Садырова М. С


Т. Парсонстың стратификация теориясы



Pdf көрінісі
бет44/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
Байланысты:
annotation15100

Т. Парсонстың стратификация теориясы 
Т. Парсонс, американдық социолог, П. Сорокиннің шәкірті. Ол
 
“Әлеуметтік стратификация теориясына талдамалы көзқарас” атты еңбегінде 
қоғам туралы функционалдық ұғымды теориялық тұрғыдан негіздей 
бастайды. Қоғамның стратификациялық жүйесі, бір жағынан, еңбек 
бөлінісіне және әр түрлі топтардың әлеуметтік жіктелуіне негізделген болса, 
екінші жағынан, ол қандай да бір қызметтің мәнін анықтайтын және 
марапаттар мен ынталандыруларды бірдей бөлмеуден пайда болатын 
қалыптасқан әлеуметтік теңсіздіктерді заңдастыратын қоғамдағы басым 
құндылықтар мен мәдени стандарттар жүйесінің іс-әрекетінің нәтижесі. 
Т.Парсонс 
өзінің 
әлеуметтік 
әрекет 
теориясында 
әлеуметтік 
стратификацияның әмбебап белгілерін ұсынған: 
– “Сапа”, яғни жеке адамға белгілі бір сипаттаманы, позицияны таңу;
– “Атқару”, яғни жеке адамның қызметін басқа адамдардың қызметімен 
салыстыра отырып бағалау; 
– Материалдық құндылықтарға, талантқа, шеберлікке, мәдени 
ресурстарға және т.б. “ие болу”. Бұл ретте Т.Парсонс осы үш әмбебап 
объектілерді бағалаудың қоғамдағы үстемдік етуші құндылықтар үлгісіне 
сәйкес жүзеге асырылатындығын атап көрсеткен. 
Т. Парсонстың теориясы бойынша адам тарихында үш типтік
қоғамдар болған екен. Бірінші қоғамды ол қарапайым /императивтік/, 
екінші қоғамды өтпелі /аралық/, үшінші, қоғамды қазіргі қоғам деп атаған.
Алғашқы қарапайым қоғамда әлеуметтік топтарға бөліну,
дифференциялық процесс өте бәсең, жоққа жақын. Сондықтан да бұл


қоғамда әлеуметтік стратификация төменгі дәрежеде өтеді. Ал аралық деп 
аталатын қоғамда әлеуметтік стратификация көлемді орын алады. Қазіргі
қоғам - өте терең стартификацияланған қоғам. Бұл нарықтық қоғам, бұл
қоғамда көптеген страталар бар, оның арасындағы экономикалық, саяси,
кәсіби стратификациялар маңызды рөл атқарады. Адамдарды страталарға,
топтарға бөлетін белгілерді Т. Парсонс үшке бөледі. Бірінші топқа
жататын белгілер: адамның өзіне байланысты емес белгілер, адам осы
белгілермен дүниеге келеді, олар табиғи белгілер. Мысалы, адамдардың 
жасы, жынысы, ұлты, туыстық т.б. жақтары. Екінші топқа жататын
белгілер адамның өзіне байланысты. Ол адамдардың кәсібі, мамандығы
бойынша бөлінеді. Мысалы, инженер, дәрігер, оқытушы, артист,
бизнесмен, т.б. мамандықтар бойынша адамдар топтарға бөлінеді.
Осындай бөлінуді П. Сорокин және оның шәкірті Т. Парсонс кәсіби
стратификация 
деп 
аталған. 
Страталарға 
бөлудің 
белгілерінің,
көрсеткіштерінің үшінші тобы меншік, материалдық және рухани 
құндылықтар, әлеуметтік тәртіп, ерекше құқық, т. б. Бұл жерде Т. 
Парсонс критерилердің арасын аса көп нақтылай қарамайды. Т. 
Парсонстың бұл мәселелер туралы көзқарастары оның «Система
современных обществ» деген кітабында /орыс тілінде Мәскеуде 1998 
шыққын/ кеңінен қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет