Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет50/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72
Байланысты:
annotation15100

Жоғарғы орта тап
мамандар мен меншік иесінен тұрады, олар жоғары 
таптан шыққандармен салыстырғанда аз материалдық жетістікке ие, бірақ 
олар қаланың қоғамдық өмірінде белсенді түрде қатысады және жақсы 
қолайлы аудандарда тұрады. 
 


Төменгі орта тап
білікті жұмысшылар мен төмен қызмет атқарушылар 
құрайды.
Л.Уорнер өзінің таптар туралы пікір қалыптастырғанда, жарты 
ғасырдай уақыт өтті. Ол бүгінгі таңда бір топпен толықтырылды.
Орташа орта тап
дамыған индустриалдық қоғам жақсы төленетін 
қызметкерлерді, орташа төленетін мамандарды, бір сөзбен айтқанда 
интеллигент адамдарды айтады, олар оқытушылар, мұғалімдер орта таптың 
менеджерлері.
Фин әлеуметтанушысы М.Кивинена қазіргі батыстық қоғамның орта 
тап құрылымын былайша көрсетеді: ядро және маргиналды топ – периферия 
деп. Орта таптың ядросы өзіне мәдениет, ғылым, идеология саласында 
сарапшы – кеңесшілерді қосып алады, олар басқару қызметтерін 
орындамайды. Орта таптың маргиналдық тобына денсаулық сақтау, білім 
және әлеуметтік қамтамассыз ету, ірі мекемелердің әкімшілік тұлалары, 
конторда жұмыс істейтіндер, орта кәсіпорынның иелері кіреді.
Кеңес одағындағы орта тап туралы бірінші ойлар қайта құру уақытына 
жатады, саяси құрылыстың демократиясы және демократиялық қайта 
құрудың қорғанысы ретінде көрініс табады. А.Кустыревтің пікірінше, орта 
тап – кеңестік қоғамның тіршілігі. Орта тап туралы көрсеткіштер, құрамы, 
мөлшері туралы сұрақта отандық мамандардың біріңғай көзқарасы болмаған. 
әртүрлі көзқарастар айтылды. Сонымен, Е.Стариков индикатор ретінде түсім 
деңгейін, тұрғын үйді, жеңіл автокөлікті және үй тұрмыстық техниканың 
толық жинағын қолданды. 1989 жылы КСРО-да мұндай ададмдар барлық 
халықтың 13,2% есептелген. А.Зайчеиконың пікірінше қамтамассыз етілген 
адамдар тобына кімде жеке автокөлігі бар, солардың бәрін жатқызған, яғни 
отбасының 11,2%. Н.Наумовтың бағалауы бойынша орта тап халықтың 20-
30% құрады. Сонымен бірге басқа да көзқарастар жүзеге асты. 
Қазіргі таңда әлеуметтануға әдістемелік қадамдар орта тапты зерттеуде 
екі топқа бөліп қарастыруға болады: нормативтік және релятивистік қадам. 
Екі қадам туралы, олардың рөлін, құрамын, ерекшеліктерін түсіндіруде 
Ресейде көбінесе Н.Е.Тихонова көрсеткен: «толығымен осы мәселеге екі 
қадам әрекет еткен». Біреуі батыстық әдет-ғұрыпқа сәйкес, орта тапты 
белгілі бір мүліктік стандарттық жүйелер арқылы қарастырған және оның 
бағасы шамамен барлық халықтың 15% бұл барлық адамдар сияқты өмір 
сүру. Сонда оның саны шамамен 60% құрады.
Нормативтік қадамның мәні барлық қоғам үшін әмбебап, идеалды 
үлгісін құрады, дамыған батыстық қоғамның үлгісі бойынша қалыптасқан 
орта таптың үлгісі, ғалымдар оны кез-келген басқа қоғамға жабыстырады 
және оның параметрлерін бағалайды.
Нормативтік қадамды жақтаушылар этолон ретінде немесе нормативтік 
үлгі ретінде, орта тапты анықтау үшін ватыстық қоғамды алды. Кәсіби 
қабатты жариялап, нарықтық қоғамда орта таптық құраушылар дамыған 
капиталистың жүйе түріне жақызуға болмайтындығын түсіндірді, және 
өзінің сипаттамалары бойынша батыстық елдің орта табына жақын. 


Егер де нормативтік қадам бойынша жүрсек, ол 2 млн. жылдай уақыт 
бойы ешқандай да орта тап болмаған, ол тек ХХ ғасырда пайда болған, яғни 
батыстық елдердің индустриалды қоғамда өтуі. Осы көз қарастар мықты 
теориялық негіздерге ие. Орта тапты әлеуметтік құбылыс ретінде сәкесінше 
келеді. Алайда орта таптың ролі туралы, өздерінің стратификация теориясын 
Платон мен Аристотель құрды. Антикалық кезеңде орта тап болған ба, 
болмаған ба?
Релятивизмдік қадамның мәні әрбір қоғам түрлері үшін, сонымен бірге 
әрбір тарихи кезеңдер үшін орта таптың өзіндік үлгісі құрылады. Осы бекіту 
үшін капиталистік қоғамдағы орта таптың кәсіби сипаттамасы, осы таптың 
кез-келген қоғамдағы ролінен шығады. Сол себептен де негіз ретінде саны 
жағынан емес, сапасы жағынан сипаттамаға иелер алынады, ең алдымен 
сипаты және еңбектің мазмұны, өмір салауаты, кез-келген қоғамдағы орта 
таптың басты ролі. Орта таптың нарықтық типі – бұл жинақталған үлгісі: 
Батыс елдері барлық уақытта нарықтық қоғам болған, осы жерде ондаған 
миллион фермерлер, инжинерлер, менеджерлер болған, олар орта тапқа 
жатты. Ресейде ешқашан да дамыған нарықтық шаруашылық болмаған. 
Нарықтық орта тап Л.А.Беляеваның пікірінше жақсы қалыптасады, 
экономика жоғары технологиялық өндірістің сүйемелімен дамиды. Соңғы 
ауысуымен үшінші әлемнің ел санатына өтуі әлеуметтік мәртебені көтеру 
үмітімен және орта таптық әлеуметтік күшін ккөбейту қолға алынды.
Нормативтік және релятивистік қадамдарды біріктіру орта тап 
динамикасын түсіндіруге көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет