мүшесі болған топ та және мүшесі болғысы келетін топ та референттік бола
алады. Референттік топты құрайтын адамдардың дербестелген бейнелері
“ішкі аудиторияны” құрайды, адам өзінің ойға алғандары мен іс-
әрекеттерінде соны бағытқа алады.
Шағын топтар теориясының айтарлықтай
маңызды бөлімі ондағы
серпімділік процестерін
зерделеу болып табылады. Бұл зерттеулер
микроәлеуметтану мен психологияда шағын топтардың өмір сүру және даму
заңдарын сипаттауды негізге алатын өзара әрекеттес және бірін-бірі
толықтыратын тұжырымдамалардан тұратын ерекше бағыт болып бөлінген.
“Топтық серпін” терминінің өзін ғылыми айналымға 1930 жылдары Курт
Левин енгізген. Негізгі теориялық қағидалардың бірі топтық қызметтің
жүйелілік сипатын атап өтуден тұрады: тұтас алынған топ оған кіретін жеке
адамдардың
жай қосындысы емес, одан артық. Сонымен қатар, шағын
топтарда жүретін құбылыстар мен процестерді сипаттайтын заңдар одан да
ірі әлеуметтік бірліктердің серпінін сипаттауға қолданылуы мүмкін.
Топтық серпін теориясының дамуына американдық (тегі - румын)
әлеуметтік психолог Джейкоб Морено маңызды үлес қосқан. Ол шағын
топты зерттеудегі екі маңызды бағыттың:
әлеуметтік драманың
(немесе
психодраманың) және
әлеуметтік метрияның
негізін
қалаушы ретінде
танымал. Әлеуметтік метрия - эмоционалдық және тұлғааралық өзара
әрекеттестіктердің біртұтас “топтық өрісін” құрайтын топ мүшелерінің
арасындағы байланыстарды айқындау және сандық өлшеу әдістерінің
жүйесі.
Кез келген шағын топта оның туғанынан өлгеніне дейін жүретін серпінді
процестерді қысқаша тізбектеп шығуға тырысар болсақ, онда мынадай
негізгі құбылыстарды түйіндеуге болады:
топтық ықпалдасу - топ мүшелерінің бір-біріне лайықтанып,
бейімделуі негізінде топтардың біртұтас нәрсеге айналуы;
құрылымдалу - көшбасшылар мен басқа да
мәртебелік позицияларды
бөліп және тиісінше сол мәртебелерге сәйкес рөлдер суретін жасай отырып
ішкі құрылымның жасақталуы.
Берілген топқа тән
нормалар мен құндылықтар жүйесі
қатар дамиды; кей
кезде бұл бірлескен іс-әрекеттерде, уақытты бірге өткізетін кезде қатар
болатын ерекше жоралғылар жасаумен қатар жүреді. Бұл нормалар мен
құндылықтарды сақтау үшін топ мүшелеріне
топтық қысым
жасалады. Ол
оң және теріс әр түрлі
топтық санкциялардың
көмегімен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік топтарды жіктеу топтарды шағын және үлкен, бастауыш және
екінші деп бөлуді ғана көрсетпейді. Қоғамдық
топтардың әлеуметтік
жағдайлары бойынша өзгешелігі бейнеленетін қоғамның әлеуметтік
құрылымының сипаттамасы тұрғысынан әлеуметтік-таптық қауымдастықтар
(таптар, қабаттар); әлеуметтік-демографиялық қауымдастықтар (еркектер,
әйелдер,
балалар,
ата-аналар
және
т.б.);
этникалық
әлеуметтік
қауымдастықтар (ұлттар, ұлыстар, тайпалар, ұлттық және этнографиялық
топтар); әлеуметтік-аумақтық топтар (қала, ауыл, аймақ); әлеуметтік-кәсіптік
қауымдастықтар және т.б. сияқты әлеуметтік топтарды бөліп қарау ерекше
маңызды.
Бұл жерде біз қоғамның әлеуметтік құрылымының күрделі екенін, бірнеше
шағын
құрылымдарға
жіктелетінін
ескеруіміз
керек.
Әлеуметтік
құрылымның мынадай түрлері бар:
қоғамның таптық
құрылымы;
қоғамның стратификациялық құрылымы.
қоғамның ұлттық құрылымы;
қоғамның кәсіби құрылымы;
қоғамның демографиялық құрылымы;
қоғамның территориялық не аймақтық құрылымы.
Достарыңызбен бөлісу: