Садырова М. С


Бернард Барбердің стратификация теориясы



Pdf көрінісі
бет45/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72
Байланысты:
annotation15100

Бернард Барбердің стратификация теориясы
Бернард Барбер мәселені ежелгі дүниеден біздің заманымызға дейінгі 
тарихи 
тұрғыдан 
қарай 
отырып, 
батыс 
қоғамы 
әлеуметтік 
стратификациясының әр түрлі алты өлшемін бөліп қараған:
1. Кәсіп рөлі. Отағасы - барлық қоғамда да өзінің азды-көпті толық 
жұмыс 
уақытын 
арнайтын 
“өндіруші” 
рөлде 
қоғамға 
қосатын 
функционалдық үлесі тұрғысынан жіктеліп бағаланып келген. Осы сияқты 
рөлдер әрқашан олардың функционалдық үлесінің шамасы бойынша әр түрлі 
болады және тиісінше сараланып бағаланады, яғни әр түрлі беделге ие 
болады. 
2. Билік пен күш-қуат деңгейі бойынша дәрежелеу. Билікті әлеуметтік 
жүйелерде мақсатқа жетудің заңды қабілеті деп, ал күш-қуатты оның заңсыз 
ұқсастығы деп анықтауға болады. Кез келген қоғамда кейбір рөлдер басқа 
рөлдерге қарағанда үлкен билік пен күш-қуатты қамтиды, нәтижесінде 
олардың құрылымдары осы өлшем бойынша стратификацияланады. 
3. Кіріс немесе байлық. Қоғамдағы әр түрлі кәсіптік рөлдердің пайда табу 
мен байлық жинауға қабілеттері әр түрлі болады, отбасылық байланыстарға 
орай мұраға ие болу жолымен байлыққа ие болу мүмкіншіліктері де дәл 
осындай әр түрлі. Бұрын да, қазір де ақша бірқатар икемділік процестерінде 
үлкен орын алады. Бұл ретте М.Вебердің ізін ала Б.Барбер беделдің, биліктің 
және табыстың арасында сәйкессіздік болуы мүмкін екендігін айтады. Кейбір 
рөлдер (мысалы, Рим Папасы) жоғары бедел мен билікке ие, ал табысы - 
төмен, немесе, керісінше, әлеуметтік беделі онша жоғары емес. Бұл орайда 
табыс әрқашан да одан әрі дамудың және ақшамен жоғары бағаланатын 


рөлдерге қол жеткізу (мысалы, білімді, атақты сатып алу, неғұрлым жоғары 
саналатын әлеуметтік топтың өкіліне үйлену және т.б.) құралы болған. 
4. Білім беру немесе білім алу. Адамдардың қоғамда оқу-білімге және 
білім алуға әрқашан қолдары бірдей жете бермейді, мұның олардың өздеріне 
туғаннан берілген әр түрлі рөлдерін атқаруы үшін ғана емес, бір рөлден 
екінші рөлге өту мүмкіншілігі үшін де маңызы зор. 
5. Діни немесе салттық тазалық. Қандай да бір қоғамдағы үстемдік ететін 
функционалдық маңызды діни идеялар санатына адамдар азды-көпті 
дәрежеде жоғары бағаланатын діни немесе салттық тазалыққа ие болуы 
мүмкін. 
6. Туыстық және этникалық топтар бойынша дәрежелеу. Туыстық және 
этникалық топтар барлық қоғам үшін және өздері өмір сүретін жергілікті 
қауымдастықтардағы өздерінің функцияларын қалай орындайтындықтары 
тұрғысында әр түрлі, атап айтқанда олардың кәсіптік беделінен, билік пен 
күш-қуаты дәрежесінен, табысы мен байлығы деңгейінен бөлек туыстық 
және этникалық топтар ретінде бағаланады. 
Б.Барбер икемділікке қатысты қоғамда үстемдік ететін институцияланған 
нормалар жоғарыда тізбеленген алты мағынада стратификациялық 
құрылымның өздігінен тәуелсіз өлшемі бола алмайтындықтан, осы қоғамда 
жасалып жатқан икемділіктің көлемі мен дәрежесіне маңызды тәуелсіз ықпал 
ете алмады деп есептейді. 
Б.Барбер теориясы әлеуметтік стратификацияны геометриялық фигуралар 
терминімен сипаттайды, бұл әлеуметтік икемділіктің өтіп жатқан 
процестерін көзге елестетуге және әлеуметтік стратификацияның қазіргі 
заманғы батыстық жүйесін түсінікті баяндауға мүмкіндік береді.
Иерархия факторын қарастырғанда стратификациялық дәрежелерді 
бөлген кезде пайда болатын негізгі екі фигура, Б.Барбердің ойынша, 
пирамида мен ромб болып табылады. Бұл екі фигура әрқашан төбесіне 
жақын дәрежелерді иеленетін азшылықтың - “элита” немесе “элиталар 
жиынтығы” болатынын көрсетеді, бұл төбені Б.Барбер осылай атайды. 
Пирамидалық фигурада, бұдан басқа, салыстырмалы түрде аздаған адамдар 
орта дәрежені иеленеді, ал бұқара халық төменгі дәрежеде болады. Мұның 
керісінше ромб тәріздес фигура адамдардың төменгі дәрежеге қарағанда орта 
дәрежеде бірдей мөлшерде көп шоғырлануымен сипатталады, әйтсе де 
фигураның төменгі бөлігін өткірлей түсу үшін едәуір адамдар қалып қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет