Макс Хоркхаймер, Теодор Адорно, Герберт Маркузе, Роберт Блонер, Гарри
Брейверман, Раймон Арон. Индустриалдық қоғамға жан жақты сипаттама
беріле отырып, аталған қоғамдағы индустриалдық еңбектің ерекшелігі мен
жұмысшы табының рөліне, дамыған индустриалдық қоғамның даму
мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Қазіргі заманғы социологиялық теориялардың қалыптасуының
үшінші
кезеңі
XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басын қамтиды. Бұл кезеңдегі
әлемдік деңгейдегі қоғам өмірінде болған әлеуметтік өзгерістер мен өтулер
жаңа социологиялық теориялардың қалыптасуына серпін болды. Бұл
кезеңдегі басты ілімдер постиндустриалдық қоғам, ақпараттық қоғам,
постмодернизм, жаһандану теориялары. Индустриалдық қоғам теориясын
дамытушылар Дэниел Белл мен Ален Турен. Ақпараттық қоғам теориясын
дамытушылар Олвин Тоффлер, Франко Ферраротти. Ақпараттық қоғам
теориялары өндіріс, еңбек және коммуникацияның жаңа қырларын зерттеуді
ұсынады. Постмодерндық социология мәдениет саласын және жеке адамның
бойындағы
қайта
құруларды
зерттейді.
Бұл теорияларда тәуекел қазіргі қоғамның іргелі және жүйелі сапасы ретінде
қарастырылады. Ақпараттық қоғам теориялары жаңа нақтылықтарды
сипаттай отырып өндіріс, еңбек және коммуникация салаларын басым
зерттеуді ұсынады. Пост модернистік теория мәдениет саласын және жеке
тұлғаның бойында болып жатқан өзгерістерді зерттейді. Тәуекел бұл
теорияларда қазіргі қоғамдарға тән іргелі және жүйелі сипаттама ретінде
қарастырылады. Сонымен қатар бұл теориялардың бәрі қазіргі қоғам мен
бұрынғы қоғам типтері арасындағы сабақтастықтың жоқ екеніне, тарихи
жинақталған мазмұнды толық жоққа шығарылуына баса назар аударады. ХХ
ғасырдың аяғындағы постмодерниз және жаһандану теорияларының
кейбіреуі әлеуметтік өмір туралы және оңың өмір сүру тәсілдері туралы
іргелі мәселелерді алға қояды. Әлеуметтік тәртіп пен әлеуметтік әрекеттің
іргелі негіздері туралы сұрақтар туындады. Қазіргі заманның
әлеуметтанулық теорияларын жасау тек соңғы үш онжылдықтағы дамыған
процестерді ғана емес ХІХ ғасыр мен ХХІ ғасырға дейінгі болған өзгерістерді
ескергенде ғана мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: