Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет53/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72
Байланысты:
annotation15100

Кедейліктік түрлері. 
Ғылыми әдебиетте кедейліктің келесі түрлері бөлініп көрсетіледі: 
абсолюттік, салыстырмалы, қайыршылық, депривация, қуып жетуші 
кедейлік.
Абсолюттік кедейлік индивидтің өзінің табысымен тамаққа, баспанаға
киімге, жылуға деген негізгі сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіздігін, 
болмаса тек қана биологиялық өмір сүруін қамтамасыз ететін минималдық 
сұраныстарын ғана қанағаттандыруға мүмкіндігі бар екенін сипаттайды. 
Абсолюттік кедейліктің сандық көрсеткіші кедейлік табалдырығы болып 
есептеледі. Абсолюттік кедейлік бірінші кезектегі кедейлікке жатады. 
Ұлыбританиядағы кедейлікті алғашқы зерттеушілері Бут пен Раунтри 
кедейліктің осы түрінің көп кездесетітін атап көрсеткен.
Салыстырмалы кедейлік адамның басқа адамдармен салыстырғандағы 
қаншалықты кедей екенін зерттейді. Бұл жерде салыстырмалы кедейлік 
индивидтің қоғамдағы кедей табына жатпайтын басқа таптар мен топтар 
иеленіп отырған байлық пен молшылыққа қарағандағы кедейлік деңгейін 
көрсетеді. Бұл сипаттаманың негізі бір әлеуметтік стратаны екінші 
әлеуметтік стратамен салыстыру. Сонымен қатар кедейліктің бұл түрі 
адамның нақты бір өмір сүру стандартына қарағандағы кедейлік деңгейін де 
көрсетеді. Салыстырмалы кедейлік бұл адамның өзінің материалдық және 
әлеуметтік жағдайын және мүмкіндіктерін субъективтік бағалауы, көруі. 
Яғни, салыстырмалы кедейлік қоғамдағы барлық топтардың өмір сүру 
деңгейі көтерілген жағдайда да сақталып қалады. Кедейліктің бұл түрі 
адамның табиғи сұраныстарымен ғана емес, сонымен қатар қоғамның 
болашақта күтетін нормаларымен және күтулерімен байланыстырады.
Дүние жүзінің әртүрлі елдеріндегі кедейліктің сипатттамасы әртүрлі. 
Дамыған елдердегі кедейлер – осы елдердегі нормаларға, стандарттарға және 
өмір сүру жағдайларына қатысты кедейлер. Кедейліктің бұл елдердегі 


деңгейі осы елдердің өмір сүру жағдайларына қатысты өлшенеді. Бұл 
кедейліктің салыстырмалы түрі.
Салыстырмалы кедейлік
 
– нақты қоғамдағы не елдегі қабылданған өмір 
сүру стандартын не қалыпты өмір сүру деңгейін сақтап тұрудың мүмкін 
болмауы. Американдық кедейлер солардың өмір сүру нормаларына қатысты 
алғанда шынымен де кедей тапқа жатады. Ал, дамушы не дамуы төмен 
елдерде американдық қоғамның кедейлер деп аталатын бұл топтары кедей 
болмай шығады. Бірақ, американдық болсын, африкандық болсын 
әрқайсысы өзінше кедей. Қай елде де тұрғындардың көпшіліші қолдайтын 
кедейлік туралы құндылықтардың, көзқарастардың, баға берулердің 
жиынтығы бар. Мысалы, кедейліктің табалдырығы АҚШ-та жылына 100000 
долларды құраса, Бангладеште жылдық орташа табыс 120 доллардан
Бутанда 100 доллардан, Гаитиде 330 доллардан, Малиде 130 доллардан 
аспайды. Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Өзбекстандағы жылдық орташа 
табыс деңгейі осы көрсеткіштерге жақын.
Қамтамасыз етілмеу
 
ретінде элементарлық физиологиялық және 
әлеуметтік қажеттердің қанағаттандырылуы, бірақ, жоғары деңгейдегі 
қажеттіліктердің орындалмауы жағдайындағы өмір сүру деңгейін есептейді.
Адамдар тамаққа деген қажеттіліктерін салыстырмалы түрде толық 
қанағаттандырады. Дегенмен, олардың тамақ рационын толық дәрігерлік 
нормаларға сай келеді деп айта алмаймыз. Олар өз деңгейінде болмаса да, 
демалуға да, киінуге де, емделуге де көңіл бөле алады. Бірақ, бұл 
қажеттіліктің бәрі өте төмен деңгейде өтеледі.
Кедейліктің төменгі түрі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет