеуметтенуінің дәрежесіне әсер ететін фактордың бірі – 
тілдік бейімделу, адамның тілді меңгеру және қолдану деңгейі. Қазақстан 
қоғамының қазіргі даму кезеңінде тілдердің дамуының бірнеше бағыттары 
қалыптасып отыр. Біріншіден, мемлекеттік тіл статусына ие қазақ тілінің 
қолдану аясын кеңейту. Бұл бағытта қазақ тілінің мектеп, жоғары оқу орны 


көлемінде оқытылуы, іс-қағаздардың қазақ тілінде жазылуына біртіндеп 
көшу шаралары жүргізілуде. Бұл процесс тұлғаның әлеуметтенуіне де өзіндік 
әсер тигізуде. Қазақ тілінде сөйлей алмайтын қазақтардың қазақ тілін 
меңгеруге деген мотивтері өзгеруде. Біреулер, мансап не қызметтік 
қажеттіліктен, яғни, жұмыссыз қалмау үшін қазақ тілін меңгеруге ұмтылса, 
кейбірулерде, саналы ұмтылыс, патриоттық сезім болуы мүмкін. Үшінші бір 
топ, бұл процесті мүлдем қабылдамай, қарсы шығады. Осы жоғарыда 
көрсетілген үш топтың өкілдерінің тілдік әлеуметтену деңгейі әртүрлі. 
Сондықтан да тұлғаның әлеуметтенуі тек адам сол сыртқы өзгерістерді 
қабылдап, өзі жаңа процесті жасауға тікелей қатысқанда ғана жемісті 
болады. Адамның әлеуметтенуінің көрсеткіштерінің бірі – тұлғаның орыс 
тілін және шет тілін (ағылшын) меңгеру деңгейі. Қазақсанда тұратын 
халықтың басым бөлігі орыс тілін өз деңгейінде меңгерген. Орыс тілін 
білмейтіндер қатарына кейбір алыс ауыл тұрғындарын, оралмандардың 
басым бөлігін жатқызамыз. Орыс тілін білмеу аталған топ өкілдерінің 
әлеуметтенуіне, олардың қоғамдық процестерге бейімделуіне біраз 
қиындықтар тудырады. Себебі, біздің қоғамда ақпарат алу, қарым-
қатынастың барлық түрі орыс тілінде жүзеге асырылады. Сондықтан да 
оралмандарды тілдік бейімдеу курстары керек ақ. Олардың көпшілігі өз 
құжаттарын реттеу үшін аудармашы жалдауға мәжбүр. Ал, тіл 
білмегендіктен өзінің мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай, жоғары 
оқу орындарында, мектептерде білім алудың жоғары деңгейіне жете алмай 
жүргендер қаншама. Тілді жетік білмеу не тіпті түсінбеу қарым-қатынаста, 
адамның жетілу процесіне біраз кері әсерін тигізеді. Ағылшын тілін білмеу 
жастардың біліктілік деңгейінің жоғарылығына қарамастан, элитарлық білім 
алудағы, гранттық бағдарламаларға қатысудағы, шет елдерде белгілі 
болуына тосқауыл болады. Бұл да қоғамдағы адамдар арасындағы 
мүмкіндіктердің әртүрлілігіне алып келеді. Сондықтан да бізде ағылшын 
тілін жете білетіндерді, шетелдік білімі бар адамдарды қоғамнан озық 
тұрғандар ретінде қабылдаймыз. Аталған жағдай әлеуметтену барысындағы 
құндылықтардың әртүрлігіне де алып келеді. Шетелде білім алып келген жас 
мамандар өз біліктілігін, идеяларын қазақстандық қоғамда жүзеге асырғысы 
келеді. Бірақ, біздің қоғам бұл идеяларды қабылдауға материалдық және 
адамгершіліктік тұрғыдан да дайын емес. Шетелдік тәжірибелерді 
қазақстандық қоғамға бейімдеу механизмдерін енгізу адамдардың 
әлеуметтену процесінің қарқынына әсер етеді. Бұл жерде әлеуметтік 
технологияларды жасау жеке тұлғалардың әлеуметтену процесінің жеңіл 
өтуіне, жаңалықтарды қабылдау және оған бейімделу жолдарының тиімді 
болуына ықпал етеді.
Әлеуметтену процесі сонымен қатар тұлғаның өзінің даму 
ерекшеліктерінің де нәтижесі болып табылады. Адамның әлеуметтену 
ортасының сапасы оның белгілі тұлғалық сипатқа ие болуына алып келеді. 
Бұл жерде біз адамның туа біткен қасиеттерінің қоршаған ортаны қабылдау 
мен оған бейімделуіне бірден – бір әсер етуші фактор ретінде қараймыз. 
Адам 
ортаны 
өзінің 
көргені, 
қабылдауы, 
қызығушылықтарына, 


икемділіктеріне қарай әртүрлі қабылдайды. Табиғаттың сұлулығын әркім 
әртүрлі қабылдайды. Суретшінің сұлулықты сипаттауындай басқа адамдар 
сипаттай алмайды. Әртүрлі кәсіби топтардың болуы да осы осы жеке 
тұлғалық ерекшеліктердің, жеке қызығушылықтардың нәтижесі. Екінші 
жағынан алсақ, таңдаған мамандық адамның әлеуметтенуіне тікелей әсер 
ететін факторлардың бірі. Сондықтан да жоғары оқу орындарында кәсіби 
мінез-құлықты және жеке тұлғалық белгілерді қалыптастырудың әлеуметтік 
технологиялары жасалса, адамның жалпы әлеуметтену процесі жемісті өтеді 
деп айтуға болады. Қазіргі кезде қазақстандық қоғамда іскер адамдарды 
қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Сондықтан да іскер адамдарға тән 
белгілерді түлектердің бойында қалыптастыру маңызды міндет. Іскер адам 
кәсіби біліктілігі жоғары, психикалық тұрақты (стрестік жағдайларға 
төзімді), адамгершілік қасиеттерге ие, дені сау, креативтік тұрғыдан 
ойлайтын, белсенді, үнемі жаңалыққа ұмтылушы тұлға ретінде сипатталады. 
Қазіргі қоғамды әрі қарай дамытуды қолына алатын және болашақ 
өзгерістерді көре алатын белсенді, жаңалыққа ашық адамды қалыптастыруда 
қоғамдағы әлеуметтік институттардың ролі жоғары.
Қорыта айтқанда, қазіргі кездегі тұлғаның әлеуметтенуінің 
экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтену моделдерін зерттеудің өзектілігін 
көреміз. Әлеуметтенудің біртұтас моделі жоғарыда аталған моделдердің 
жиынтығы болып табылады. Әлеуметтенудің өзіндік және аймақтық, топтық 
түрлері Қазақстан қоғамында көрініс тауып отыр. Әлеуметтену моделдерін 
жасауда тұлғаның әлеуметтену ортасын, жекетұлғалық ерекшеліктерін, 
қоғамдағы алатын позициясын, атқаратын әлеуметттік ролдерін ескеру керек. 
Біз тек қана әлеуметтенудің нақты топқа, тұлғаға қатысты моделдерінің 
стандарттарын қалыптастырудың әлеуметтік технологияларын жасау арқылы 
ғана адамдардың әлеуметтік процестерге бейімделуін сәтті өткізуін 
қамьамасыз ете аламыз. Әлеуметтену тек қана қоғамдық институттардың 
қызметінің нәтижесі емес, ол адамның жеке тұлғалық қасиеттерінің, 
қызығушылықтарының, өзін сол топпен бірдей санау деңгейінің де көрінісі. 
Сондықтан да тұлғаның әлеуметтенуінің әржақты, күрделі, нәтижесі әртүрлі
процесс екенін ескеру керек.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет